Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3779 0 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 08:27

1 миллиард теңгенің өнімі сатылымнан алынды

Еліміздегі дүкен сөрелерінде сақтау мерзімі өтіп кеткен тағамдар еркін саудаланып келіпті. Ал балаларымыз ермек ететін ойыншықтар тиісті талапқа сай емес.

Тек құзырлы орындардың жіті тексеруінен кейін ғана ондай өнімдердің тұтынушысына жетпей «желкесі қиылып» жатыр. Мәселен, жыл басынан бері елімізде сомасы 1 миллиард теңгеге жуық сапасыз өнім сатылымнан алынған. Бұл туралы кеше Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Еліміздегі дүкен сөрелерінде сақтау мерзімі өтіп кеткен тағамдар еркін саудаланып келіпті. Ал балаларымыз ермек ететін ойыншықтар тиісті талапқа сай емес.

Тек құзырлы орындардың жіті тексеруінен кейін ғана ондай өнімдердің тұтынушысына жетпей «желкесі қиылып» жатыр. Мәселен, жыл басынан бері елімізде сомасы 1 миллиард теңгеге жуық сапасыз өнім сатылымнан алынған. Бұл туралы кеше Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Мұндай заңбұзушылық елорда­мыз Астанадағы «Экомаркет», «Ме­та Астана», «Алма Розничные Сис­темы», «Астана Влади», «Идеал 2008» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктерінде анықталған. Аталған дү­кендердегі Ресей, Украина, Лат­вия, Түркия, Испания елдерінен жеткізілген сүт, нан және консерві өнімдері мен бала тағамдарында таңбалауы бойынша және сақтау мерзіміне қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қоса, сөрелер­де мерзімі өткен тағамдардың сатыл­ғаны да белгілі болған.
«Оларға қатысты тиісті шаралар қолға алынды. Заң талаптарын сақ­тамағандар әкімшілік жауапкер­шілікке тартылды. 250 млн 540 мың теңге көлемінде 917 айыппұл са­лынды», – деді Р.Сәтбаев.
Әрине, айыппұл салған орынды-ау. Алайда айыппұл мерзімі өткен тағамды тұтынғандардың денсау­лығын қайтарып бере алмасы анық. Астана төріндегі мен деген дүкен­дерден мерзімі өткен өнімдер анық­талып жатқанда, алыстағы ауыл дүкендері туралы айтудың өзі қиын шығар.
 Комитет төрағасының сөзіне сенсек, Техникалық реттеу және метрология комитетінің департа­менттері түрлі нысандардағы же­ке­меншік шаруашылық субъектіле­рінде өлшем құралдарының жағ­дайы мен пайдаланылуына, техника­лық регламенттер талаптарының сақталуына қатысты 1477 тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 858 заңбұ­зушылық анықталыпты.
«Бұл жалпы тексерулердің 58 пайызын құрайды, – дейді Р.Сәтбаев. – Бұл жұмыстың нәтижесінде, сапасы төмен, таңбалаусыз және сәйкестік сертификаттары жоқ 977 млн 261 мың теңге сомасындағы түрлі өнім­нің 4 986 партиясын сатудың жолы кесілді».
 Қазақ баспасөзінде жарық көр­­ген ойыншықтардың сапасын сынаған мақалаларда есеп жоқ. Алайда оның қандай да бір нәтиже беріп жатқа­нын болжау қиын болып тұр. Себебі өткен 6 айдың ішінде ғана 58 млн теңгеден астам соманың ойыншық­тары сатылымнан алынып тастал­ды. Мәселен, тексеруден өткен 46 кә­сіпорынның 33-інде заңбұзушылық анықталған. Бұл жерде де заң бұзу­ға жол бергендерге жалпы сомасы 2 млн 873 мың теңгенің айыппұлы салынған.
 Бүгінде базардан балаға арнап киім сатып алу қауіпті болып бара­ды. Себебі базарда сатылатын бала­лар киіміне, балаларға арналған же­ңіл өнеркәсіп өнімдерін тексеру кезін­де де жүзіміз жарық бола алмады. Тексеруден өткен 111 кәсіпорын­ның 65-інен заңбұзушылық анықталды.
 Айтқандай, күні кеше елімізде мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысатындар анықталып, елең еткенбіз. Сөйтсек, бізде мұнай өнім­дерін сататын кәсіпорындардың көпшілігі үшін бұл үйреншікті жайт көрінеді. Себебі тексеруге іліккен 109 кәсіпорынның 67-і мұнай өнімде­рін ешбір сертификатсыз сата бер­ген. Сондықтан 31 млн теңгеден астам соманың сәйкестік сертификатын­сыз, таңбалаусыз және техникалық регламенттердің талаптарына сәй­кес келмейтін өнімдердің 49 партия­сын сатуға тыйым салынған. Ең қызы­ғы, аталған сәйкессіздіктің басты себе­бі, жанармайды сақтау, тасымалдау жә­не сату процесіндегі заңбұзушылық­тар болып табылады. Ал, негізінен, зауыттан талапқа сәйкес келетін өнім шығады екен, тек оны құжаттауға құлықсыз болып отырғандар көп.

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ, Астана

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516