Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3193 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 09:56

Шығыстағы тың бастама - Шыңғыстау жәрмеңкесі

Шығыста тағы бір тың бастама көтерілді. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ төрт түлігін төсінде өрбізген Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында «Шыңғыстау жәрмеңкесі – 2013» мал көрмесі-аукционын өткізу идеясын ұсынды. Өңірімізде тұңғыш рет өткелі отырған бұл жәрмеңке алдағы тамыз айының 16-шы жұлдызына белгіленді.

Неге Абай ауданында? Айта берсек, жауап көп. Басқа себеп-салдарды тізбелемей-ақ абайлық ағайындардың сонау ықылым замандардан бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығымен тыныстап, бүкіл тіршілігін онсыз елестете алмайтынын айтсақ та жеткілікті шығар. Осыны бек түсінген аймақ басшысының асыл тұқымды малдардың жәрмеңкесін басқа емес, тұп-тура ырысы артып, құт дарыған ұлылар мекенінде ұйымдастыруға тапсырма беруі сондықтан.

Ресми ақпаратқа жүгінсек, қазір аталған ауданда 460 мың қой-ешкі, 50 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 250 мыңға жуық жылқы мен 170 түйе бар. Асыл тұқымды мал бағатын шаруашылықтардың саны - 37, оның ішінде 24-і қой, 12-сі жылқы және біреуі ірі қара өсірумен айналысады. Одан бөлек «Сыбаға» бағдарламасымен былтыр 18 қожалық 137 млн. теңгеге (биыл да осынша көлемде) несиеленіпті. Ал «Жайлау» бағдарламасы бойынша өткен жылы 50 млн. теңгеге 20 қожалық 100 қойдан сатып алған.

– Біздің ауданның негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Жергілікті тұрғындар ежелден ата кәсіпті үзбей жалғастырып, несібесін айырып келеді. Бұл бағытта өңірде ауқымды шаруалар қолға алынған, төрт түліктің саны да жылдан-жылға арту үстінде. Сол себепті облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жәрмеңкені Абай ауданында өткізуді ұйғарып, нақты міндеттер жүктеді, - деп түсіндірген Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков бұл шара ұлтымыздың бай мұрасын жаңғыртуға септігін тигізетінін жеткізді.

 Асыл тұқымды мал көрмесі-аукционының айта кетер артықшылығы, алушы мен сатушының арасында ешқандай делдал жүрмейді. Әдеттегідей қарапайым шаруаның маңдай терін төгіп баққан малын көлденең киліккен алыпсатарлар арзанға қидай сыпырып әкетіп, артынша үстеме қосып саудалау мұнда жоқ.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың сөзіне сенсек, әзірше тым-тырыс жатқан еліміздің кейбір облыстарын айтпағанда, жәрмеңкеге қатысуға ниетті шаруашылық құрылымдары иелерінен өтініштер келіп түсуде.

– Жәрмеңкеге біздің облыстан бөлек Қарағанды және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады. Ол жерде асыл тұқымды етті, сүтті ірі қара және ұсақ малдармен қатар Алтайдың мақтанышына айналған ара балы, пантыдан жасалған дәрі-дәрмектер көптеп сатылады. Еліміздің басқа өңірлерінен келушілер көрмеге қойылған осындай сапалы дүниелерді қолжетімді бағаға алыпсатарсыз сатып алады. Қатысушылар шілденің соңына дейін жазбаша өтініштерін жолдаулары керек, - дейді басқарма басшысы. 

 Республиканың әр түкпірінен Қарауылға ат шалдыратын қонақтар көрмеден тыс Жидебайдағы Абай мұражайы кешенін, М.Әуезовтің мұражайы орналасқан Бөріліні, Еңлік-Кебек ескерткішін тамашалауға мүмкіндік алады. Бұл күні аудан орталығы – Қарауылда қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер сән түзеп, дәстүрлі өнерімізді дәріптеуші өнерпаздарымыз салтанат құрмақ. Тыңдарманын еліткен әнші-күйшіні де, топ ішінде жарқ-жұрқ еткен сал-серіні де, доданың көрігін қыздырған спортшыны да осы жерден табасыз. Қысқасы, киелі Абай топырағында болатын бұл сауда атағы жалпақ жұртқа жайылған Қоянды жәрмеңкесінен (1848—1930ж.ж.) еш кем соқпасы анық. 

Abai.kz

0 пікір