Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3408 0 пікір 12 Шілде, 2013 сағат 11:41

Қайырымдылық: 220 бала сүндеттелді

Өскеменде қасиетті Рамазан айы қарсаңында бір мезетте 220 бала сүндеттелді. Шара бір жағы қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын өңірдің орталық мешіті тегін сүндеттеп берді.

Науқанға қатысайық деп жиналған жамағаттың қарасы қалың. Мешітте ине шаншар жер жоқ. Біркелкі «сүндетжейде» киген 200-ден аса баланың ересектері қобалжығандарын білдірмесе, кішілері көз жастарын көл қылды. Айтпақшы, сүндеттелетін балалардың ең кішісі екі-ақ жаста екен.

Бұл шараны өткізуге мешіттегілер сүндетшіні Шымкенттен арнайы шақыртыпты. Мұратбек Сексенбаев операцияның мұндай түрін жасаумен 10 жылдан бері айналысады екен. Түркиядан оқып келген  тәжірибелі маман өзімен бірге коагулятор деп аталатын құралын ала келіпті. Ұшында платина металлы бар аппараттың ерекшілігі сол - қан шығармай кеседі.

- Бұл - екінің бірі жасайтын дүние емес. Білікті маман болуы керек. Және рұқсаты болу қажет. Пайғамбарымыздың айтуы бойынша сүннет жолымен жүру керек екендігі және бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен де балаларды сүндетке отырғызу оның денсаулығына пайдалы екендігі дәлелденген, -  дейдіоблыстық  мешіттің бас имамы Нұрлан Асанов.

Жалпы, елімізде сүндет жасау ақылы. Әуелгі бағасы 10 мыңнан басталып 70 мың теңгеге дейін жетеді екен. Мешітке келгендер үшін бұл күні сүндеттеу тегін жүрді. Ал алдағы уақытта ғибрат үйінде тұрақты сүндетшінің жұмыс істеп тұруын қолға аламыз деп отыр мешіт әкімшілігі.

Абай-ақпарат

0 пікір