Бейсенбі, 30 Қараша 2023
Дін 2880 24 пікір 14 Қыркүйек, 2023 сағат 14:57

Ей, муфти, Құран әмірін айтуда неге үнің күңгірт?

ҚМДБ Төрағасы,
                                           Бас Мүфти Наурызбай Тағанұлына!

ОРАМАЛ - АЛЛАНЫҢ ӘЙЕЛ БАЛАСЫН ӨЗІНЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН СЫЙЫ

Бимиллаһи Рахмани Рахим

«Ей» - деп сөз бастағаныма іліми түсіністікпен қарарсың, Алла тағалам Мұхаммед (ғ.с.с.) пайғамбарға құранды «Ей, құлым», - деп бастап өз ілімін түсірген. Ал, Құран - Алланың көктен жіберген Әмірі. Ол талқылауға жатпайды, тек қана орындалады.

Менің айтпағым, қазір республика оқу орындарында сабақ басталғалы оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қарсылық ретінде дін исі мұрына кірмейтіндер білгішсініп ел жұрттың мазасын алуда. Тіпті бұл дүрмекке Парламент басшылары мен мүшелері, министр де араласып кетсе не жорық?

Сен елдегі Бас мүфтисің. Саған елдегі бұл абыройлы дін тағын сенім артып си еткен Алла, пайғамбар сияқты Алланың құранын қорғасын, насихаттасын деп сынаққа беріп отыр. Алдыңда мәртебелі Құран тұр, ашып қара, онда; «Әй, адам баласы. Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік. (Жараттық). Негізінде тақуалық иман киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінесіңдер!» - деп көрсетілген. Бұдан бұрын да Адам Ата мен Хауа Ана жерге қуылғанда; «Арттарыңнан кітап және пайғамбарлар түсіремін», - деген бірнеше сүреде ескертуі бар. Хауа Ана жерге қуылғанда басында орамалы болды. Демек, адамға иман киімі құраннан да, пайғамбардан да бұрын берілген. Мұны айтып отырғаным адамға аятты жаттау ғана емес, ол аятқа қызмет ету де жазылған. Біз сөз етіп отырған имани киім әйелге де, еркекке де Жаннатта беріліп қойған. Олар онда алғаш Алладан ұялып ұятты жерлерін жапырақпен жапты. Сол жапырақты Алла Иман киіміне айналдырды. Бұл - үлкен ілім.

Мен таяуда өзім ғайыптан қабылдап, қолдарыңа алдын ала тапсырған  «Іліми оқулықтарым» мәселесімен қабылдауыңда болдым. Қасыңда үш орынбасарың отырды. Сол кітаптардың бірі жеті деңгейлі - «Ілім Әліппесі». Кітаптың алғашқы төрт деңгейі жалпы жұртқа арналса, соңғы үш дегейі жасырын ілім. Соның жетінші деңгейі «Кітаптың сұлтаны - Құран, киімнің сұлтаны - иман киімі», -  екендігін, Иман киімі адамның бойындағы ар ұятты оятатынын, ар ұят оянғанда алдымен Алладан ұялатынын, өзімен өзі сенің бойыңдағы қасиетіңді күшейтіп Алланы мойындататынын, ең бірінші Жаннатқа жол қыз балаға да, ер адамға да иман киімі екенін, Алланың алдында ұялу қасиетін көтеретін киімді кию жай киімге қарағанда қиындау, ал бірақ киіп алу, киіп Жаннатқа бару оңай екенін, Иман киімі Құраннан да бұрын тұратындығын, себебі кітаптан бұрын жерге денені жауып иман киімі келгендігін, иман киімі рухты сақтайтынын, иманның иесі – Алла, дінінің аты – Ислам, тұратын жері – Жаннат екенін, әр адам өз ұлтының қадыр қасиетін ұстана білуі керектігін, Ұлттық идея – халықтың өзі жайлы ойлауы емес, Құдайдың халық жайлы ойлауы екендігін,  осының бәрін сақтайтын  ұлттық тәртіп екендігін, сол Ұлттық тәртіб миың мен тіліңде бір Алла айтқан дініңе бағышталған болмаса, ол ұлт құритынын, Алла оны көктен құртатынын, жоқ қылатынын, өшіретінін, дозаққа салатынын, адами қасиеттен кетіретін жеткізген.

Демек, орамал - Алланың әйел баласын  өзіне жақындататын - оларға тағдырына тартқан сиы. Мектепке Алланың сиы орамал тағып барған сол қыздарға орамал тағуды қай молда үйретті. Жасынан орамал тағуды үйренген қыз қанша зорласаң да орамалын шешпейді. Орамалда - имани тәрбие беретін тылысым қасиет бар. Орамал - тәрбиеші, имандылыққа үйрететін ұстаз. Хиджап орамалға жатпайды. Оның үстіне мұғалім берсе білімін қыздың орамалына бермейді, өзіне береді. Осыны құрани тілмен елге түсіндіріп айту ең алдымен дін қызметкерлерінің, оған жетекшілік етіп отырған муфтияттың, оның жетекшісі муфтидің міндеті. Мүфти діннің жердегі иесі, қорғаушысы. Сенің қызметің үкіметтің заңын орындау емес, дінге иелік ету, құран үкімін қорғау. Үкіметтің заңы еш уақытта шариғат заңынан биік тұрмайды. Құрандағы осы заңды міңгірлеп; ««Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз... Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес... Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек...», - деп, шариғаттың не айтқанын өздерің түсініп алмай тұрып, елге түсініксіз сөз айту күпірлік. Құран - өзінен де, өзін түсіндіретін шариғаттан да бұрын, қыздарға орамал - иман киімі екенін жазып қойған. Бұны барлық мұсылман білуі тиіс және солай айтсақ үкімет еш уақытта да кедергі жасай алмайды. Біз әлем мойындаған Ислам мемлекетіміз.

Бұған қосарым соңғы кезде теледидар бетінде дін туралы өздерін насихаттаумен кеткен әртіс имамдарыңыз бен бейауыз сөз сөйлеушілердің бәріне тоқтау салдыртар кез жетті. Дін - адамзат баласына Алланың силаған жолы, Алланың айтқаны, Алланың сөзі, Алланың өзі, ол - Құран. Дін - дінді ұстанғандарға, сол жолда жүргендерге арналған. Ол Алланың Үйі мешітте ғана насихатталады, айтылады. Теледидар - мешіт емес. Оның бетінде Аллаға, оның дініне тіл тигізгендерге Тәңірдің жазасы қатал.  Білмесең  басқа өлшемдік кеңістіке өту арқылы Алладан сұра. Діндар жан тірі Құран арқылы Алламен тілдесе алады. Бұл тұжырым; «Раббыларың бұйырады; Маған дұға етіңдер, жауап берейін» («Ғафыр»,60) - деп Құранда мөрленген ғой.

Менің сенің Алла бұйыртқан қызметіңдегі тірлігіңе араласуға, ісіңе жақсы жаман деп баға беруге құқығым жоқ, оны кезінде Алла ғана береді. Бірақ тақуа есебінде ойымды жеткізуге ешкім бөгет бола алмайды. Өйткені ой да Алладан келетін қуат. Қабылдау кезінде Сенің де, орынбасарларыңның да іліми дәрежелеріңе қарным ашты. Адам - айна. Сол айнаңа қара. Одан өзіңді көресің. Құдай; «Мен - сен, сен - мен», - дейді.  Ойлан, отырған дін тағыңның да абыройын ойла. Құдайдан қорқу керек. Сондықтан да кездесу соңында, патшаның барып кел, шауып кел қол баласы болмай, құдайға ғана құл болуларың керектігін ескертіп кеттім. Ол үшін Іліми дәрежелеріңді көтеруде амал жасаңдар. Ілім ғана Құранмен тілдестіреді. Құранды түсініп оқу жоқ, оны түсіндіретін ғана бар. Ол - Алла...

Алланың әмірінсіз ештеңе жазылмайды, сондықтан бұл Хат ел игілігіне жарат қазына, өзім үшін Алламның дидарына қауышу үшін жазылған дәнекер дүние болуын тілеймін.

Сәлеммен,

Хәләм иесі, «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы,  Бақтыбай Айнабеков

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі демократия негіздері

Досым Омаров 996
Ғибырат

Тараздың Құрметті азаматы

Нұрлан Мәлікұлы 1358
Жазылған жайдың жалғасы...

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Ауыт Мұқибек 2256