Жұма, 10 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 802. Жазылғандар — 63. Қайтыс болғандар — 9
Жаңалықтар 1428 0 пікір 27 Маусым, 2013 сағат 10:49

Өскеменде жарымжандардың өз кеңесі ашылды

Өскеменде «Облыстық мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Абилис» қоры қаржыландыратын «Бірге оқимыз» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған семинар-тренинг өтті.
Облыстың барлық ауданы мен төрт қаласынан келген мүгедектер бас қосқан семинар-тренингтің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту барысында көрсетілетін қолдаулар туралы әңгімелеп, олардың білімдерін жетілдіру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру еді.

Аталмыш шараның ашылуында оны ұйымдастырушы бірлестіктің төрайымы М.Мирвазетдинова жиналғандарды семинар жоспарымен таныстырды. Ал семинарға арнайы шақырылған БҰҰ балалар қоры мен облыстық әкімшіліктегі бірлескен бағдарламаның үйлестірушісі А.Сайлаубаева, жағдайы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қордың директоры С.Ғайса, «Даму» кәсіпкерлік қорының» бас менеджері М.Әкенова және басқа да ұйымдардың өкілдері мүгедектерді қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, шағын кәсіпкерлікті дамыту барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін несиенің көлемі мен шарттары жайында айтты және тыңдаушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ең бастысы, семинар-тренинг «Ерікті мүгедектер қоғамы» кеңсесінің ашылу салтанатымен өз мәресіне жетті. Салтанатты рәсімге кеңсені жөндеу мен ашуға қолдау білдірген «Титан» ЖШС, «Бекарыс», «Нота Бене» және тағы басқа сауда орталықтарының өкілдерімен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Abai.kz

0 пікір