Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3056 0 пікір 13 Маусым, 2013 сағат 04:48

Жетім жыласа, өз жерінде жыласын

Күні кеше еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қарас­ты Балалардың құқын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер ханым АҚШ азаматтарына Қазақ елінің жетім балаларын асырап алуға уақытша тыйым салынғанын мәлім етті. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, АҚШ – қазақтың жетім­дерін бауырға басуда жетекші рөл атқаратын елдердің бірі.

Мысалы, ресми деректер бойын­ша, аме­рикалықтар 1999–2011 жыл­­дар ара­лы­ғында шет мем­ле­кет­терден 233 934 бала асырап алса, оның 6 421-і – қазақтың қаракөздері. Ал, жалпы, қазақ баласының шетел­дік­­тердің асы­рауына кеткендерінің жиы­ны 9000 баланы құрайды. Сол шетел­ге кеткен 9000 баланың 6400-і АҚШ-тың асырауында екенін ескер­сек, жетім­де­рі­міз­дің басым бөлігі амери­ка­лықтардың қолында екенін бағам­даймыз. Ал енді неліктен АҚШ-қа бала асырап алуға уа­қыт­ша тыйым салынды? Біздің жетім­де­рімізді жебеу­де пәрменіміз қандай? Ен­де­ше, осы жағын сараптап көрелік...

Күні кеше еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қарас­ты Балалардың құқын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер ханым АҚШ азаматтарына Қазақ елінің жетім балаларын асырап алуға уақытша тыйым салынғанын мәлім етті. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, АҚШ – қазақтың жетім­дерін бауырға басуда жетекші рөл атқаратын елдердің бірі.

Мысалы, ресми деректер бойын­ша, аме­рикалықтар 1999–2011 жыл­­дар ара­лы­ғында шет мем­ле­кет­терден 233 934 бала асырап алса, оның 6 421-і – қазақтың қаракөздері. Ал, жалпы, қазақ баласының шетел­дік­­тердің асы­рауына кеткендерінің жиы­ны 9000 баланы құрайды. Сол шетел­ге кеткен 9000 баланың 6400-і АҚШ-тың асырауында екенін ескер­сек, жетім­де­рі­міз­дің басым бөлігі амери­ка­лықтардың қолында екенін бағам­даймыз. Ал енді неліктен АҚШ-қа бала асырап алуға уа­қыт­ша тыйым салынды? Біздің жетім­де­рімізді жебеу­де пәрменіміз қандай? Ен­де­ше, осы жағын сараптап көрелік...

Жалпы, біздің қоғамда шетел­дік­тердің бала асырап алуына қатысты үнемі қызу пікірлер айтылады. Бұл ретте маман­да­ры­мыз­дың қайсыбірі «қазақ жетімін жылатып, қаң­ғырт­па­ған, сондықтан балаларымызды жат жұртқа бермегеніміз абзал» дегенді нық­тап ұстанады. Тіпті осы бір пікірді қуат­тай­тындар тарапынан АҚШ-тың бала асырап алуына уақытша емес, мүлдем мо­ра­торий жариялау қа­жет­тігі де баса айтылуда. Бұған қатысты сарапшыларымыз: «Әншейінде Ресейдің тәжірибесіне жүгін­ген­ді жөн көреміз. Ал былтыр АҚШ аза­мат­тары асырап алған екі жетім баласын ұрып-соққаны үшін Ресей өкіметі аме­ри­калықтарға бала асырап алуға тыйым салу туралы тартысқа толы заңын қабылдады. Осы тұста қазақстандық бақылау орган­да­ры балаларды шетел­ге асырап алуға беру жұмыс­та­рын шетелдік агенттіктермен жал­ғастыра берді.  Егер балаларымыздың қауіпсіздігін ойласақ, бізге де заңмен тыйым салатын кезең жетті» деседі.                     

Дәурен АРЫН, заңгер:

– Біз қанша жерден «Неке және от­ба­сы» туралы Заңға өзгертулер ен­гі­зіп, ол Заңның бала асырап алу туралы пункттерін қатаңдатып, қатаң талап енгізгенімізбен, шетелдік азаматтардың асырауындағы балаларымыздың қауіп­сіз­дігіне 100 пайыз кепілдік бере алмай­мыз. Күніцц кеше қазақтың да екі жетім баласының АҚШ-та зәбір көр­ген­дігі, олардың оқу-тоқусыз жүргендігі, мектеп бағдарламасын меңгермегендігі анықталды. Мұндай деректерді қаз­ба­ла­сақ, зерттесек, бақылауды кү­шейт­сек, көптеп келтіруге болар еді. Өкі­ніш­ке қарай, бізде сол шетелге кеткен балалардың тағдырына мемлекеттік тұрғыда алаңдау, оны зерттеу, қада­ға­лау тұсы әлсіз. Рас, алғашқы 1999 жылдары шетелдік бала асырап алу­шы­лар баланы тікелей асырап алатын еді. Қазір бала асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар – агенттіктер, рес­пуб­лика аумағындағы өздерінің фи­лиал­дары мен өкілдіктері арқылы жібе­ріледі. Десек те, сол агенттіктердің, өкіл­діктердің бақылауды келістіре алып отырғандығына, шынымен де, заң жүзінде жұмыс істейтініне ешкім 100 пайыз сенімді емес. Сондықтан біз же­тімдерімізді жебегіміз келсе, оларды асырап алуға шетелдіктерді емес, өзі­міздің отандық асырап алушыларды жұмылдыруымыз керек. Жетім бала­лар­дың шетелге кеткені қауіпті, өз Отаны­мызда асыраушы тапқаны қауіп­сіз. Демек, отандық бала асырап алу­шы­ларға елде жағдай жасалуы керек.

Абзалында, отандық дегеннен шы­ға­ды, 1999 жылдан бері елде 47 мың сәби асырап алынды десек, оның тоғыз мыңы шетелде жүрсе, жыл сайын қазақ­стан­дық­тар үш мыңға тарта сәбиді бауырына баса­ды екен. Осыған қарап, шынымен де, ел­дегі жетім балаларды бауырына басқысы келетіндерге қолайлы жағдай туғызу қажет­тігін пайымдайсың.

Жетімді асырап алғандарға қолдау керек

Жалпы, қазірде өз еліміздің азамат­та­ры­ның бала асырап алуға деген құл­шы­ны­сының жаман еместігін аңғарамыз. Тіпті бір кездері «әр шенеунік бір-бірден бала асырап алсын» деген бастама көтеріліп, артынша оның аяқсыз қалып қойғаны да белгілі. Осындай үндеулер әсер етті ме, әйтеуір, бүгінде ел азаматтарының жетім­дерді асырап алуға өтініші еселеп өскен. Бірақ сол асырап алушыларға мемлекеттік жәрдемақы мен бір реттік төлем төлеуде біз өркениетті елдермен салыстырғанда анағұрлым төменшіктеп жатырмыз. Негі­зін­де, халықаралық сарапшылардың есеп­теуін­ше, әр ел өзінің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық жағдайына, аймақтық әлеуетіне қарай жетім балаларды асырап алу­шы­лар­ға қомақты төлемақы төлеуге талпынуы тиіс. Мысалы, Қазақ елінің мұндай жағ­дайын ескеріп отырған мамандар «бір жетім баланы асырап алған отбасына ірі қалаларда, облыс орталықтарында ай сайын 132 мың теңге жәрдемақы төленуі қажет» дейді. Өкінішке қарай, бізде бала асырап алған отбасына төленер ай сайын­ғы жәрдем мен бір реттік төлем мұндай со­маны маңайламайды да...

Аймара ТІЛЕУКЕҚЫЗЫ, әлеуметтанушы:

–  Бізде балаларды асырап алушы­лар­­ға жәрдемақы, бір реттік төлем табыс­тау мәселесі бұрыннан қарас­ты­ры­лып келеді. Бірақ 15-20 мың тең­генің айналасында төленер ай сайынғы төлемді айтудың өзі күлкілі. Аңғар­ға­ным, шетелде бала асырап алғандарға төленер сома қомақты. Мысалы, Израиль­де бір баланы асырап алған отбасына ай сайын теңгеге шаққанда 446 мың теңге қаржы төленіп тұрады. Бұл дегеніңіз – 3 мың доллар. Ал олар­дың бір реттік алатын сыйақысы 779 мың теңгені құрайды. Біз қарапайым ғана 150 мың теңге немесе мың дол­лар­дың көлемінде жәрдемақы тағайын­дауға қабілетсізбіз. Негізінде, бір баланың өзінің керек-жарағын түгендеу үшін ай сайын 20 мың теңгенің жетпейтіні анық. Сондықтан тиісті орын­дар жәрдемақы көлемін өсіруді қарастырғаны абзал. Қомақты жәр­дем­ақы төленер болса, баланы асырап алушылар ол баланың болашағына сенімді болады. Ол баланы барлық жағдайда қамтамасыз ете алатынына көз жетіп, көңілі орнығады. Сондықтан отандық бала асырап алушыларға жәрдемақы мен бір реттік төлемді көбейту керек. Сонда жетім бала­ла­ры­мыз­дың елімізде қалуына үлкен мүмкіндік туады.

Асырап алып азап шектіретіндерге заңды күшейткен жөн

Негізінде, сол жетім балаларды асырап алып, азап шектіретіндер дерегінің де бары рас. Мысалы, өткенде ғана Алматы облы­сында бір-екі баланы емес, 129 жетімді бір­дей асырап алып, олардың 45-інің рес­ми асыраушысы болып тіркелген шіркеу қызметкері жетімдерді ұрып-соғып, ғи­ба­дат жасауға мәжбүрлегені үшін жауапқа тартылды. «Тергеу барысында оның ба­ла­лар­ға қол көтергендігі, ұрып-соғып зәбір көргені анықталса да, оның мұндай әре­кет­терді жасағанына үш айдан артық уақыт өткендіктен ол жауап­кер­ші­ліктен құтылып кетіп отыр. Сондықтан жазасын алмады» дейді мамандар. Міне, болашақта осын­дай келеңсіз жайттарды болдырмау мақ­са­тында жетімдерді пайдаланып, ақшаға кенелгісі келетіндер үшін барлық жол жабылуы тиіс.

Түйін

Қалай десек те, жетімдер мәселесі қоғамның көкейіне кірпішешен болып қадалып-ақ тұр. «Жерде бір жетім жыласа, көкте мың періштенің налитынын» жиі ұмытып жүрміз бе, әйтеуір, жетімдерді жебеуде өзге елдермен салыстырғанда мәртебеміз мөлиіп, төмендеп-ақ тұрмыз. Өзге елдер жетімін шетке шашау шығармай, өзінде алып қалуға тырысып жатқан сонау 1999 жылдары біз панасыз балаларымызды мұхит асырдық. Бір ескеретіні – құзыретті органдар: «сол шетелдіктер асырап алған қазақ баласының ол елге барғанда азаматтығы ауыспайды. 18 жасқа толғанда бала қай елде қалатынын өзі таңдайды. Егер Қазақстанға қайтып келгісі келсе, қайтып келеді» дейді. Десек те, шетелден пана тауып, сол жақта асыранды болған бала оң-солын танып, 18-ге келгенде еліне деген мейірімі жанын мазалай қояр ма екен? Керісінше, күні ертең сол мұхит асып кеткен баланың «жетімдік басыма туғанда өз Отаным мені шетке сатып жіберген» деп жүрегіне кек ұяламасына кім кепіл? Сондықтан осы жайттарды ескерсе, біздің тиісті орындар әр баланың елде қалуына, өз Отанынан жылы ұя табуына, өз елінде мейірімге бөленуіне мұрындық болуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3512