Бейсенбі, 3 Желтоқсан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 133887. Жазылғандар — 118004. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 1711 0 пікір 7 Маусым, 2013 сағат 18:35

Орыстілді қауым­ның ішінде миллиондаған қа­зақ­тар да бар

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы

 – Жақында Қазақстан халқы ас­самб­леясының ХХ сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атау­мен өткені белгілі. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі еке­нін мықтап есте ұстаған абзал. Тату­лық пен тұрақтылық ел иесі ре­тін­де ең алдымен қазаққа керек! Қазақ­тың ынтымағы мен бірлігі мықты бол­­майынша, мемлекеттің тұтастық кел­бетін сақтау мүмкін емес» деді. Сон­­­дай-ақ Елбасы «қазіргі кезеңде бі­рін­­ші орынға «қазақ халқының ұлттық бірлік үдерісіндегі рөлін нығайту міндеті шығып отырғандығын» тілге тиек етті. Биік мінберден қазақ мәселесі қайта көтеріле бастады.

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы

 – Жақында Қазақстан халқы ас­самб­леясының ХХ сессиясы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атау­мен өткені белгілі. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі еке­нін мықтап есте ұстаған абзал. Тату­лық пен тұрақтылық ел иесі ре­тін­де ең алдымен қазаққа керек! Қазақ­тың ынтымағы мен бірлігі мықты бол­­майынша, мемлекеттің тұтастық кел­бетін сақтау мүмкін емес» деді. Сон­­­дай-ақ Елбасы «қазіргі кезеңде бі­рін­­ші орынға «қазақ халқының ұлттық бірлік үдерісіндегі рөлін нығайту міндеті шығып отырғандығын» тілге тиек етті. Биік мінберден қазақ мәселесі қайта көтеріле бастады.
– Биік мінберден қазақ мәселесі 1989 жылдан бастап көтеріліп келе­ді. Біреулер өз пікірін жан-жағына қа­­рап жал­тақтап айтса, енді біреулер ыш­қы­на айқайлап айтты. Өкінішке қарай, сөз­ден іске көшу әлі де кейінге қалып ке­леді. Меніңше, Ассамблеяның бас­­­ты міндеті – ғасырлар бойы бодандықта бол­ған қазақ елінің өз алдына ту кө­­­­­те­ріп, мемлекеттік болғанына кө­мек­­­­­тесу, сол елдің іргетасын бір­л­есіп қалау болуы керек. Қазақ мемлекетінің – өздерінің де мемлекеті екендігін түсінбей жатқан диаспора өкілдеріне түсіндіру, ал әлі де ХХІ ға­сыр үшін ескіліктің сарқыншағы бо­лып табылатын ұлы орыстық, ұлы державалық идеологияның шыр­мауы­нан құтыла алмай жүргендерді орнына қоя білу. Әрине, мемлекеттің өзегі бо­лып отырған қазақтың өзінде бірлік бол­маса, жан-жаққа қарағыштап, алаң­дап отырған, ашығын айтсақ, көп­ші­лігі әлі де болса кеңестік заманды аң­сайтын, қазақтың мемлекет болуын мойын­дағысы келмейтін өзге ұлт өкіл­дерінің бөтен жолға түсуі әбден мүм­кін. Сондықтан болу керек, соң­ғ­ы уақытта күн тәртібіне қазақтың  бі­рлігін сақтап қалу мәселесі де ашық қойы­ла бастады. Оның себебі – қазақ ұл­тының ішіндегі бөлініс процесінің те­реңдеуі. Тілге байланысты – «таза қа­зақ», «шала қазақ», «орыстілді  қазақ» бо­лып бөлінсек, діни сенім жағынан – «салафиттер», «йассауишілер», т.б. бо­лып бөлінудеміз. «Бөлінгенді бөрі жей­ді» дейді қазақ...
Біздің тағы бір басты қатеміз – өзі­міз аяғымыздан тұрмай жатып, «осы жердің иесі біз ғой, басқаларға қол­дау көрсетейік, сүйеу болайық» де­геніміз. Кеңестік психологиядағы, орыс­тық тәрбие алған азаматтардың көп­шілігі біздің жақсы ниетімізді қор­қақтық, жасқаншақтық, рухы түс­кендік, басылып қалғандық деп тү­сінді. Біреуге демеу болуы үшін, өзің де кеудеңді көтеріп жүруің керек қой. Сон­дықтан болуы керек, көптеген бас­қа ұлт өкілдері «қазақ мемлекеті» де­ген сөздің мағынасын түсінбегені (тү­сінгісі келмегені) былай тұрсын, қа­бақтарын қарс түйіп, тыржия қарсы ала­тын болды.
– Осы жиында Елбасы: «Қоғамды тас­тай қатырып, тұтастыратын фактор ке­рек, ол – қазақ тілі болмақ! Қазақ же­рі 100-ден астам этносты біріктірді. Әри­не, осынау барлық этникалық әрал­уандылық бір ұлтқа айналуы үшін жақ­сы «цемент» керек. Осы орайда бү­гінде ұлтты «цементтейтін» басты фак­тор – мемлекеттің тілі – қазақ тілі бо­лып табылады! – дегенді де айтты. Сәл ары тарихқа көз жүгіртсек, осыдан тура бір ғасыр бұрын Алашорда азаматтары, ха­лықтың біртуар ұлдары Әлихан Бө­кей­ханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ағар­тушы топ қазақтың тілі үшін күресті. Дәл сол мәселе қазір тағы алдымыздан шы­ғып отыр. Егемендігіміздің бір кепілі бо­латын ана тіліміздің әлі күнге өз елінде өгей баланың күйін кешуі неліктен?
– Бәрі дұрыс! Алайда осы сөз 1989 жылдан бері айтылып келеді, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қо­ғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ететін деңгейге көтерілген жоқ. Ашығын айту керек, ширек ғасыр өтсе де, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліне – өздерінің мемлекеттерінің тіліне деген көзқарасы сын көтермейді. Славян тектілерді былай қойғанда, түбі бір түр­кі халықпыз деп жүрген туысқан ұлт өкілдерінің өздері мемлекеттік тілдің болашағына сенімсіздікпен қарайды. Бір ғана мысал: 2006 жылғы деректер бойынша, балаларын қазақ мектебіне беретін ұлт өкілдерінің алдында қырғыз бауырлар келеді. Олардың 27 пайызы балаларын қазақ мектебіне береді. Ал ұй­ғыр бауырлардың 7 пайызы ғана қа­зақ мектебіне барады екен де, 57 пайызы орыс мектебінде оқиды...
Біздің қоғамның тілдік белгісіне қа­рап екіге жарылғаны да ешкімді таңғалдырмайды. Бір шаңырақтың ас­тында өмір сүріп жатқан орыстілді қауым мен қазақтілді қауымның оқи­тын кітабы да, көретін киносы мен ха­барлары да, әңгімелерінің тақы­рып­тары да әртүрлі. Керек десеңіз, біз­дер әртүрлі оқиғаларға түрлі баға береміз (әсіресе, Шаңырақ оқиғасына, Желтоқсанға, немесе Жаңаөзен оқи­ғасына екітілдік ортаның бір-бірі­не қарама-қарсы пікір білдіргені бәрімізді де ойландыруы керек.) Біртілдік қауым­ның дұрыс дегені екіншісі үшін теріс деген баға алады... Бұл әрал­уандық мақсат бірлігіне алып ке­леді деп ешкім де айта алмайтын бо­лар. Әсіресе, қазақ ұлтының өзек­ті мәселелеріне, оның шешілу жол­да­рына деген орыстілді қауымның көз­қарасы сын көтермейді. Бұл тек «Лад» не «Славян, орыс және казак ұйым­­да­рының асссоциациясы» сияқты бір­ді-екілі ұйымдардың үндеулерінен емес, қарапайым адамдармен пікір­лес­кенде де ашық көзге түседі. Жер-су атау­ларын өзгертіп, тарихи атауларын қай­тару мәселесінен бастап, қазақ мек­тептерін ашу мәселесіне дейін біз­­дің алдымыздан түсіністік пен қол­дау­­дың орнына үнсіз, дәлелсіз, ішкі қар­­сылық шығады. Әрине, мүмкін, ме­нің бұл жеке пікірім – тым қатаң баға бо­лар, бірақ ауруын жасырған...
Айта кету керек, бұл жерде ұлттық не ұлтаралық мәселе іздеудің де қа­же­ті жоқ деп ойлаймын. Орыстілді қауым­ның ішінде миллиондаған қа­зақ­тар да бар. Кейде олардың қазақ мәселесіне қарсылықтары басқа ұлт өкілдерін жолда қалдырады. Меніңше, орыстілді қауым қазақ тарихын, қа­зақ мәдениетін, қазақ идеясын, қа­зақ проблемасын өзінің туған елінің проблемасы есебінде түсінбесе, осы жағ­дай дәл осы қалпында сақталады. Ал қазақ мәселесін білу – қазақ тілін мең­геруден басталады. Демек, қазақ ті­лін білу – мемлекеттік қызметке ор­наласу, немесе көршіңмен түсінісу ған­а емес, әлеуметтік, ұлтаралық, ішкі саяси тұрақтылықтың да кепілі.
Бүгінгі қолданыстағы «Тіл туралы» заңның (қостілділікті дамытатын, сақ­тайтын, қолдануға мәжбүрлейтін заң!) қазіргі күрделі қоғамдық өмірдің сұ­ранысына сай емес екені белгілі. Сон­дықтан ең бірінші кезекте, «Мем­ле­кеттік тіл туралы» заңды қа­зі­ргі өмір­дің талаптарына сай етіп қа­­был­дайтын уақыт жетті. Сол заң­­да, «Ел бірлігі» доктринасында көр­сетілгендей, мемлекеттік тіл­ді міндеттеу мәселесі қойылуы қа­жет. Екінші қадам – мем­ле­кеттік ба­ла­б­ақшаларды, мүмкіндігі болса, мектептерді толықтай қазақ тіліне көшіру болуы шарт.
– Ұлттың жанашыры болуы тиіс ұлттық  бағыттағы  қоғамдық қозғалыс-тар немен айналысуда? Олардың үні соңғы кезде неге естілмейді? Бұған қандай уәж айтасыз?
– Ұлттың жанашыры – сол ұлттың бар­лық өкілдері деп білемін. Ал ұлттық бағыттағы қоғамдық ұйымдарға ке­ле­тін болсақ, олардың міндеті – бел­гі­лі бір мәселені көрсетіп бастама кө­теру (мысалы, ономастика мәселесі не­ме­се көші-қон мәселесі, т.б.) және сол мәселеге қоғамдық көзқарас қа­лып­тастыру. Өкінішке қарай, қазіргі ұлттық ұйымдар саусақпен санарлық. Ме­ніңше, біздер Жамал апай сияқты «айта-айта шаршаған» кезеңге жеткен сияқтымыз. Қазақ қауымы «дұрыс, әй, атаңнан айналайын» дейді де... өмір­де бітпейтін күйбең тіршіліктерін жал­ғастырады, ал билік «дұрыс қой, бі­рақ асықпайық, бәрібір күнде жа­сал­­майды» деп ақыл айтады. Зиялы қа­уым деп аталатын топ да баяғы 90-жылдардағы күйлерінен таймай, Пре­зиденттің стипендиясы қашан болар екен деп, қалғып отыр...
Екіншіден, қоғамдық-саяси қоз­ға­лыстардың көтерген мәселелері бар­лық көзі ашық азаматтарға жетті, қол­дау тапты деп ойлаймын. Ендігі ке­зек – билікте. Олар қолдарында бар те­тікті пайдалана отырып, ұлттың жа­нып тұрған өзекті мәселелерін  шешуі шарт. Әрине, қо­ғамдық-саяси күштер кейде, билікті мәжбүрлеу мақсатында, пойыздарды тоқ­татып, жолдарды жауып, көшеге адам­дарды да шығара алады (олардың барлығын 90-жылдары тиімді тәсіл ретінде қолданғанбыз да), бірақ 70 пайыз болған қазақтың өз елінде отырып, өзінің мәселесін радикалды тә­сілдерді қолданбай-ақ шешуге бола­ды деп ойлаймын.
 – Қоғамда еліміздегі бірқатар қала­лар­дың атауын айырбастау жайында әңгі­мелер айтыла бастады. Алматыны  – Алма-ата, Семейді – Абай, Өскеменді – Қо­­наев, Павлодарды – Сәтбаев де­ген сияқ­ты. Бұл мәселе қаншалықты қа­жет?
– Біріншіден, қалаларға, елді ме­­кен­­­дерге адамның атын беруге то­­лық қарсымын. «Ұлт тағдыры» да­йын­­­­да­ған «Ономастика туралы» заң­­ның жобасына біздер осындай бап та енгізгенбіз. Ертең сайқал саясат өз­­гер­генде, адамға көзқарастың да өз­ге­ретінін ұмытпауымыз керек. Тарихта екі-үш адамның атын ауыстырып үл­­гірген қалалар да бар. (Кешегі Ұлы Лениннің атын немереміз түгіл, ба­лаларымыз да білмейді...)
Екіншіден, «Алма-атаны» ұсынып жүр­гендер – біздің қаламызға 20-жыл­дары осы атты берген большевикті  (өзі – қа­зақ азаматы) қолдаушы ком­мунис­тер ғана. Меніңше, Сейдуманов та, Матаев та нағыз қайтпас коммунистер болуы ке­рек.
Большевиктің «Алма-ата» деген атау­ды, көрші «Әулие-атаға» еліктеп қойғаны да белгілі. Соған қарағанда, ком­мунист болса да, іштей құдайға се­нетін, әулиені сыйлайтын адам болуы ке­рек. Қазақта осындай нұсқадағы жер-су атаулары бар екендігі де белгілі. Ақ­тауда «Шопан-ата», Жамбылда «Қош­қар-ата» деген жер атаулары бар. Біреулер «Алматы» қазақ тіліндегі атау да, «Алма-ата» орыс тіліндегі атау дей­тін көрінеді. Бұл – түсінбестіктен туған ақымақтық. Матаев мырза Алматыға үш атау беру туралы да пікір білдіріпті. Меніңше, әр заттың бір мағынасы, сол мағынаға берілген атауы болмақ. Еш­­кім де Сейтқазы Матаевты орыс тілінде Станислав Матвеев, ал ағыл­шын тілінде Скрудж Макнаб деп ата­май­ды ғой. Басқа елдің азаматтары тіл­дерін бұрмаласа да, Сейтқазы деуге ты­рысатыны белгілі. Әрине, бізде пі­кір бостандығы бар, сондықтан
бо­ль­­шевик діншіл қазақтың пікірін қол­дауға әркімнің де құқығы бар, ал ма­ған осы Алматы жағады.
Үшіншіден, Семейді – Абай, Өс­ке­менді – Қонаев, Павлодарды – Сәт­баев етуге де қарсымын. Оның басты се­бебін басында айтып та кеттім. Ме­нің­ше, Семей де, Өскемен де қазақ­ша­­ланған атау деп білемін. Тек қана осы­ны ресми деңгейде міндеттеу жет­­пей жатыр. Қаланың аты бір ғана нұс­қамен жазылуы шарт. Сондықтан «Усть-Каменогорск» деген атау ресми қол­даныстан толық алынып тасталғаны дұ­рыс. Енді Павлодардың атына ке­лейік. Осыдан төрт жыл бұрын «Ұлт тағ­дыры» осы тақырыпқа байланысты Пав­лодарда дөңгелек үстел өткізгенде де, біреулер «Кереку» нұсқасын қол­да­са, енді біреулер «Ертіс» деген атты ұсы­нып, өзара талас болғанына куә бол­дық. Меніңше, Петропавл мен Пав­лодар қаласының аттарын алмай жа­тып таласу – сол аттың өзгермей қал­уына ғана алып келетін сияқты! Бас­ты мақсат – сол екі қалаға қандай ат беру емес, біздің отаршылдық ке­зе­ңі­міздің таңбасы болып тұрған орыс- тіл­ді атауды алып тастау емес пе! Сол жер­­дегі халықтың басым көпшілігі Ке­реку мен Қызылжарды ұсынса, болмас дау­ды қуып не жынымыз бар?
– Өзгеше бір сұрақ. Жалпы, ұлттық мем­лекет құруда біз қай елдің үлгісін алу­ға тиіспіз?
– Нақты бір елді нұсқап айту өте қиын. Біз өзімізге сай келетін барлық тә­жірибелерді пайдалана аламыз. Ма­ған демократиялық құрылымдары жақ­сы дамыған Еуропа елдері, оның ішін­де Франция, Германия, Англия, Ита­лия сияқты ұлттық мемлекеттер ұнай­ды. Әрине,  ұлттық  дәстүрді  ұс­тану­дан жапон елі алдына жан салмайды деп білемін, ал мемлекеттік тілдің мә­се­лесі жөнінде Франция мен Израиль мем­лекеттері бәрімізге үлгі бола ала­ды.
– Ұлттық идея деп жатамыз. «Ол біз­де жоқ» деп те айтамыз. Неге біз ұлт­тық идеяны Алаш азаматтарының ең­бектерінен іздемейміз?
– Мен тарихшы да, саясаттанушы да емеспін. Алайда Алаштың алды­на қойған мақсат-мүдделерінің тек бі­реуінің ғана жүзеге асқанын үлкен өкі­нішпен айтқым келеді. Ол – қазақ­тар­дың жеке мүфтият құруы туралы мә­селе. Ал өз басым, ұлттық идеяны – қа­зақтың мемлекетін құру деп тү­сіне­мін. Алаш арыстарының да арманы осы. Алаш­тың мұраларын зерттеу соңғы жыл­дары ғана қолға алынғаны белгілі, алай­да Тұрсын Жұртбайды, Мәмбет Қой­гелдінің, Дихан Қамзабекұлы мен Бей­біт Қойшыбаевтардың зерттеулері жал­пы оқырманға толық жеткен жоқ деп ойлаймын. Осы мәселе шешілген уа­қытта Алаш азаматтарының еңбек­те­рінің мемлекеттің болашағын анықтай­тын идеяны жасақтайтыны анық.
 – Марк Твеннің «тәуелсіздікке қол жеткізген ел саяси лотереяда пілді ұт­қанмен бірдей, ал пілді асырау керек» де­ген қанатты сөзі бар. Бостан ел атан­ға­нымызға ширек ғасырға жуық уа­қыт болып қалды. Біз қаншалықты етек-жеңімізді жинаған еңселі ел атана ал­д­ық?
– Етек-жеңімізді жинадық деу­ден аулақпын. Біз әлі де Кеңестік идео­логияның жолымен жүріп келе жат­қан сияқтымыз. Тәуелсіздік алған күн­нен бастап, Кеңес одағының ішінде бол­ған республикалардың басым көп­шілігі коммунистік идеология мен орыс­тан­дыру идеологиясынан арылу мә­селесін алдына қойды. Тоталитарлық жү­йенің әсерінен қалыптасқан ау­ру­дан толықтай құтылмайынша жа­ңа, ұлттық идеологияны ендіре ал­май­тындығын олар жақсы түсінді. Әң­гіме мемлекеттік ту мен әнұранды, ел­­­­таң­­баны ауыстыру емес, адамдардың мем­лекетке көзқарасын, адам құқығы мен еркіндігіне түсінігін, ұлттың та­­ри­­­хы мен мәдениетіне, тілі мен ді­ніне көзқарасын бүтіндей өзгертуде бо­­латын. Өкінішке қарай, біздің елі­міз­дің алғашқы қадамы – Қазақ рес­пуб­ликасының атын «Қазақстанға» ауыс­тыру болды...
90-жылдардағы Тәуелсіздік алу­ға бағытталған ұлт-азаттық қоз­ға­­лы­сы­ның бір құрамдас бөлігі – то­тали­тар­лық басқару жүйесін ауыс­тырып, де­мок­ратиялық жүйеге бет бұру бо­латын. Сон­дықтан болуы керек, бұрынғы одақ­тағы көптеген елдер коммунистік идео­логияның теориясын жасаушылар мен оны жүзеге асырушыларды биліктен алас­татуға күш салды. Жаңа сипаттағы жа­ңа елді бұрынғы идеологтардың би­леуі – сол идеологияның қайта ті­рілуі болып табылатыны да айдан анық мәселе. Прибалтика елдерінде ком­партияның басшылары барлық мем­лекеттік басқару жұмыстарынан шы­ғарылды (көп жағдайда, азаматтық мін­езі бар қайсар жандардың өздері-ақ «компартияның сара жолын» мо­йын­дамайтын жүйеге қызмет істеуден бас тартты.). Бұрынғы компартия тари­хы­нан не ғылыми коммунизмнен атақ, лауазым алған, оқытушы бол­ған докторлар «жалған ғылымды на­сихаттағаны үшін» заң бойынша жұ­мыстан шығарылды. Коммунистік идеологияны халықтың санасына сің­діру үшін жасалынған белгілер (ес­керткіштер, қала, көше аттары) алы­нып тасталды, идеологиялық мақ­саттағы кино-телеөнімдер көрсе­тіл­мейтін болды, т.т. Сонымен қатар Кеңес өкіметі кезіндегі сыртқы және ішкі саяси қателіктер жаңа тұрғыдан ба­ғаланды.
Ал бізде компартияның тарихынан са­­бақ берген ғалымдар, бір күннің ішін­­де «Қазақстан тарихының» ма­ма­­ны, ал өмір бойы Құдайдың жоқ екен­­дігін ғылыми түрде дәлелдеген атеи­змнің білікті ғұламалары «Діннің та­­рихынан» сабақ бере бастады. Ме­нің­ше, бұл жағдай қазақ тілі мама­ны­ның кванттық физикадан дәріс оқуынан бірде кем емес. Тәуелсіздік үшін тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан желтоқсандықтарға ескерткіш қоюға жарамаған облыс басшылары, басқа елге барып, басқыншылық со­ғыс жүргізген адамдарға (олардың тағ­­дырлары аянышты екендігін, Ке­ңес идеологиясының құрбандары  екен­дігін мойындаймын, бірақ өзінің елін, жерін қорғамаған адамдарға ескерткіш қою – ақылға сыймайды) арнап облыс ор­талықтарында ескерткіштер қоя бас­тадық. Осыдан бес-алты жыл бұ­рын Қазақстан комсомолдарының өз­дерінің тойларын ашықтан-ашық дүрілдеп өткізгендері де осы ке­ңестік идеологияның толықтай сақ­талғанының куәсі. Алматының атын ауыстыру туралы мәселені де көтеріп жатыр... Біз Қазақ елі бо­лып етек-жеңімізді жинап алудың ор­н­ы­на бұрынғы кеңестік жүйенің сар­қыншағынан арыла алмай жатырмыз.
– Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы: «Жаһандану, америкалану, орыс­тану үрдістері үлкен қарқынмен жүріп жатқан тұста, мәдени экспансия бүгін онсыз да қазақ мәдениетіне қауіп төнгізіп тұрғанда, ұлттық тұғырымыз, тіліміз бен мәдениетімізден басқа тілге мәдениетке өту қатері бар» дейді латын әліпбиіне көшуге байланысты. Қандай уәжіңіз бар?
– Орыстар бізге өзінің идео­ло­гия­сын өткізу үшін, әліпбиімізді өзгертіп, өз­де­рінің жазғанын еркін оқуға алып кел­ді. Бұл әліпбиден құтылу – 20-30 жыл­дан кейін орыстың бұқаралық ақ­парат құралдарын біздің немере, шө­берелеріміз оқи алмайтын, түсіне ал­майтын жағдайға алып келсе, мен – ри­замын. Әрине, бес жылдың ішінде тіл­дік реформа жасалмайтыны анық. Бұл тек қана дыбыстардың қабығын ауыс­тыру емес, соңғы уақытта қажет­тілі­гі жеткен тіл ғылымының бірнеше саласын жаңарту, нақтылау, ашығын айтсақ, реформалау. Алайда өз басым, егер фонетик ғалымдардың қолынан келсе, жалпы, түркі әліпбиіне көшкенді қалар едім. Бұл қанымыз бір түркі әле­мінің рухани жақындасуының өзегі болары даусыз. Дегенмен бұл мәселе тек қана «саяси тәсіл ретінде көтерілді ме» деген қаупім де жоқ емес.
– Ұлт «қараңғы», «қауқарсыз», «көм­бiс» болса, оған – интеллигенция кi­нәлi деп жатамыз. Бүгінгі қоғамда зия­лы қауымның рөлі қаншалықты ай­шықты?
– Қазақтар үшін аты халыққа  та­­ны­мал, ақын, жазушы, артист, спорт­шы­лардың барлығы – күрескер сияқты кө­рінеді, солай қабылданады. Оның се­бебі – дәстүрлі қазақ өміріндегі та­­лант­ты адамдардың алатын орны, ат­қа­ратын рөліне байланысты сияқты. Бір­жан да, Жаяу мұса да, Балуан Шо­лақ пен Махамбеттер өз ойларын бүк­песіз айтып, соның салдарынан зор­­лық көрген, сол әділетсіздікке қар­­сы күресіп кеткен жандар. Бұл дәс­­түр ХХ ғасырдың басында да сақ­тал­ды. Қазақ оқығандары ұлттың бо­лашағын ойлады. Ұлттық мемлекет орнату ісіне жандарын сала кірісті. 30-жылдары Кеңес өкіметі оларды қырып тастаса да, 50-жылдары зиялы қауым тағы да бас көтерді (Есенберлин, Бек­ма­ханов, т.б.). Қазақ зиялыларын атып, асып тауыса алмайтындарын біл­ген коммунистік билік осы уақытта жа­ңа тәсілге көшеді. Творчестволық зия­лы қауым өкілдеріне сан түрлі одақ­тар құрылып, қоңыр үстел, қара те­лефон беріледі, творчестволық үй­­лерге демалдырып, кітаптарын жүз­дег­ен мың тиражбен шығарады, т.т. Бұ­рын ұлты үшін жанын беретін зия­лы қауым, бақуатты өмірі үшін арын беретін жасқаншақ, екіжүзді то­бырға айналды. Әрине, олардың та­ланттары жоғалып кеткен жоқ, бірақ азаматтықтарынан ада болды. Ал та­лантқа бас иетін қазақ халқы оларды төбелеріне көтерулерін тоқтатқан жоқ... Жаңа қазақ зиялыларының бет- пердесі 1986 жылы, Желтоқсан кө­те­рілісі кезінде көрінді деп білемін. Ең өкініштісі, сол уақыттағы ұлттың ұлан­дарын жалмаған оқиғаға зиялы қауым өкіл­дерінің ешқайсысы өзінің өкінішін білдірмеді. Меніңше, зиялы деп атала­тын қауымның өмірлік кредолары сол деңгейде қалған сияқты. Осыдан екі жыл бұрын Бибігүл Төлегенованың қа­зақ тіліне қатысты іс-әрекеті – осы­ны дәлелдейді. Ал жастар талант пен азаматтық көзқарастың бір ұғым емес екенін біліп өссе болғаны.
– Ұлтшыл болу жақсы ма, жаман ба?
– Қазақтың барлығы – ұлтшыл. Ұлт­шылдық біздің қанымызда, жүре­гі­міздің түкпірінде, миымыздың қыр­тысында бар. Ұлтшылдық – ұлттың ба­сына, болашағына қауір төнгенде ған­а саяси бағыт есебінде ашық көрініс бе­реді. Ұлтыңа қызмет ету – сөз жоқ, қа­сиетті еңбек.
– Әңгімеңізге рақмет.

Abai.kz

0 пікір