Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3689 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 18:41

Хабарландыру

Өзіміздің бауырымыз Ержанның отбасындағы қанды оқиғаның болғанына, мінеки, қырық күн толып отыр. Өмірден күткен көрер қызығы мол жас ана, кінәсіз шиеттей сәбилер, өз жолын енді ғана бастаған өрімдей жас боздақ, ана құрсағынан жарық дүниеге ұмтылған шарана... Бәрі де қапыда кетті. Бес адамның өмірін қиып кеткен сұмдық оқиға қан жүректі сыздатып, қасіретке батырып, жанды түршіктірді. Алланы, ақырет күнін ұмытып, Әзәзілге ілесіп, нәпсіге құлданған сұрқия қанқұйлы қылмыскер көзін қызартқан көк тыйынның арбауына еріп, өзін жаһаннамның отынына даярлап, тозақтың шыңырауына тастады. Арсыз баукеспе тұтқындалды. Алайда бес адамның өмірі қайта келер ме? Имансыз адам ғана осындай қатігездікке бара алады. Алла пенделерді мейірімді еткей...

Осынау рамазан айының сауапты сәттерінде марқұмдарға жанашырлық танытып, құдайдан дұға тілеп, қайғының қара бұлтын жамылған отағасы Ержанға және Есенқан әулетіне көңіл айтып шығарсыздар. Мүмкін болса, ақпарат құралдары арқылы қоғамдық пікір қозғап, қара жүрек жауыздардан сақтануға, кез келген уақытта бейғам болмауға үн көтеріп, қылмыскерлердің жазаның ең ауырын алуына дауыс қосарсыз.

Марқұмдардың қырқы нәзірі (асы) 18 шілде бейсенбі кешкі ауыз ашар шақта және 19 шілде жұма түскі мезгілде Наурызбай мен М.Мәметова көшелерінің қиылысындағы «Восточный экспрес» мейрамханасында өтеді.

8 701 915 11 66 (Ержан)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596