Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Не дейді?! 2779 3 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 13:18

Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш «қосар тыңшылар» ма?

Жасырын бұлақ көздеріне сенер болсақ, ШОС және ҰҚШҰ (ОДКБ) қазаққа құрылған қақпан болып табылады. Және осы екі ұйымның тізгіні Ресей мен Қытай қолында екені әмбеге аян.

Осы екі ұйымды құрушы аталған қос ел Орталық Азияны бөлісуді көздейді-мыс деген ақпарат тарай бастады. Қазақстанда «түрлі-түсті революция» болатын болса, ҚХР да, РФ де әскер кіргізе алады және осы әскердің елімізден шығуы екі талай.

Қос елдің барлауы Кәрім Мәсімовті өз пиғылдарына пайдалана алды. Журналист Данияр Молдабеков «Пятое января» телеграм арнасына осы Қытай мен Ресей ойға алған жоспардың пешкесі болған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш туралы жартылай ақиқатты ғана жария етті.

Болып өткен сот процесі кезінде ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін айтқан болатын. Және бір қызығы «Дикий Арман» дейтін лақап атымен мәлім Арман Жұмагелдиевті қамау туралы тапсырма шетелден түскені біраз нәрсенің басын ашады. Ресей Украинаға шабуылы алдында ҚХР қазақ жерін бөліспекші болған сыңайлы. Бірақ оған Түркия барлауы тосқауыл болды деген алып-қашпа сөз айтыла бастады. Бұған себеп «Дикий Арманның» жеке басына қатысты оқиға.

Сонда бәлені бастаған Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш «қосар тыңшылар» болғаны ма деген заңды сұрақ туады? Бұл қос фигура әлі талай журналистік зерттеулерге арқау болары анық.

Енді Қытай мен Ресей тағы бір ойран салып, «халық дүмпуін» тудыру үшін кімдердің шабынан түртуді мақсат еткелі отыр? Шығар жол біреу – Қазақстан осы бір қос ұйымнан шығуға тиіс. Есесіне АҚШ пен Түркия қолдауына қол жеткізудің бейбіт мәмілегерлік жолын іздесіруге бүгінгі билік тез арада көшпесе, Қаңтардан да ауыр оқиға тәуелсіздігімізге қауіп төндірері анық.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1710
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1675
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1403
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1332