Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3515 0 пікір 2 Шілде, 2013 сағат 11:11

Айбек -«Қазақстан барысы»

Қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылған «Қазақстан барысы» турнирі мәреге жетті. Көпшіліктің көптен күткен айтулы бәсекенің бәсі жоғары болып, Шығыс Қазақстан атынан сынға түскен семейлік палуан Айбек Нұғымаров «Қазақстан барысы» атанды. Ол ақтық сында Қарағандыдан келген Ержан Шынкеевтің жауырынын жерге тигізіп, шын мықты екендігін дәлелдеді.

Айбектің бағы да, бабы да қатар шапты. Биылғы додалы жарыстың алғашқы белдесуін боз кілемде өзі бастап, өзі жеңіспен аяқтады. Көгілдір экран-ға көз тіккен, тілеуші һәм тілекші болған ағайынның төбесі көкке екі – ақ елі жетпей қалғандай. Қуаныштан, әрине. Шығыстың намысын абыроймен қорғап, жеңістің биік шыңын бағындырған апайтөс Айбекке қандай мадақтау айтсаң да лайық! Бабы келісіп барыс атанған азаматтың жеңісіне күллі Шығыс қазақстан жұртшылығы ортақ! Бел баласының боз кілемде атой салып, биіктен көрініп жатқаны, айналып келгенде еліне мәртебе. Жарқын жеңісің құтты болсын Айбек! Шүмектеп төккен тердің өтеуі осы болар! Барша Шығыс Қазақстан және Семей жұртшылығы    Айбек Нұғымаровты «Қазақстан барысы» атануымен шын жүректен құттықтайды! 

“СТ”-ақпарат

0 пікір