Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2524 0 пікір 12 Маусым, 2013 сағат 04:17

Ақтөбедегі авто орталық

Ақтөбе қаласында жаңадан пайдалануға берілген үш қабатты еңселі кешен транспорттық қызмет көрсету сервисі бар, сонымен бірге әкімшілік-спорттық бөлімдерді құрайды. 

Жаңа кешеннің бір қызметі — Қостанай қаласындағы «Агромашхолдинг» машина жасау зауытында шыққан жеңіл көліктерді тұрғындарға сату. Сондай-ақ осы кешенде спорттық шараларды өткізуге мән берілуі жас ұрпақтың жан-жақты дамытуға жасалып отырған қамқорлық іспетті.

Аталған кешенді ел игілігіне ұсынып отырған белгілі кәсіпкер, «Тенке Капитал KZ» ЖШС директоры Сембай Салжанов осы құрылысқа салынған инвестиция көлемі 560 миллион теңге құрағанын айтты. Алдағы уақытта осында жүзден астам еңбек ететін болады. 

Жаңа кешен республикамыздағы танымал «Allur Auto» ж»не «Allur Distribution» компанияларымен серіктестікте жұмыс істейтін болады. «Allur Auto» компаниялар тобының бас директоры Андрей Лаврентьев өткен жылдың желтоқсан айында ғана Қазақстанның бизнесі мен экономикасын дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Атамекен» одағы» ұлттық-экономикалық палатасының медалімен марапатталған болатын. Негізінде бұл — отандық автокөліктер өндірісін өрге бастыру тұрғысындағы еңбектің бағалануы болатын. Мұнда SsangYong корейлік маркідегі қолайлы және сенімді әрі сәнді жеңіл көліктер жинақталады. Бағасы да қонымды. Сондай-ақ зауытта Chance автокөлігі де шығарылады. 

Шараға қатысып, сөз сөйлеген «Allur Distribution» компаниясының бас директоры Алмас Мыңжасаров Ақтөбе қаласында мұндай бірегей автоорталықтың ашылып отырғанына қуаныш білдіріп, алдағы уақытта сенімді серіктестер ретінде қызмет істейтіндіктеріне сенім білдірді. 

Жаңа кешеннің бірінші қабатында сатылатын автокөліктердің көрме залы орналасқан. Тұтынушылар осы арадан өздері қалаған жеңіл көліктің жай-жағдайын, артықшылық-ерекшеліктерін өз көздерімен көріп, білікті мамандардың кеңестерін ала алады. Бір атап өтетін жайт, мұнда алғашқы кезеңде жылына 600 шамасында көлік сату жоспарланып отыр. 

Автокөліктерді жөндеуге және диагностикалық тексеруге арналған техникалық қызмет көрсету орталығы заманауи жабдықтармен қамтылған. Сонымен бірге осы қатардағы автожуу тұрағы барлық экологиялық және техникалық стандарттарға сай жұмыс істемекші. 

Кешеннің екінші қабатында негізінен әкімшілік бөлмелері орналасқан. Мұнда сонымен қатар офистерге, қызмет көрсетуге қатысты бөлмелер ұсынылады. 

Үшінші қабатта жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын әмбебап спорт залы орналасқан. Бұл жерде шағын футболдан, волейболдан, баскетболдан, гандболдан және теннистен жаттығулар, түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Залда жанкүйерлерге арналған 150 орындық орнатылған. 

Бұл спорттық зал соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда қай мезгілде де қалыпты ауа райы сақталады. Оны ауа температурасын реттейтін фанкойлдар жүзеге асырады. 

Отыз адамға арналған кафетерий осында қызмет істеушілермен қатар, келушілерге де өзінің дәмді тағамдарын ұсынады. 

... Сонымен, ақтөбеліктер отандық өндірістегі автокөліктерді енді алысқа бармай-ақ тақымдарына баса алады.

Abai.kz

0 пікір