Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2739 0 пікір 11 Маусым, 2013 сағат 03:22

«Жиһад» ұғымы «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді

Президент Нұрсұлтан На­зар­баев «Тарих толқынында» атты кітабында «Тарих бәрін сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін жә­не осы үшін жауап беретін халық болмы­сының бірден-бір формасы» деген болатын.

Тәуелсіздікті жалғастырудың бас­ты ресурсы мемлекет пен оның көп­ұлтты және көпконфессиялы хал­қының біріге отырып, берік әрі бәсе­ке­ге қабілетті мемлекет құру және Мәң­гілік Ел қалыптастыру жо­лындағы ұлы мақсатқа өзінің материалдық және ру­хани мүм­кін­діктерін жұмылдыра білуінде екендігін жас Қазақстанның 20 жылдан асқан тарихы көрсетіп берді.

Бүгінде бізге тәуелсіздіктің ал­ғашқы күнінен бастап өзіміз таңдап ал­ған конфессияаралық келісім үлгісі тарихи өлшеммен алғанда осын­ша қысқа мерзім аралығында қоғам­ның тұрақты дамуына мықты негіз қалануын қамтамасыз етіп, заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қа­тер­­лерге қасқая қарсы тұруға мүм­кін­діктер берді, әлемнің санаулы ел­дері қатарында экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тұрақты және қарқынды дамуға қол жеткізді деп айтуға толық негіз бар.

Президент Нұрсұлтан На­зар­баев «Тарих толқынында» атты кітабында «Тарих бәрін сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін жә­не осы үшін жауап беретін халық болмы­сының бірден-бір формасы» деген болатын.

Тәуелсіздікті жалғастырудың бас­ты ресурсы мемлекет пен оның көп­ұлтты және көпконфессиялы хал­қының біріге отырып, берік әрі бәсе­ке­ге қабілетті мемлекет құру және Мәң­гілік Ел қалыптастыру жо­лындағы ұлы мақсатқа өзінің материалдық және ру­хани мүм­кін­діктерін жұмылдыра білуінде екендігін жас Қазақстанның 20 жылдан асқан тарихы көрсетіп берді.

Бүгінде бізге тәуелсіздіктің ал­ғашқы күнінен бастап өзіміз таңдап ал­ған конфессияаралық келісім үлгісі тарихи өлшеммен алғанда осын­ша қысқа мерзім аралығында қоғам­ның тұрақты дамуына мықты негіз қалануын қамтамасыз етіп, заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қа­тер­­лерге қасқая қарсы тұруға мүм­кін­діктер берді, әлемнің санаулы ел­дері қатарында экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тұрақты және қарқынды дамуға қол жеткізді деп айтуға толық негіз бар.

Дін саласындағы таңдап алынған мем­лекеттік саясат үлгісі өзінің сын­дарлылығының және қоғамдық қол­дауға ие болуының арқасында екі он­жылдық бойы нық тұрып, әлемдік және қазақстандық сарапшылар қау­ым­­дастығы мойындағандай, ради­кал­ды жамағаттардың қылмыстық әре­кет­терінің алдын алуда және оларды бейтараптандыруда шешуші рөл атқарды.

Әрбір өркениеттің түп негізінде өз ұстанушыларының өмір сүру мә­не­рін айқындайтын қандай да бір дін тұратындығы баршаға аян. Бұл, негізінен, мұсылман адамның тұр­мыс-тіршілігінің барлық қырларын рет­тейтін ислам дініне көбірек қатыс­ты. Ал осы мақалада «ислам және жи­һа­дизм» тақырыбына назарымызды аударудың себебі – исламның қо­ғамды тұрақтандырушы фактор болып табылатын идеологиялық тәжірибесінің маңыздылығында болып отыр. Бұған қоса, мемлекетіміздің болашақ тұрақтылығын қарас­ты­руда қазақстандықтардың басым көп­шілігін құрайтын мұсыл­ман­дардың мүддесін ескермей жасақ­талған кез келген стратегия экс­тре­мистік көріністердің кө­беюіне алып келуі мүмкін деп пайым­дауға болады.

Ең алдымен, діни сауаты жоқ жас­­тардың бүгінде Құрандағы «жи­һад» терминін саясиландырып отыр­ған­дығын атап айту қажет.

Жиһадшылыққа жаңадан елігіп жүргендердің теориясына сәйкес, бүкіл әлем «ислам аумағы» (дәр әл-ислам) және «соғыс аумағы» (дәр әл-харб) болып бөлінген. Бірін­ші­сіне мұсылмандар билігіндегі ел­дер, екіншісіне «дінсіз» билеу­ші­лер басқаратын елдер енеді. Тер­рор­шылардың сенімі бойынша «дәр әл-ислам» «дәр әл-харбпен» мәңгілік соғыс жағдайында болуы тиіс.

Сонымен қатар, радикалды көз­қарастағы кейбір идеологтар «бейбіт келісімдегі аумақ» (дәр ас-сулх) деген санаттағы тағы бір аумақты бөліп көрсетеді. Бұл мұсыл­ман­дар­ға тиесілі емес және олар би­лік жүр­гіз­бейтін жерлер, бірақ оның билеу­шілері өздерін мұсылман мем­ле­кеттерінің вассалы (боданы) санауға және сол үшін белгілі бір мөлшерде салық – «жиза» төлеуге міндетті.

Радикалдар, экстремистер мен тер­­ро­ристердің түсінігінше, мұндай «жа­­һил» (надан) қоғаммен Қиямет қай­ымға дейін талмай күрес жүргізу ке­рек. Осы үшін олар өздерінше тү­сін­­­дірілген «жиһад» ұғымын қолда­нады.

Дегенмен, ислам дінінде «қасиет­ті соғыс» ұғымы жоқ екендігі белгілі. Ол – христиандық термин. Ал шари­ғат бойынша соғыс не әділ (қорға­ныс­тық сипатта), не әділетсіз (жаулап алу сипатында) болуы мүмкін.

Мұсылмандық діни әдебиеттерде «жиһад» ұғымы «дін үшін күрес» деген түсінікке ие және ол мынадай формаларда жүргізіледі:

– «жүрек жиһады» немесе «нәп­сі­ге қарсы жиһад» – адамның өз бой­ын­дағы кемшіліктермен күресі;

– «тіл жиһады» – «жақсылыққа ша­­қыру және жамандықтан тыю»

– «қол жиһады» – адамгершілік нор­маларын бұзушыларға қатысты тиісті жаза қолдану.

«Жиһад» діни термині қасиетті Құ­­ран­да төрт рет кездесетінін атап өте­м­із.

1). «әт-Тәуба» сүресінің 24-аятын­да:«Оларға айт: «Егер әке­­лерің, балаларың, туыстарың, әйел­­дерің, ағайындарың, тапқан мал­дарың, тоқтап қалудан қорыққан саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, оның жіберген Пайғамбарынан әрі оның жолында соғысудан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды» делінген.

2).«әл-Фурқан» сүресінің 52-аятында:«Енді кәпірлерге бағынба және олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз»деп айтылған.

3).«Қажылық» сүресінің 78-аятында:«Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер және Алладан мықтап ұстаңыздар. Ол – сендердің Иелерің» делінеді.

Бұл аяттарда жүрек жиһады туралы айтылып отырғаны айдан-анық. Мұхаммед пайғамбарымыз жиһад туралы айтқанда «жиһадтардың ең ұлысы – адамның өз нәпсісіне қарсы жиһады» деген. Бұл нағыз иманды адам ең алдымен өз жандүниесіне үңі­ліп, кемшіліктерін көре білуі ке­рек, со­дан кейін өзінің барлық кем­ші­лік­терін түзетуге ұмтылуы тиіс дегенді білдіреді.

«Тіл жиһадының» мағынасын қазақ халқының ұлы ойшылы Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» атты тамаша туындысында баршаға түсінікті тілде жеткізе білген:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

4).«Мумтахина» сүресінің 1-аятында: «Әй, иман келтіргендер! Ме­нің дұшпандарымды да, өз дұш­пан­дарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қар­сы келсе де, оларға сүйіспеншілік көр­се­ту­десіңдер. Олар Пайғамбарды да, сен­дерді де Жаратқан Иелерің – Ал­лаға иман келтірдіңдер деп жұрт­тан қуғындады. Сендер Менің жолым­да ризалығымды іздеп, соғысқа шық­қанда, оларға жасырын дос бол­маң­дар» делінеді.

Әрине, Құран мәтіндерін бірінші рет оқып отырған адамға «пұтқа табынушыларды» өлтіруге шақырып тұрғандай көрінуі мүмкін. Оның үстіне бұл аяттың мән-мазмұнын дұрыс түсіну үшін қасиетті Құ­ран­дағы «жиһад» тақырыбына арнал­ған басқа аяттарды да білген жөн. Сонымен қатар, аяттардың не себептен түскендігін білу де абзал. Сондықтан, Құран аяттарын дұрыс түсіну және мағыналарына ой жүгірту үшін ол аяттардың қай уақытта және қандай жағдайларға байланысты Алла тағаладан Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға жеткізілгенін білу қажет. Бұл нақты оқиғаларға қатысты түсірілген аяттарды тым кең мағынада жорымау үшін, сонымен қатар оларға теріс немесе екіұшты мағынадағы түсініктер бермеу үшін қажет.

Шын мәнінде Құранда «жиһад­қа» қатысты аяттардың шығу төр­кінін зерттеу үшін ең алдымен Мұхаммед пайғамбардың Мек­ке­дегі өмірі мен қызметі туралы баян­дайтын тарихи деректерге көз жүгірту қажет.

 

Баршаға белгілі, 613 жылы Мұ­­хам­­мед пайғамбар Мекке тұрғын­дарын ислам дініне ашық шақырып, өз достары мен туыстары және Мек­кенің өзге де тұрғындары арасынан көптеп жақтастар таба бас­тады. Олардың басым көпшілігі бас бостандығынан айырылған құлдар болатын. Ал исламның кең тарала бастауы Мекке билеушілеріне ұнай қоймады, өйткені, олар Қағбаға тәу ететін араб тайпаларының қа­жы­лықтарынан түсетін кірістен айыры­лып қалудан қорықты. Пұтқа табынушылардың бұл наразылықтары алғашқы мұсылмандарды қуғындауға ұласып, соның салдарынан бірқатар мұсылмандар 615 жылы Эфиопияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы­нау алғашқы мұсылмандар үшін қиын-қыстау кезеңде Алла тағала Мұ­хаммед пайғамбарға мыналарды әмір етті:

1). «меккелік көпқұдай­шыл­дар­мен» кикілжіңге түспей, оларды ақиқат дінге «даналықпен және жақ­сы насихатпен» шақыру. Осы жағдайға байланысты «ән-Нахл» сүресінің 125-аятында: «Адамдарды Жаратқан Иеңнің жолына даналыққа және жақсы на­си­хат­қа шақыр. Әрі олармен сыпайы түрде сұхбаттас. Жаратқан Иең ақи­қат жолынан адасқандар кім еке­нін жақсы біледі. Әрі Ол тура жолды тап­қандарды да жақсы біледі»де­лін­ген.

2). Ислам дұшпандарымен қор­­ғаныс түрінде соғыс жүргізу. «Ба­қара» сүресінің 190-аятында:«Өз­деріңмен соғысқандармен Алла жолында шай­қа­сың­дар да шектен шықпаңдар. Не­гі­зінен Алла тағала шектен шығу­шы­ларды жақсы көрмейді»делінген.

Келтірілген аятта Алла тағала Мұ­­хам­мед пайғамбарға өзіне қарсы шық­қандармен тек қорғану үшін күресуді бұйырады. Бұл «Бақара» сүресінің 192-193-аяттарында нақ­тылана түскен: «Олармен райларынан қайтқанға дейін, әрі дін Аллаға тән болғанға дейін шайқасыңдар. Егер олар соғысуын қойса, Алла оларды жарылқайды, мейіріміне алады. Жау жеңілгеннен кейін залымдармен ғана ымырасыз күресу керек».

Құранның осы аяттары қорғану жә­не қорғансыздар мен әлсіздерді қорғау мақсатында ғана соғысу қа­жеттігін меңзейді. Онда да тек дін­бұзар жаулармен және оның ашық одақтастарымен соғысуға рұқ­сат етілген. Сондықтан қарулы со­ғыс­қа тыйым салынғанымен, Мұхам­мед пайғамбарға және оның жақтас­тарына туып-өскен шаһары – Мек­кеде соғыс жүргізуге тура келді. Мұндай жағдайда діншілдерге ыжда­һат­ты болып, дін үшін күш-жі­герін жұмсау бұйырылған. Ал­ғаш­қы мұсылмандардың жоғарыда кел­тірілген аяттарға берген түсі­нік­темелері оларды осылай түсіну керектігін меңзейді.

Көріп отырғанымыздай, «жиһад» сөзінің осы аяттағы мағынасы ең жи­нақ­талған мағынасы болып табылады. Әртүрлі кезеңдерде өмір сүр­ген Құран тәпсіршілері «жиһадтың» ма­ғынасын «соғыс» деген түсінікпен шек­темеген. Бізге, яғни XXI ғасырда өмір сүріп жатқан мұсылмандарға үм­бетіміздің алғашқы буыны исламды қалай түсінгенін білу және дәл сондай түсінікті ұстану қажет.

Бірде Мұхаммед пайғамбарға бір адам келіп, соғысқа баруға рұқсат алмақ болады. Мұхаммед пайғамбар одан: «Ата-аналарыңның біреуі тірі ме?» деп сұрайды. Әлгі кісі: «Екеуі де тірі» деп жауап береді. Мұхаммед пай­ғам­бар: «Сен Алланың сауабын іздеп жүрсің бе?» деп сұрайды. «Иә» дейді ол. Сонда Мұхаммед пайғамбар: «Ата-анаңа бар да, оларға дұрыс қара» деп бұйырады.

Ол кезеңде Мұхаммед пайғам­бар­дың өкімі бойынша әскери шай­қас­тардан кәмелеттік жасқа толмағандар, әйелдер, қариялар, ақыл-есі толық емес­тер, науқастар мен әлсіздер, сон­дай-ақ шайқасқа қатысуға өз ата-анасынан рұқсат алмағандар босатылды. Сонымен қатар, басқыншы жауға тойтарыс беріп, майдан шебі дұшпанның жерінде болғанда, ол жерлердегі егін алқаптары мен бау-бақшаларды жоюға да тыйым салынған болатын.

Жоғарыдағы айтылғандарды қо­рытындылай келе, мұндай жан-жақ­ты талдау Пайғамбарды үл­гі тұтатын сүннет жолындағы мұсылмандарға әсер етуі тиіс, қазіргі мұсылмандар ислам заңдылықтарына сай шешім шығару үшін тұтас мәтінге ерекше назар аударғаны жөн деп санаймыз.

Тағы бір атап айтарымыз, Құранға оның толық мәтіні мен аяттарының түсу тарихын білетін ғалымдар ғана дұрыс түсіндіре алады. Осы ретте 2012 жылы 25-27 мамыр күндері Мәс­кеуде, одан кейін Грозныйда Ре­сей, Кувейт, Қатар және басқа да мұ­сыл­ман елдерінің белгілі дін қай­рат­керлерінің ұйымдастыруымен «Ислам доктринасы радикализмге қарсы» атты халықаралық конференция өткізілгенін атап өткім келеді.

Форумның қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда былай делінген: «Исламдағы «жиһад» сөзі көптеген жан-жақты мағынаға ие. Жиһад «ұрыс жүргізу» және «қар­­сы­ласқа қару қолдану» мәнінде ға­на түсінілмеуге тиіс. «Жиһад» ұғы­мын тек ұрыс жүргізумен шектеп, жиһадтың Алла жолында жасалатын басқа игі амалдарын ескермей тас­тау дұрыс емес. Мұндай қадам жал­­ған жала мен орынсыз ойларға же­­телейді. Жиһад Алла жолында жа­­са­­лады және ол бү­лікке айналмауы керек. Жиһадтың ізгі мән-мақ­са­­ты осында жатыр. Жиһад адам­дар­дың ақиқатқа қарай тура жолмен жү­руінің және Құдайға құлшылық етуі­нің маңызды құралы болып табылады».

Жиһадқа мұндай түсінік берілу себебі – бұдан бір жыл бұрын дін ғұ­ла­малары тарапынан арнайы тұжы­рым­дама жасалып, оның мәні мен маз­мұны жиһадты «жойқын жоба» не­месе «кек алу жоспары» ретінде са­намайтын мұсылман дінінің өрке­ниеттік сипаты мен миссиясына сәй­кестендірілгендігінде. Исламның өзі әділетсіздіктің кез келген көрінісіне жол бермейді. Жалпылай алғанда, жиһадты «адамдардың ақиқатқа қарай тура жолмен жүруінің және Құдайға құлшылық етуінің маңызды құралы» ретінде тану оның ешбір жалған қоспасыз, шынайы сипатын білдіреді.

Осыған байланысты айтылған Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Рафил Гайнутдиннің мына тұ­жы­рымы атап айтуға тұрарлық: «Же­ке­леген экстремистік жалған ис­лам­дық топтардың жиһад жөніндегі тү­сіндірмелері, сондай-ақ кейбір БАҚ-тың жиһадты «кәпірлерге қарсы со­ғыс» ретінде түсіндіруі жалған әрі Құ­ран мен сүннетке қарама-қайшы болып келеді. Өйткені, соғыс арқылы өз дініне кіргізу өзгенің мүлкін иелену секілді исламда мүлдем жол берілмейтін жайттардың қатарынан саналады».

Қоғамымызда кеңінен таралған «жиһад» туралы жаңсақ түсініктің қасаң қателіктерін жоққа шығару үшін мынадай маңызды жайтқа да баса назар аударғым келеді. Ислам тер­минологиясында «жиһад» сөзі Алла жо­лындағы күрес, яғни Алланың әмі­ріне сәйкес өмір сүру үшін мұсылмандар тарапынан жасалатын іс-әрекет мәніндегі жалпылама мазмұнда қарастырылады. Бұған Алла тағаланың Құранда айтылған сөздері дәлел: «Шынайы иман келтіргендер – шын мәнінде Аллаға және оның Елшісіне сенгендер, сосын күдіктенбей, Алла жолында мал-жанын сарп еткендер. Міне, солар – шыншылдар» («әл-Хұжырат» сүресінің 15-аяты).

Осындай алғышарттардың шы­найылығы мен маңыздылығымен қатар Құранда да, ислами әдебиетте де араб тіліндегі «жиһад» сөзінің мағынасы «тырысу», «талпыну», «бар күшін салу», «мақсатқа жету жолындағы қиын­дықтарды табан­ды­лықпен көтере білу» дегенді біл­діретінін, ал қазіргі заманауи түсінікте бұл ұғым мүлде басқа: «Ал­ла жолында малы мен жанын аямау, Алла жолында тер төгіп, қызмет ету» секілді терең және ізгі ұғымға ие екенін атап айтқан жөн.

Құранға сәйкес «жиһад» ұғымы адам өмірінің көптеген қырларына әртүрлі деңгейде қатысты болып табылады. Қазіргі таңда мұсылман әле­мінде «жиһадты» әлеуметтік-эко­но­микалық даму мен нақты мақ­саттарға жету жолында барынша күш салу үрдісі ретінде кең мағы­нада түсіндіріледі. Мысалы, құнар­лы жерлердің шө­лейт­ке айналуымен күрес, астық нау­қаны, сауат­сыз­дықты жою және т.б. жө­нін­­де сөз қозғалғанда, «жи­һад» ұғы­мы қол­да­нылады. Сон­дық­тан да болар, Иранда Ауыл ша­руа­шы­лы­ғы министрлігін «Ауыл ша­руа­шы­лы­ғын­дағы жиһад министрлігі» деп ресми атайды.

Өкінішке қарай, терроршылар «жи­һад» тұжырымдамасын өздерінің көзқарастарын қолдамайтын жандарды өлтіруін ақтау мақсатында пайдаланады. Қылмыскерлердің осы тобы жиһадты мұсылманның бір парызындай қабылдап, Алла тағала белгілеп берген бес парызды алтауға шығарып жіберді. Басқаша айтқанда, бүгінгі таңда бұл жалған сенімді жасанды түрде енгізу радикалды ислам топтарында айқын көрініс беріп, мемлекет пен қоғамға қарсы қауіп-қатерлермен байланысты болып отыр.

Исламдық радикализмді ұста­нушылардың мұндай әдістері мен стратегиялары заманауи әлемде діни экстремизм көріністерін туындатып, тіпті, дами келе, халықаралық терроризмге дейін ұласуда. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, дүниежүзінде жыл сайын 320-дан 660-қа дейін террорлық актілер жасалады, олардың төрттен үші ислам атын жамылған лаңкестерге тиесілі. Терроризмнің барлық түрлерінің ортақ тұсы – өз арамза мақсаттарына қол жеткізудің басты құралы ретінде өздерінің дүниетанымын, идеологиясын, мінез-құлқын, өмір сүру салтын күштеп таңу, бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіру немесе өлтірумен қорқыту және зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерін пайдалану.

Дін атын жамылған экстремистік және террористік идеологиялардың таралу үрдісі соңғы кездері бүкіл әлемде кең көлемді сипат алуда, бұл адамзат қоғамының тұрақтылығына төнген айқын қауіп болып отыр. Міне, сондықтан да Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» ат­ты өзінің Қазақстан халқына Жол­дау­ында радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қар­сы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды қыз­мет бағыты ретінде белгіледі. Сон­дай-ақ, Елбасымыздың Жолдауында қоғам ішінде, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сонымен қатар, халқымыздың зай­ыр­лы мемле­кет – Қазақстан Рес­публикасының салт-дәстүрлері мен мә­дени құн­ды­лық­­тарына сәйкес келетін діни санасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді.

Қазіргі таңда Елбасымыздың тапсырмасымен бес жылға жоспарланған Қазақстан Республикасындағы Діни экстремизм мен терроризм­ге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағ­дарлама жасалды. Бұл бағдарламаның мақсаты – діни экстремизм көрініс­тері­нің алдын алу және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғам­ның және мем­лекеттің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету.

2017 жылға қарай Қазақстан хал­қы, соның ішінде жастар, әсіресе, ді­­ни негіздегі радикалды идеология ықпалына бейім немесе соған ұшы­­ра­ғандар экстремизм мен терроризм идея­ларына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешен­ді алдын алу жұмыстарымен қамты­латын болады.

Қайрат Лама ШӘРІП,

Дін істері агенттігінің төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610