Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3842 0 пікір 30 Маусым, 2013 сағат 21:16

Ақпараттық майдан майдангерлерінің мәртебесі қайда?

Француз философы Поль Вирильо: «Ақпарат - масса мен энергиядан кейінгі үшінші зат» деген екен. Сол үшінші зат – ақпаратты күнде жасап, өн­діретін журналистердің жұмысы ең қауіпті, ең ауыр, ең машақаты көп мамандық екенін көп түсіне бермейміз. Біле-білсек, журналистің ақ­паратты тауып, өндіретін, өңдейтін, таразылайтын, сүзгіден өткізе­тін, хатқа басатын, таспаға түсіретін, елге тарататын күнделікті жұмы­сының өзі толық циклді кішігірім зауытқа пара-пар дер едім. Жаһан­данған дәуірде мылтықсыз майданның сарбаздары –журналшы қауым­ның әлеуметтік-құқықтық, қоғамдық, кәсіби мәртебесіне мөр қойып, заңдық тұрғыдан бекітетін кез келсе де, «баяғы жартас – сол жартас».

Мылтықсыз майданның сарбаздары

Жаһанданған заманда елдердің мем­ле­кеттік шекарасы болса да, ақпараттық шека­расы болмайды. Сыртқы ақпараттық-идеологиялық қауіпті тасқынға тосқауыл қою – оңай шаруа емес. Осындай көрін­бей­тін ақпараттық-мәдени шекараның сақ­шы­лары, қалқаны һәм ақпараттық соғыс­тар­дың майдангерлері – журналшы қауым­ның тәуелсіз елдің іргетасын қалау­дағы үлесі өлшеусіз.

Француз философы Поль Вирильо: «Ақпарат - масса мен энергиядан кейінгі үшінші зат» деген екен. Сол үшінші зат – ақпаратты күнде жасап, өн­діретін журналистердің жұмысы ең қауіпті, ең ауыр, ең машақаты көп мамандық екенін көп түсіне бермейміз. Біле-білсек, журналистің ақ­паратты тауып, өндіретін, өңдейтін, таразылайтын, сүзгіден өткізе­тін, хатқа басатын, таспаға түсіретін, елге тарататын күнделікті жұмы­сының өзі толық циклді кішігірім зауытқа пара-пар дер едім. Жаһан­данған дәуірде мылтықсыз майданның сарбаздары –журналшы қауым­ның әлеуметтік-құқықтық, қоғамдық, кәсіби мәртебесіне мөр қойып, заңдық тұрғыдан бекітетін кез келсе де, «баяғы жартас – сол жартас».

Мылтықсыз майданның сарбаздары

Жаһанданған заманда елдердің мем­ле­кеттік шекарасы болса да, ақпараттық шека­расы болмайды. Сыртқы ақпараттық-идеологиялық қауіпті тасқынға тосқауыл қою – оңай шаруа емес. Осындай көрін­бей­тін ақпараттық-мәдени шекараның сақ­шы­лары, қалқаны һәм ақпараттық соғыс­тар­дың майдангерлері – журналшы қауым­ның тәуелсіз елдің іргетасын қалау­дағы үлесі өлшеусіз.

Журналиске кәсіби қызметімен жеті қабат көкке де, жеті қат жер астына түсуге, жанын шүберекке түйіп, от пен оқтың ортасына баруға да тура келеді. Осы ретте журналистердің ерекше әлеуметтік мәр­те­бесін бекіту туралы Парламент мінберінде талай рет депутаттық сауал жасалды. Депу­тат­тарымыз журналист қызметіне дұрыс бағасын беріп, күрескер ретінде мәртебе беру қажеттігін де айтты. Жуырда ғана Ресей Мемлекеттік Думасында жур­на­лис­тің мәртебесін адвокатқа теңестіру туралы ұсыныс жасалды. Бұл бойынша жур­на­лис­ке қылмыстық іс жүргізу туралы ше­шім­ді тергеу органының басшысы ғана қабыл­дай алады екен. Міне, елге қызмет қыламын, шындық пен әділдікті ту етемін деген журналист үшін қажетті мәртебе осы емес пе? Осындай құқықтық мәртебе болғанда ғана шынайы журналистік зерттеулер жасау­ға мүмкіндік туар еді.

Журналист мәртебесін көтеруге бай­ла­ныс­ты баспасөзде көтерілген қадау-қадау бірнеше мәселені бөліп айтуға болады. Біріншіден, журналшы қауымды әлеуметтік жеңілдіктер алу жағынан мемлекеттік қызметкерлерге теңестіру. Бұл үшін «Бұқа­ра­лық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау туралы», «Журналистердің мәр­те­бесі туралы» немесе «Журналистерді қор­ғау» туралы арнайы заңдар қабылдау қа­жет деген ұсыныстар айтылды. Кейбір депутаттар журналистің мәртебесіне орай арнайы заң қабылдамай-ақ, қолданыстағы «БАҚ туралы» Заңға өзгерістер енгізу керек деп санайды. Я болмаса «Тұрғын үй қаты­нас­тыры туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, журналистерге де пәтер алуда жеңілдіктер қарастырылуы керек деп есептейді. Жалпы, еліміздегі БАҚ-тың 80 пайызы жекеменшік, ал бұл – журналистің әлеу­меттік мәселесін мем­ле­кет тарапынан шешуге қол­байлау. Сон­дық­тан заңнамада жур­налис­тің әлеуметтік мәртебесін белгі­леуде мемлекеттік және жекеменшік БАҚ деп жілік­темей, бәріне ор­тақ әлеуметтік жеңіл­діктер жасалуы қажет.

Екіншіден, журналистерді ақпараттық майданда мемлекеттің қоғамдық пікірін қалыптастырушы тұлғалық, қоғамдық мәртебесін белгілеу керек сияқты. Бұл мәр­тебе журналшы қауымның билік пен халық арасындағы алтын көпір ғана емес, сыртқы идеологиялық, мәдени, психо­ло­гия­лық, діни-миссионерлік күштердің ықпа­лына дер кезінде тойтарыс беруіне мүмкіндіктер берер еді. Бұл тілші қауымның мемлекеттің нұсқауынсыз-ақ ұлттық қауіп­сіз­дікке төнген кез келген қауіп-қатерге қарсы жедел әрекет етуіне жағдай жас­ай­ды. Осы қоғамдық мәртебе мем­ле­кет пен БАҚ-тың бірлесіп әрекет етуін үйлестіреді.

Төртінші билік қашан төрлетеді?

Биліктің үш тармағы мен төртінші билік қоян-қолтық жұмыс істегенде ғана мемлекет пен қоғамның тұрақтылығын сақтауға болады. Атқарушы билік төртінші билік арқылы қоғамнан келген сигнал­дар­ға орай дұрыс саяси шешімдер қабыл­дауы қажет. Жалпы, төртінші билік – ақпа­рат­тық қоғамның дамуымен тығыз байланысты қалыптасқан ұғым. Әлбетте, консти­туциялық мәртебесі болмаса да, ақпараттық қоғамда төртінші биліксіз қалған ресми үш билік (атқарушы, заң шығарушы және сот) тиімді жұмыс істей алмаған болар еді. Бізде мемлекеттік органдардың жанынан баспасөз қызметі, ресми өкілдердің жұмыс істеп келе жатқаны – жақсылық. Дегенмен бізде төр­тінші билік төрге оза қойған жоқ. Мысалы, бізде БАҚ-та жазылған мақа­ла­ларға қатыс­ты қызметтік, прокурорлық тексеріс­тер жүргізе бермейді, жазылған жайнай­қай, ащы шындық, өткір мәселелер жабу­лы қазан күйінде қалып жатады. Сондықтан жаңа ақпараттық үрдістердің, ақпараттық технологиялардың пайда болуына байланысты төртінші биліктің рөлін кү­шей­те отырып, журналистердің мәрте­бесін пысықтаған жөн.

    Бір пікір

    Ахмет Аляз, «Қазақстан- Zaman» газетінің бас директоры:

    – Түркиядағы журналистердің жағдайы жаман емес, орташа деңгейде. Әрине, проблемалар да жоқ емес. Мәселен, журналистер идеологиялық ұстанымдарына қарай әртүрлі БАҚ-та қызмет етеді . Журналистерді қудалау жоқ деуге болады. Түркияда тек террорлық топтарға жәрдемдескені үшін журналистерді жауапқа тартып жатады. Жалпы, түрік қоғамында журналшы қауымның беделі өте жоғары.1997-1998 жылдары постмодернистік көтерілістер кезінде, одан әскери көтерілестер кезінде журналистердің ықпалы зор болды. Төртінші билік ретінде жоғары бағалап жатады. Президенттен бастап, лауазымды тұлғалар сыртқы сапарларда журналистерді қасына ертіп жүреді, әсіресе публицист журналистердің беделі үлкен. Одан бөлек журналистердің құқын қорғайтын бірнеше журналистік одақ жұмыс істейді. Журналистикаға алғаш қадам басқан тілшілер 1-2 мың доллар алса, Үкімет басшыларына ықпалды публицист тілшілер 10 мың доллардан жоғары жалақы алады. Бұрын журналистерде мемлекеттік әуе компанияларында, қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүру құқығы болған еді. Кейін бұл кейбір тұтынушылардың наразылығына байланысты алынып тасталды. Журналиске мемлекеттің және өзі қызмет ететін редакция тарапынан әлеуметтік қолдау жасалуы керек деп ойлаймын.

 Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір