Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2500 0 пікір 19 Маусым, 2013 сағат 05:23

Қапшағайдың жағажайлары мемлекеттің меншігіне айналуда

«Kazakhstan Today» агенттігінің хабарлауынша, прокурорлық тексеруден кейін Қапшағайдағы ондаған кәсіпкерлер иелік етіп отырған жағажайлар мемлекет меншігіне қайтарылатын болды.

 «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмаған кезеңдерде бизнесмендер адам демалатын жағаларды ғана емес, көлдің акваториясын телім-телімге бөліп меншіктеп алған. Ал бұл заңды өрескел бұзу болып саналады. Әзіргі күні қалталылар заңсыз иемденіп алған жер телімдерін мемлекет қарамағына қайтару үшін бірқатар кәсіпкерлердің мәселесі сотқа тапсырылған. Алматы облыстық прокуратура басқармасының басшысы Сәбит Шембековтың айтуынша, аталған жер телімдері мүлдем басқа мекемелерге тиесілі болған. Алайда, былтырғы жылдың шілдесінде жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге жағажайлармен қатар, 300 гектар аумақты құрайтын су қорын пайдалануды жекеменшіктеріне берген.

Ал заңды белінен басқан кәсіпкерлерге «Атамекен» Одағы ұлттық экономикалық палатасы көмек қолын ұсынуға әзір отыр. Палата мүшелерінің айтуынша, осының кесірінен кәсіпкерлер дөңгелетіп отырған бизнестерінен біржолата айырылып қалуы мүмкін.

– Заң аясында жағалау жанындағы демалыс нысандарының барлығы қиратылады. Бір емес, бірнеше жыл бойы салынған демалыс орындарын бір күннің ішінде жермен-жексен еткен дұрыс емес. Сайып келгенде олардың қабырға көтеруіне мемлекеттік органдардың өзі рұқсат берген, демек, егер олар заң шеңберінде жұмыс істемесе құрылысты әуел бастан тежеуі тиіс еді, – дейді одақтың Алматы облыстық филиалының директоры Мираш Шынасылова.

Әзіргі күні аталмыш мәселе облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының қарауында жатыр. Айта кетелік, жағажай иелерінің үстінен 9 арыз түскен. Егер сот арызданушылардың талап-өтініштерін дұрыс деп тапса, 700 гектардан астам жағажай мемлекет меншігіне қайтарылады. Ал жер телімдерін заңсыз үлестірген шенеуніктер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Abai.kz

0 пікір