Сәрсенбі, 8 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 704. Жазылғандар — 51. Қайтыс болғандар — 6
Жаңалықтар 1766 0 пікір 27 Маусым, 2013 сағат 18:17

Жұмаш Көкбөрі. Қазағым-ау менің!..

Abai.kz ақпараттық порталынан «Салықтан қашып, офшорды паналаған» қазақстандық 64  алпауыттың тізімін көрдім (http://old.abai.kz/node/39936). Бұл "қазақстандық" 64 обырдың 25-тен астамы өзге ұлт өкілдері болса, олардың ішіндегі 6-ы ұлты кәріс азаматтары екен. Шығыста бір емес, екі бірдей Корей Республикасы бар. Білетіндердің айтуына қарағанда, олардағы байлардың  дәулеті Қазақстандағы кәріс миллиардерлерінің көлеңкесін де көрмейді екен.

Сонда мына біздің билік ол ұлттың біздегі өкілдерін  ерекше қамқорлықтарына алғаны ғой, шамасы. Бұл не деген шектен шыққан "атымтай-жомарттық"?! Әлде, олар біздің ұлттың арғы  "асыл тегі ме"? Немесе мына обыр билік солардың атын жамылып, қазаққа ойларына келгенін істеп, қалағандарынша байып жатыр ма?  Билік қазақты неге соншалықты  жек көреді? Биліктегі ақжағалы ұлықтарымыз шынымен қазақ болса, қазақтан неге ат-тондарын ала қашады? Олар неге қазақты қорлайды?

 Қазір біздің елдегі ең қайыршы, үйсіз, күйсіз жүрген, жұмыссыз қаңғып қалған, жерінен айрылған, жұтаған, азған-тозған, ана кірме ұлтқа құл болып отырған, тілін, дінін жоғалтқан ең сорлы ұлт – біз, қазақтар, ғана болып отырғанымыз, қандай аянышты еді? 

Өзге ұлт өкілдері ішінен - қайыршы атаулыны іздеп таба алмайсыз. Ал, қазақтың екісінің бірі қамқорсыз, қараусыз, жұмыссыз, сіңірі шыққан кедей. Сонда бұл қазақ, мына бетонбет  билікке не жазып қойды екен, соншалықтыдай сорлайтын?

Осы біздің қазақтарда "ертеде батырлар көп болған" деген сөзге сенуден қалдым. Егер біз батыры көп халық болсақ, өз күшігіне өзі таланып, ай мен күннің аманында осылайша қор болып отырар ма едік. Қайран, қазағым-ау, менің...

Abai.kz

0 пікір