Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 9 Маусым, 2013 сағат 16:58

Болашақ – «Жасыл экономикада»

Өскеменде «Жасыл экономика – дамудың стратегиялық бағыты» атты халықаралық экологиялық форумы болып өтті. Форумның жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Корея мен Қытайдың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшілері, Индустрия және жаңа технологиялар, Аймақтық даму министрліктерінің, ҚХР Тарбағатай округінің, ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жақын шет мемлекеттердің жиырмадан астам кәсіпорын жетекшілері қатысты.

Бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып тұрған «Жасыл экономикаға» көшу тақырыбын терең талқылаған пленарлық және секциялық жиындар басталмас бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қоршаған ортаны қорғау министрі, сондай-ақ форумға қатысушы қонақтар «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде қайта жаңғыртылған (күн, жел, гидроэнергетика) және баламалы қуат көздері (биогаз құрылғылары, атом энергетикасы) саласындағы тың инновациялық жобалар, энергияны тұтынуды төмендетуге бағытталған сызбалар мен технологиялар қойылған. 

Өскеменде «Жасыл экономика – дамудың стратегиялық бағыты» атты халықаралық экологиялық форумы болып өтті. Форумның жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Корея мен Қытайдың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшілері, Индустрия және жаңа технологиялар, Аймақтық даму министрліктерінің, ҚХР Тарбағатай округінің, ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жақын шет мемлекеттердің жиырмадан астам кәсіпорын жетекшілері қатысты.

Бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып тұрған «Жасыл экономикаға» көшу тақырыбын терең талқылаған пленарлық және секциялық жиындар басталмас бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қоршаған ортаны қорғау министрі, сондай-ақ форумға қатысушы қонақтар «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеде қайта жаңғыртылған (күн, жел, гидроэнергетика) және баламалы қуат көздері (биогаз құрылғылары, атом энергетикасы) саласындағы тың инновациялық жобалар, энергияны тұтынуды төмендетуге бағытталған сызбалар мен технологиялар қойылған. 

Өзінің сөзінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақ мемлекеті тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстарымен қатар ұлттық, өңірлік және экологиялық проблемалардың да оң шешілуіне ерекше мән беріп отырғанын атап көрсетті. Мәселенки, Семей ядролық полигонын жабу, атом қаруын таратпау және жою, құруға айналған Арал теңізін құтқару секілді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған жаһандық маңызға ие бірқатар өткір мәселелер халықаралық ұйымдар мен бүкіл әлем жұртшылығы тарапынан үлкен қолдау табуда. Дегенмен қоршаған ортаны қорғауда әлі күнге шешілмей жатқан күрмеуі қиын түйткілдер жоқ емес. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланбау, өндіріс орындарында энергия тұтыну көлемінің және техногендік қалдықтар мөлшерінің ұлғаюы, су және өзге де ресурстарды жөнсіз пайдалану.

– Кейінгі екі-үш жыл ішінде біздің облыс экономиканың қарқынды даму (он пайыздық) көрсеткішімен ерекшеленуде. Соған орай біздегі кәсіпорындардың дені энергияға тәуелді болғандықтан қуат жетіспей қалады. Өңірдегі электр энергиясына тапшылық 2 млрд. кВт/сағатты құрайды. Бұл тез арада қуат көздерін модернизациялау, баламалы және қайта жаңғыртылған энергияны пайдалану қажеттілігін көрсетеді, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалып қойған. Қытай инвесторларымен бірлесіп 20 жел энергиясының қондырғысы орнатылды, Тұрғысын, Қалжыр, Бұқтырма өзендерінде шағын су электр стансаларының құрылысы жақын арада басталмақ, қуат үнемдеу құрылғыларын шығару көлемі арттырылуда, «Алтай» технопаркі мен Курчатов қаласындағы ұлттық ядролық орталықта биогаз және биоотынды пайдалану технологиялары, сонымен қатар ядролық энергетика бойынша жобалар жасалған. Ең бастысы – мақсат айқын, жұмыс басталған, ендігі міндет шаруаны ширату ғана. 

 – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі даму кезінде энергетикалық ресурстарды үнемдеу қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. Сол себепті Президент ел экономикасын «жасыл дәлізге» көшіру жөнінде Жарлыққа қол қойды, - деп түсіндірген Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ары қарай «жасыл экономиканың» негізгі қағидаттарына қысқаша тоқталып өтті. 

Оның пікірінше, Қазақстанда экологиялық жағынан таза, экономикалық тұрғыда тиімді қуат көзін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Айталық, табиғи газдан энергия өндіру 2030 жылы 20 пайызды құраса, 2050 жылдары бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткізуге болады.

Жаңартылған ресурстардың әлеуеті, соның ішінде тек желден алынатын қуаттың өзі ғана жылына шамамен 1 трлн. кВт/сағат. Бұл елдегі бүкіл отын энергетикасын тұтыну көлемінен 25 есеге артық. Ал күн энергиясының әлеуеті 1 трлн. кВт/сағат. Шағын СЭС-тердің жалпы әлеуеті (жекелеген қуаты 10 МВт) 8 млрд. кВт/сағат.

Форум барысында суды үнемдеу, қалдықтарды өңдеу сияқты күн тәртібінен түспей тұрған тақырыптарды қаузалды. Нақты деректерге жүгінсек, осы уақытқа дейін ел аумағында 30 млрд. тоннадан астам қалдық жиналған. Жыл сайын 700 млн. тоннна өндірістік және 3,5 млн. тонна тұрмыстық, 92 млн. тоннадан астам малдың қалдығы тиімді жолмен пайдаланылудың орнына қоршаған ортаны ластауда. Бұдан бөлек он млрд. тоннадан астам техногендік минералды жасанды тау-тау болып үйіліп жатыр. Десек, жаңа экологиялық технологиялар аталған қалдықтардың түгелін кәдеге жаратып, табысқа айналдыруға мүмкіндік береді. Оған қоса қалдықтарды өңдеу тиімділігі 50 пайыздық көрсеткішке (еуропалық деңгей) жетеді.

Алайда бұл игіліктерді іске асыру қомақты қаржыны талап етеді. Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, «жасыл экономикаға» көшу үшін жылына ІЖӨ-нің екі пайызына дейінгі мөлшерінде инвестиция бағыттау қажет. Мұнда да инвестиция тек мемлекет тарапынан ғана емес, жеке меншік көздерден тартылғаны дұрыс.  

Алқалы мәжіліске арнайы қонақ ретінде қатысқан Қытай мен Корея мемлекеттерінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшілері Чжоу Ли мен Пек Чунхен Қазақстанның «жасыл экономикаға» бет бұруы қызу қолдап, серіктестік орнатуға, өз елдеріндегі тәжірибемен алмасуға ниетті екендіктерін білдірді. Мұндай бағдарлама аталған қос мелекетте де мықтап жолға қойылған көрінеді. Қытайда бұл «Тамаша экономика» деп аталса, Кореяда «Жасыл өсу» деген атауға ие.

Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің атом электр стансасын құру жолында ілгері басып келеді. Осы ретте ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары Ерғазы Кенжин көпшілік алдында атом стансасын орналастыратын ауданды анықтау, құрылыс жобасын жасау міндеті арнайы құрылған жұмыс тобына жүктелгенін тілге тиек етті. Ғалдымдардың мәліметтеріне сүйенсек, АЭС салуға әбден лайықты жерлер ретінде Курчатов, Балхаш және Ақтау қалалары. Электр желілерінің бүгінгі өсу қарқынын есепке алсақ, онда 600 МВт қуатқа дейінгі блоктар пайдалану қажет болмақ. Сонымен қатар стансаны салғанда жер сілкінісінен бастап аспаннан құлайтын метеориттерге дейінгі оқыс жағдайларды ескеру керек. Мұндай стансаның құрылысын жүргізуге Курчатов дайын, ал электр энергиясын Шығыс энергетикалық аймағы өз міндетіне алады. Жобаны әзірлеуден стансада алғашқы киловатт қуатты өндіруге дейінгі атқарылатын жұмыстарға 11 жыл уақыт жұмсалмақ. 600 МВт блогы бар бір стансаның құны салуға 3 млрд доллар.

Пленарлық мәжілісте сонымен бірге Қоршаған орта экономикасы еуропалық институтының негізін қалаушы Кристиан Штиглиц, ЕҚЫҰ сарапшысы Александр Мирошниченко, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов және басқалары сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды.

– Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдары жасалынған екен. Бүгінгі форум аясындла осыған көз жеткіздік. Сондықтан біз теориялық жағынан қол ұшын созуға дайынбыз. Алайда сіздерде судың ластануы және қалдықтарды жерге көму сияқты мәселелер әлі де бар сияқты. Бірінші кезекте осылардан құтылу керек. Оны шешуге біз көмектесеміз, - деді Кристиан Штиглиц.

Жиын соңында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Облыс әкімінің орынбасары Владимир Кошелев пен Қазатомөндіріс ұлттық компаниясының басқарушы директоры Валерий Шевелев жаңартылатын қуат көздері саласында әріптестік байланыс орнату жөнінде келісімге қол қойды. «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қытайлық әріптестерімен жоба құны 18 млрд. теңгеден асатын қаржыға жел электр стансасын салуға келісім жасады.

Халықаралық форум аясында өткізілген пленарлық мәжіліс энергетика, ауылшаруашылығы, су қорлары, ресурстарды үнемдеу және экологиялық туризм тақырыптарын қамтитын секция жұмысына жалғасты.

Айта кету керек, «Жасыл экономиканың» үздік жобалары алдағы уақытта Астана өтетін «EXPO-2017» көрмесінде төрден орын алатын болады.

Abai.kz

0 пікір