Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2892 0 пікір 20 Маусым, 2013 сағат 07:05

Садық Смағұлов. Сонымен Шыңғыс Хан кім болды?

Сол Шыңғысханның мазары Бурхан-Халду тауында екен. Теңіз деңгейінен 2367метр биіктікте орналасқан. Көше-Сайдам жазығының оңтүстік шығысында 6 км.жерде Шветі-Қайырхан тауында КҮЛТЕГІН кешені бар. Екі ұлы тұлға екеуінің арасында бес ғасыр өтсе де қалай қатар орналасқан. Шыңғысхан кешенінің биіктігі 22 метр, ұзындығы 280 метр, көлденеңі 190 метр екені анықталыпты. Америкалық ғалымдар геофизикалық бақылау жүргізіпті. Радиометр мен радиомагниттік әдістемелер жасалыныпты. Таудың үстіндегі кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарыпты. Ұлдары Өгедей, Толы немерелері Мөңке, Күйік төртеуі жерленгені анықталыпты.

Ұлы қағанның сүйегін сырқыратып мазарын қазса монғол ұлты жер бетінен жойылады- мыс. Себебі Ақсақ Темір мазарын қазғаннан кейін басталған соғыстан халық секемденіп қалған. Мүрдені шынар ағашынан жасалған сандыққа әспеттеп орналастырып, сандықты үш алтын белдікпен сақиналап бекіткен. Алтын белдікті сандық арнайы айналмалы тетікке орнатылған. Тәңірдің қалауы бойынша қасиетті сандық ғасырда бір рет айналып тұрады мыс. Шыңғысқанның басы шығысқа қараған шақта мүрдені ашуға болады-мыс. Басқа уақытта ашса, табиғат апаты болып, соғыс басталады. Адамзатқа емі табылмас індет тарайды-мыс.

Техниканың озық үлгілерін пайдалана отырып мүрдені қазбай-ақ құпиясын ашар уақыт алыс емес сияқты. Араб пирамидаларына қолданылған техникалар Шыңғысхан сырын ашуға жарамапты. Сондықтан ол мәселемен америкалықтардан да басқа ғалымдар шұғылданып жатса керек. Сегіз ғасырға таяу құпиясы ашылмаған сыр сандық біздің заманымызда ашылса неткен ғажап болар еді. Өйткені, Шыңғысханды қазақ екен, оның ішінде жалайыр екен, шапырашты екен дегендер майлы құйрықтарын қысып «ертеңгі қазақтың жағдайы қалай болар екен» деген проблеммамен бас қатырара ма еді?..   

Мен бұл жаңалықты Монғолиядан келген ағайынымнан алып елге жария жасап едім. Ақын, ардақты ағамыз Кәкімбек Салықов бұл жаңалық 2008 жылғы мамыр айының аяғында, маусым айының басында «АНА ТІЛІ» газетінде екі нөмірге жарияланғандығын айтыпты. Соны оқыған «тапқышбектер», «жазғышбектер» осы күнге дейін сабасына түспей неге қоқиланып жүр. Шыңғысхан қазақ болса Отырарды қиратпас еді. Бағынбаған адамдарын аштан қырып, қаланы сақтап, әдеттегідей өз адамдарын отырғызар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551