Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3379 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 10:47

ШҚО-ның бірнеше аудандарында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарында өткен ШҚО Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында денсаулық сақтау, ТҮКШ, бірінші қажеттіліктегі азық – түлік пен тауар бағасының өсуі және азаматтық бастаманы дамыту мәселелері қарастырылды.

ШҚО талдау және болжау институтының директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» ХДП сайлау алды платформасының ШҚО азаматтық қоғам институттарын дамыту бағыты жөніндегі партиялық кураторы Олег Чернышов атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз  бағдарламалық құжаттарында атқарушы және өкілетті билік үшін Консультациялық кеңес құру тапсырмасын берген. 

- Өткен жылдан бастап аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасының негізінде аудандарда Қоғамдық кеңес құрыла бастады, - дейді ол.

Бұл ретте О.В Чернышов үкіметтік емес ұйымдары белсенді қызмет ететін аудандардағы Қоғамдық кеңестің қызметі сәтті жүріп жатқандығын айта кетті. Ол Қоғамдық кеңестің аудандарда өткен көшпелі отырысының аясында байқалған

- Мысалға, Зайсан және Күршім аудандарындағы үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық ұстанымдары нашар болғандықтан, олар өздерінің, әрі атқарушы биліктің қызметіне елеулі әсер етіп отыр. Тарбағатай ауданында белсенді жұмыс істейтін 11 үкіметтік емес ұйымдардың қызметі тұрғындардың азаматтық белсенділігінен де, құрылған Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысуға деген ынталарынан де айқын көрінеді, - дейді Олег Чернышов.  

Олег Владимировичтің сөзін қолдаған Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев, кеңестің билік пен халық арасындағы дәнекерлеуші болып табылатын, қажетті орган екендігін айта кетті.  

Мәселелі жайттарға келетін болсақ, тұрғындар үшін денсаулық сақтау, ТҮКШ және бірінші қажеттіліктегі азық – түлік және тауар бағасының жоғарылауы  өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Егер Күршім және Тарбағатай аудандарында проблемалар медициналық құрал – жабдықтардың жеткіліксіздігіне және тозғандығына байланысты болса, Зайсан қаласындағы емхана медициналық қажетті құралдармен жабдықталмаған ғимаратта орналасқан, күндізгі стационары жоқ.

Медициналық қызметкерлердің жеткіліксіздігі үш ауданға да тән мәселе. Дегенмен, сөз сөйлеушілердің сөзіне сенсек, бұл проблема алдағы үш жылда медицина академиясының түлектерімен келісім – шарт жасасу арқылы шешімін таппақ. 

 Сонымен, Күршім аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Шолпан Құмарғалиеваның ақпаратына сүйенсек, 2013 жылы Күршім ауданында 6 маманмен келісім – шарт жасалған, ал 2014 жылы аудан әкімінің гранты бойынша білім алып жатқан 8 жас маманның Күршім ауданына келуі жоспарлануда. 

- Зайсан ауданында кадрлардың тапшылығына қатысты мәселе алдағы үш жылда аудан әкімінің гранты бойынша білім алып жатқан 27 түлектің келуімен шешілмек, - дейді «Зайсан аудандық медицина бірлестігі» МҚКМ директоры Жексенбай Тілеуберлин.

Жалпы, отырыс барысында айтылғандай, аудандық Қоғамдық кеңестің белсенді жұмыс атқарауы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әріптестік қарым – қатынастың тиімді жүйесін құруға бастамашы болады.

Ресейлік тарихшы – политолог А. Кривцтің айтуынша: «Ел дамуының түпкілікті мәселесін, әдетте, мемлекет қоғамның қолдауынсыз, ал қоғам биліктің қолдауынсыз шеше алмайды. Тек олардың бірлесе жұмыс істеуі табысты нәтиже береді».

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551