Жексенбі, 20 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107262. Жазылғандар — 101877. Қайтыс болғандар — 1671
Жаңалықтар 8682 0 пікір 2 Тамыз, 2013 сағат 06:51

Дәстүрлі, халық және шығыс-тибет медицинасын меңгерген - Бахар дәрігер

                    
Жақсы дәрігер жаныңызды да, тәніңізді де сауықтырып, бойыңызға рухани күш тарту етеді. Осындай білімі мен біліктілігі артқан, адамгершілігі мен кішіпейілділігі  жарасқан  ақ халатты абзал жанның бірі - Қытай елінен Атамекеніне келген Әукен Бахар Әукенқызы. Ол өзінің озық  білімі мен сан жылдық тәжірибесін ұштастырып, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін емдеп жазып халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.  

                    
Жақсы дәрігер жаныңызды да, тәніңізді де сауықтырып, бойыңызға рухани күш тарту етеді. Осындай білімі мен біліктілігі артқан, адамгершілігі мен кішіпейілділігі  жарасқан  ақ халатты абзал жанның бірі - Қытай елінен Атамекеніне келген Әукен Бахар Әукенқызы. Ол өзінің озық  білімі мен сан жылдық тәжірибесін ұштастырып, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін емдеп жазып халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.  
        Адам баласы «басы ауырып, балтыры сыздағанда», адам жанының арашасы - дәрігер іздейді. Мұндайда жаныңа - дауа, дертіңе - шипа беріп, ауруыңды асқындырмай, ем дарыта білетін Бахар Әукенқызындай ақ халатты абзал жанды табу оңай емес. Классикалық және ықылым заманнан келе жатқан қазақ халық емін, 5 мың жылдық тарихы бар Шығыс-Тибет сынды сан салалы медицинаны меңгерген  Бахар адамның биологиялық жаратылысы мен анатомиясын жетік біледі.  Бахар Әукенқызы сырқат адамның жаны мен тәнін бөліп-жармай бірге емдеу қажеттігін айтады. Бұл да бір медициналық тәсілдің озықтығы болар. Ол әйел жатырындағы түтікшелердің әртүрлі себептерден жабылып қалуын, алғашқы, орта кезеңдегі жатыр мойынының жарасын, қабынып-ісінуін, жатыр сүйелін, миома мен кистаны және жұқпалы ауруларды емдеп жазу арқылы  нәресте көтере алмай зар болып жүрген жүздеген қыз-келіншекті дертінен айықтырып, ана болу бақытына кеңелтті. Медицинада Бахар Әукенқызындай  баланы да, ересектерді де қатар емдейтін дәрігерлер сирек. Адамның биологиялық жаратылысын, генетикалық мүмкіндігін, физиологиялық құрылымын терең білетін дәрігер адам ағзасындағы үйлесімділікті арттырып, үйлеспеушілікті жою арқылы талай науқасты сауықтырып, өмірін ұзартуға себепкер болды.
        Атамекені Қазақстанға Қытайдың Құлжа қаласынан көшіп келген  Бахар Әукенқызы медицина саласында 11 жыл қажырлы еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған жан. Осы уақыттардың ішінде суық тиген,  жөтелген, ангинаға шалдыққан, бронхитпен ауырған, ішкі бас қысымынан зардап шеккен, (внутричерепное давления) және тағы басқа созылмалы балалар аурын емдеуде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізді. Бахар бойындағы ата-баба қанымен дарыған тамыр ұстау арқылы дертті анықтау әдісін  Шығыс-Тибет медицинасы арқылы жақсы жетілдірген. Оның қойған диагноздарын заманауи медициналық аппараттар дәлме-дәл көрсетіп береді. Бахар     Шыңжан медицина университетінде дәстүрлі медицинаны бітіргендіктен соңғы жетістіктегі өзіне қажетті медициналық құрал жабдықтармен жұмыс жасауды да үйренген. Адам емдеуде Бахардың тағы бір тамаша тәсілі – арасан деп аталады. Яғни, ағаштан жасалған арнайы тегештерге қажетті шөп дәрілер салып, ыстық судың буы арқылы емдейді. Бұл әдісті Бахар көбіне цистит, простатит сынды аурулармен қатар ұсақ буын ревматизмдерге қолданады. Бахардың медицина саласын таңдауы кездейсоқтық емес. Оның нағашы апасы өз өмірін халық емшілігіне арнап, адам емдеп, қажет болса,  бала тудырған, анасы Сағатхан Нылқы аудандық медициналық ауруханасында акушер-гинеколог болып қызмет атқарды. Атам қазақтың «Ат тұяғын тай басар» дегеніндей бала кезден ақ халатқа қызығып, дәрігерлік кәсібіне ықыласы ауып үлкен арман қуған Бахар мамандық таңдауда еш қателеспеді. Қаншама науқасты емдеп-жазып ыстық ықыласқа бөленді. Кішкентайынан ізденімпаз Бахар адамды ем-дом жасауда медицинаның барлық түрін пайдаланып, тәжірбиесінен өткізді. Шығыс-Тибет медицинасы мен халық емін ұштастырып,  фитотерапия яғни, дәрілік өсімдіктер қолданып, күрделі ауруларды емдеп жазуға ине салуды құп көрді. Шөп дәрігердің қасиетін білетін Бахардың айтуынша, көне заманның өзінде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша  шипалық өсімдіктер ретінде қолданылған.  Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамынан емдік - эфидрин заты табылған. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұрын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.  Халық медицинасында атақты женьшень өсімдігіне теңдесетін   өсімдік жоқтың қасы. Оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді. Халық медицинасының қаситетін танып-білген Бахар өт, бауыр, бүйрек ауруларын емдеуде осы шөп дәрілерді кеңінен қолданады. «Өт, бүйректегі тас, құм байлауларды да асқындырмай осы жолмен емдеген абазал»,- дейді Бахар өз сөзінде.   
        Ал 5 мың жылдық тарихы бар Қытай медицинасындағы ине шаншып емдеуді Бахар қытайлардың өздерінен кем білмейді. Ол адам денесіндегі «Ғажайып арналар» деп аталатын 12 жұп арна  жүйесiнiң адам емдеуде  құрылысы мен функционалды  маңызын жетік меңгерген. Бұл әдістегі 700 ем нүктесімен  еркін жұмыс жасайды. Оның айтуынша, бұл емдеу дәстүрі бойынша жазылмайтын аурулар  кемде кем.
           Қазақ халық медицинасынан сусындап, дәстүрлі медицинада білімін жетілдірген, Шығыс-Тибет медицинасын меңгерген Бахар Әукенқызының негізгі емдейтін аурулары: адам денесіндегі созылмалы жарақаттар, ревматизм, радикулит, паралич, полиартрит,  киста, белсіздік, бала жатыр мен аналық бездің қабынуы, хламидиоз, трихомониаз, ұшық, аденома, простатит, аллергия, псориаз, витилиго, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы және төмендеуі, холецистит; ісіктер , өспелер, ұйқысыздық жүйке аурулары, асқазан, өт ішек, дәрет жол қабынуы, шыжың (энурез), бүйрек, өт қабынуына және ондағы тасты сыртқа шығаруға арнайы тибеттің шөп дәрілерімен емдейді.

           Алдына келген сандаған науқасқа шипа дарытып, мыңдаған адамның өмірін сақтап, тіршілікке қайтарған ақ халаты, ақ ниетті Бахар Әукенқызы  халқына мінсіз қызмет етіп, Гиппократ антына адалдығын көрсетіп келеді.

            
Қазақстан гомеопатиялық
медицина орталығы
Алматы қаласы
Сейфуллин даңғылы 236 үй
Рыскұлов көшесімен қиылысы
Тел: 397-37-78; 397-34-50
8 702 827 70 08

Abai.kz

0 пікір