Сәрсенбі, 29 Қараша 2023
674 0 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 17:34

Министр: «Қант тапшылығы болмайды»

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі қант тапшылығы туралы ақпаратқа пікір білдірді. 

«Жыл басынан бері қант бағасының 11%-ға төмендегенін байқап отырмыз. Қант тапшылығы жоқ және болмайды. Әрине, былтыр бұл төңіректе мәселе туындады. Осыған байланысты қант зауыттарын қолдау бағдарламасы қабылданды. Бүгінде 4 зауыт 70 мың тоннаға жуық қант өндірді. Қазақстанға Ресейден қант әкелініп жатыр. Сондықтан жалпы нарықтағы жағдай теңдестірілген. Қанттың қымбаттауына негіз жоқ», - деп жауап қатты Арман Шаққалиев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Қоса кетсек, осы брифингіде сөз алған Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков кейбір өңірлердегі кәсіпкерлер бидайды қымбат бағамен сатып жатқанын айтты. Оның дерегіне сай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі астық құнын негізсіз көтергендерге тергеу жүргізеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі демократия негіздері

Досым Омаров 993
Ғибырат

Тараздың Құрметті азаматы

Нұрлан Мәлікұлы 1352
Жазылған жайдың жалғасы...

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Ауыт Мұқибек 2248