Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2021
Жаңалықтар 1924 0 пікір 23 Маусым, 2013 сағат 17:10

Орман өндірісін оңалту кезек күттірмейтін іс

Маусым айының басында біздің облысқа Еуропадағы экономикалық әріптестік және даму ұйымының халықаралық кеңесшісі Дэн Бидуа келген болатын.

Аталмыш ұйым елімізде инвестиция тарту және аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асырады.  Біздің облыста бұл жоба облыстық әкімдік тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Жобаға қазіргі уақытта облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев жетекшілік етуде.

Дэн Бидуаның облысқа келудегі мақсаты - аймағымыздағы ағаш өңдеу саласы мәселелерін зерттеу және орман шаруашылығында қордаланған қиындықтардан шығудың жолдарын қарастыру.

Іссапар барысында Дэн Бидуа ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын «Колор», «Фаворит», «Қазақстан» сияқты ірілі-ұсақты мекемелердің жұмысымен танысып, Зырян, Самар орман шаруашылықтарында болды.  Мекеме басшылары қонаққа өз жұмыстарының ерекшеліктерін көрсетіп, осы саладағы бірқатар мәселелерді де алға тартты. Мұндағы кемшіліктердің барлығы бірдей – орманның сапасыздануы, ескірген технологиялар, мамандар тапшылығы, тағы басқа да мәселелер.

Орман шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен маман Владимир Резанов мәртебелі қонақпен кездесіп орман шаруашылығында күнделікті кездесіп жататын мәселелер жөнінде әңгімелесті.  Оның айтуынша,  ағаш өңдеу саласын дамытуға серпін беретін негізгі күш еліміздегі орман саясаты тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Осы арқылы орман ресурстарын тиімді пайдаланып, оның өнімін арттыруға болады.  

Халықаралық ұйымның сарапшылары алдағы уақытта әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып, елдегі орман өндірісін дамытып, осы салаға инвестиция тарту жөнінде Үкіметке ұсыныстар дайындайтын болады.

Abai.kz

0 пікір