Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024
Әне, көрдің бе? 1534 6 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 13:39

Уәдесін жұтқан Сүлейменов не айла қылады?

Басшы тұрақтамайтын орынның бірі бұл – Қазақстан Ұлттық банкі.  2022 жылы ақпан айында Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Енді міне,  басшылықтан кетіп тынды. Ақорда ресми сайтындағы хабарламада: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды», -деп жазылды.

Сонымен Ұлттық банкті бір жарым жыл басқарған Ғалымжан Пірматов орнынан кетіп, босаған бос креслоға Тимур Сүлейменов жайғасты. Оның кандидатурасын Президенттің өзі ұсынды. Ал, Сенат оны сөзге келмей бекітті.

Тимур Сүлейменов бұған дейін 2022-2023 жыл аралығында ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде істеген болатын. Жаңа басшының қазақтың есінде қалғаны – 2016 жылдың желтоқсан айында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Тимур Сүлейменов Мәскеуде қызмет еткен жылдары ана тілін ұмытыңқырап қалғанын айтып, жарты жылда қазақ тілін қайта меңгеріп алуға уәде берген болатын.

Енді қазақ ақшасының құдайына айналған су жаңа тұлға ана тілімізде тайпалап кеткен-кетпегенін Мәжіліс отырысына есеп берген шақта көреміз.

Әлде ол уәдесін жұтып қойғаны ойына оралып, өз орнына тіл білетін орынбасарларын жіберіп айла қыла ма екен?! Оны уақыт көрсетеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1525
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1575