Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3658 0 пікір 24 Маусым, 2013 сағат 06:26

Анкарада «Домбыра Пати (Домбыра думан)» ұйымдастырылды

Туыстас түрік елінде білім алып жүрген қазақ жастары «Домбыра Пати» шарасын ұйымдастырды. Анкарадағы «Жастар саябағында» қазақтың қара домбырасы күмбірлеп, асқақ әні қанат қақты.

Қазақстанда жүріп жатқан игілікті істің ізгі хабарынан құлағдар білімгер жастар, елдегі замандастарының тың бастамасын Түркияда жандандырды.

Анкарадағы шараның артықшылығы –домбыраға тіл бітірген жастардың арасында түрік бауырлардың болуы. Фатих Ұлұташ пен Синан Гөнүлташ сынды өнерпаз жігіттердің домбыра құлағында ойнаған шеберліктері көпшілікті тәнті етті. Екінші ерекшелік – жастар ұйымдастырған шараларына «Домбыра – думан» атауын беруді ұйғарды.

Саябаққа серуендей келгендердің назарын аударған жиында домбыра шанағынан қазақтың тағылымды термесі төгіліп, қастерлі күйі күмбірледі. Әсем әндер әуелеп, буын биі – «Қара жорғаның» сазы жастарды биге үйірді.

Қос ішектің сиқырлы сазы елден жырақ жүрген жастардың сағынышын басқандай болса, өзге жұртқа «Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!» (Қадыр Мырза Әлі) екендігін кезекті рет қапысыз танытты.

Мырзахан Байболов,

Гази университетінің докторанты

Abai.kz

0 пікір