Жұма, 3 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 435. Жазылғандар — 27. Қайтыс болғандар — 3
Жаңалықтар 1533 0 пікір 25 Маусым, 2013 сағат 07:12

Бурабайға қай ел үстемдік етеді: Қазақ па, орыс па?

22-23 маусым күндері астаналық бір топ ұлтшыл азаматтар Бурабайға барып,  «Ел мұраты: ұлт, тіл және қазіргі кезең» тақырыбында бас қосты. Шараны Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Ұлттық мүдде шерушілері Бурабайға барған бойдан өздерін Қазақстаннан гөрі Ресейге тап болғандай сезінді: «Астана» демалыс кешенінде бір де қазақстандық телеарна қосылмаған, қызметшілер негізінен ресейлік мемтілді ғана меңгерген, елдің екітілді саясатына қатысты ешбір көрініс байқалмайды. Қонақүйде бір де бір ұлттық тағам жоқ, атрибут көзге түспейді. Бұл жердегі қызмет етуші ұйымдарды санатқа бөліп, оларға тиісті талап қою байқалмайды. Түркиядағы жағдайға қатысты ел азаматтарының бірқатары елде қалып демалуға деген талпыныстарын бұл жағдай быт-шыт қылып отыр. Қыр астында 2017 жылдың ЭКСПО-сы сығалап тұрғанын ескерсек, мына масқара егемен елге тән емес, кім көрінгеннің шұбырып келіп-кететін күрежолына ғана қатысты жәйт.

Аталмыш көрініс  астаналықтардың намысын шабақтап, бірі шағым кітабына жазды, бірі әкімшілікке тиісті талаптарын жаудырды. Алайда бұл мәселе елдегі туристік-курорттық кешендердің Туризм саласын бақылап, үйлестіретін Идустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауына енген Туризм индустриясы комитетінің ісі мен құзырының байқалмайтынын көрсетті.

Өз тілінде өз азаматтарына қызмет етуді талап ете алмайтын мемлекет миллиондаған  шетелдік азаматтар мен жиһанкездерге қандай деңгейде қызмет етпек? Бұл мәселе ашық күйінде келе жатқалы талай жылдың жүзі болды. Өзгеріс өте баяу әрі болмашы ғана.

Алқалы жиында бас қосқандардың ішінде Алаш ақсақалы болып отырған белгілі мемлекет қайраткері Сұлтан Оразалин бастаған зиялы қауым ешбір тарихи тамыры жоқ «Шучинск» атауын Бурабай курорты маңындағы қалашық атауынан аластауды төтесінен қойды. Биыл 300 жылдығы мерекеленбек Алаштың ардақты ханы Абылай ханның құрметіне және оның ту тігіп, тақ орнатқан Көкше өңіріндегі тарихи-мемлекеттік ғұмырын ескере отырып, қала атауына Абылай хан есімін беруді ұсынды. Бұл ұсыныстың осы маңайдағы этностардың саны мен сапасына ешбір қатысы жоқтығы, мемлекеттік тарих пен имиджді қамтитын ішкі идеологияның бірден бір көрсеткіші ретінде қабылдануы керектігі айтылды. Осы бағытта жергілікті билік қауқарлы жұмысты қолға алуы қажет және оған астаналық зиялы қауым өкілдері қол ұшын беруге әзірліктерін жариялады.

Бүгінде елдегі жалғыз автобан болып табылатын Астана-Бурабай арасындағы күрежолға қабаттасқан «Щучинск» сөзі ешбір бұлтақты да, дәйекті де қажет етпесі аян. Бұл атау жергілікті «шабақты», «шортанды» сөздерімен аталған көлдердің орысшаға калька түріндегі аудармасы ғана екендігі белгілі. Және де бұл атау шортан мен шабақтың көптігінен емес, көлдердің көлемін айқындауға, бейнелеуге қолданылған қазақтың «шортан», «шабақ» сөздері еді.

Бұл мәселе ішкі саясат құрылымдарының бірден бір міндеті болып табылады және де жергілікті Тіл басқармаларының әлжуаз мүмкіндігіне салып, оны аяқасты етуге болмайды. Бұл – елдің ішкі саясатының бұлжымас нысаны болып табылады. Бұған мемлекеттік хатшы бас болып кірісуі керек. Ресейдің сібірлік өлкесінен келіп, жаз бойы тегін жатып, маңайды бүлдіріп жөндеріне кететіндерге жабайы туристерге лайықты тәртіп, пен алым түрі тағайындалуы керек, ол қаржы курортты жан-жақты дамытуға, безендіруге, қызмет етуге жұмсалатындай бағыт алғаны жөн екендігі айтылды.

Abai.kz

0 пікір