Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 8 Маусым, 2013 сағат 17:06

Корея Шығыс Қазақстанға баса назар аударады

Дарын Нұрсапаров

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Пэк Чухенді қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы алыс-беріс, сауда-экономикалық және мәдени-әлеуметтік мәселелер жөнінде  пікір алмасылды.

Жалпы, біздің облыс пен Корея Республикасының арасында өткен жылғы тауар айналымы 258,8 млн. долларды құраған. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артық. Ал экспорт 89,9 млн. долларға жеткен. Біздің елден Кореяға экспортталатын негізгі тауар титан және титан өнімдері болып табылады.  Кореяның бізге импорттап отырған негізгі тауарлардың ішінде пневматикалық шиналар, бульдозерлер және автөкөлікке қажетті бөлшектер мен керек-жарақтар бар. Бүгінде облысымыздың аумағында 4 ірі қазақ-кәріс біріккен сауда-саттық мекемесі жұмыс істеп тұр.

- Қазір облыста титан құймаларын өндіретін үлкен «ПОСУК Титаниум» зауыты салынып жатыр, зауыт құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы керек. Мұнда салынған инвестиция көлемі 50 миллион долларды құрайды. Сонымен қатар, Корея Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы автомобиль құрастыру жұмыстарын жолға қойып келеді, оған мысал - «Азия Авто» конвейерлерінен шығып жатқан КІА автокөліктері. Семейдегі автобус өндірісі  де Кореямен тікелей байланысты. Сіздердің елдеріңізде медицина саласы, оның ішінде диагностика қатты дамыған. Екі ел арасындағы медициналық іс-тәжірибе алмасу жұмыстарын жолға қоюымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, облыс аумағында Семей полигоны болған, соның зардабын әлі күнге дейін тартып отырмыз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін заманауи медициналық технологияларға жүгінуіміз қажет. Білім, мәдениет саласында байланыс орнатамыз, - деді облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Өңір басшысы сонымен қатар, Өскеменнен Сеулге тікелей ұшатын авиарейстердің қолға алынуы мүмкін екендігін де айтып өтті. Себебі,  қазір Кореяға барып емделгісі келетін жерлестеріміздің саны күннен-күнге артып келе жатыр.  Күршім өткеліне салынатын екі шақырымдық аспалы көпір құрылысына да корейлік компаниялар инвестиция салмақ болып отырғаны белгілі. Құрылыстың жобалық сметалық құжаты тамыз айына таман дайын болмақ.  Корея Республикасының Кангвон аймағы мен Шығыс Қазақстан облысы арасында жасалған меморандум аясында өткен жылдың наурыз айында біздің облыстың 30 медициналық қызметкері Кореяға барып біліктілігін жетілдіріп келген болатын. Ал қазан айында екі балалар дәрігері   алты айлық оқуға барып келді, барлық шығынды Корея жағы көтеріп алған.

Төтенше және өкілетті елші Пэк Чухен Өскеменге келгеніне шын ниетімен қуанышты екендігін жеткізді. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан - республикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан облыстардың бірі.

- Мен мұндағы кәріс ұлтының өкілдерімен, бизнесмендермен кездестім. Олар облыс Әкімінің ерен еңбегін тілге тиек етті, мұнда жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы көп нәрседен хабар беретіндей. Әрине, екі ел арасындағы барлық байланысты, әсіресе,  мәдени байланысты дамыта түсуіміз қажет. Қазір Кореяда көптеген қазақ жастары білім алып жатыр, олар кәріс тілін еркін меңгерген. Олардан болашақта жақсы мамандар шығады деген ойдамын, - деді Пэк Чухен мырза.

Елші бұдан басқа бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, Корея делегациясы Өскеменге өз киноларын да ала келіпті. Бүгін және ертең, яғни, 7-8 маусым күндері  облыс орталығындағы «ЭХО» кинотеатрында кәріс кинолары көрсетіледі, кіру тегін.

Abai.kz

0 пікір