Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5547 0 пікір 19 Маусым, 2013 сағат 07:20

Сәләфизм – жат ағым!

ҚР ҰҚК төрағасы Н. Әбіқаевқа

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шарифке

 

Ашық Хат

Соңғы кездері қоғам арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында, тіпті билік басында «қалыпты сәләфизм» (умеренный саляфизм) деген ұғым бой көрсетіп, кең талқылауға түсіп жүр. Тіпті, есімі елге белгілі кейбір сарапшыларымыз «қалыпты сәләфизмді» жақтап, диссертациялық жұмыс жазып жүрсе, танымал саясаттанушыларымыз солардың шашпауын көтеріп аудиториясы ауқымды БАҚ беттерінде сұхбат беріп жүр. Олардың сендіруінше, сәләфизм (уаһабшылық) екі түрлі болады: бірі қолына қару алған сәләфилер болса, енді бірі – бейбітшілікті ту еткен, билікке қарсы шықпайтын қалыпты сәләфизм.

Сәләфизмді, расымен де, осылай екіге бөліп қарауға бола ма? Жоқ, әлде, біреуі қасқыр да, ал екіншісі қой терісін жамылған қасқыр ма?

Ол үшін сәләфизмнің тарихына көз жүгіртейік. Жалпы, бұлар «сәләфизм» атауын да кейіннен алғанын айта кетуіміз керек. Себебі, уаһабшылық жер-жерде бүлік салып, тарихта ешқашан жақсы атпен шыққан емес. Сондықтан да, бұл жаманаттан құтылу үшін өздерін «алғашқы салиқалылардың» жолын ұстаушымыз деп сүйкімді көрсеткісі келіп, «сәләф» атын жамылған.

ҚР ҰҚК төрағасы Н. Әбіқаевқа

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ. Лама Шарифке

 

Ашық Хат

Соңғы кездері қоғам арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында, тіпті билік басында «қалыпты сәләфизм» (умеренный саляфизм) деген ұғым бой көрсетіп, кең талқылауға түсіп жүр. Тіпті, есімі елге белгілі кейбір сарапшыларымыз «қалыпты сәләфизмді» жақтап, диссертациялық жұмыс жазып жүрсе, танымал саясаттанушыларымыз солардың шашпауын көтеріп аудиториясы ауқымды БАҚ беттерінде сұхбат беріп жүр. Олардың сендіруінше, сәләфизм (уаһабшылық) екі түрлі болады: бірі қолына қару алған сәләфилер болса, енді бірі – бейбітшілікті ту еткен, билікке қарсы шықпайтын қалыпты сәләфизм.

Сәләфизмді, расымен де, осылай екіге бөліп қарауға бола ма? Жоқ, әлде, біреуі қасқыр да, ал екіншісі қой терісін жамылған қасқыр ма?

Ол үшін сәләфизмнің тарихына көз жүгіртейік. Жалпы, бұлар «сәләфизм» атауын да кейіннен алғанын айта кетуіміз керек. Себебі, уаһабшылық жер-жерде бүлік салып, тарихта ешқашан жақсы атпен шыққан емес. Сондықтан да, бұл жаманаттан құтылу үшін өздерін «алғашқы салиқалылардың» жолын ұстаушымыз деп сүйкімді көрсеткісі келіп, «сәләф» атын жамылған.

Сәләфизм ағымын XIII ғасырда доктриналық тұрғыда жетілдірген Ибн Таймия есімді теолог болды. Хақ діннің өзегі саналатын әһлі-сүннет іліміне мүлде қарама-қайшы келетін Ибн Таймияның ілімімен XVIII ғасырда Сауд Арабиясында өмір сүрген Мұхаммед Абдулуаһаб қаруланып, сол кездегі айбынды империя – Осман билігіне қарсы шығады. Ағылшын алпауыттарынан қолдау тауып, «таза исламды» желеу еткен уаһабшылық осылайша әу баста саяси мақсат-мүддені көздейді. Бұл қозғалыстың сол кездегі ең басты мақсаты – Нәжит аймағындағы уаһабшылдық идеологияның негізінде арабтардың саяси дербестігін құру. Әдепкіде, өз мақсаттарына қол жеткізе алмаса да, ХХ ғасырдың басындағы І Дүниежүзілік соғыста Осман империясының күйреуімен Нәжит арабтары уаһабшылдық идеологияның негізінде өз тәуелсіз иелігін құрды. Кейін 1991 жылдары сәләфизм саяси мәселеге қатысты екі тармаққа бөлінеді. Яғни, сурурия және мадхалия болып. Тоқсаныншы жылдары Ирак билеушісі Саддам Хусейн Кувейтке соғыс ашып, жаулай бастағанда Сауд Арабиясы Бағдаттың әскери әрекетінен қауіптеніп, АҚШ-пен ауыз жаласып, одақтасуға бел буады. Яғни, Ирак Хизаж аймағына әскери шапқыншылық жасай қалған жағдайда, АҚШ Саудияны қорғайтын болып келіседі. Осының нәтижесінде, қасиетті Қағбаға иелік еткен ел Протестанттық алпауыт мемлекетке (АҚШ) протекторат (бір мемлекеттің әскери қорғауында болу) ретінде бағынышты болады. Саудия үкіметінің бұл шешіміне наразы болған Мұхаммед Сурур ибн Нәйф Зейн әл-Абидин бастаған діни азшылық топ король билігін «кәпірге» шығарады. Олардың пайымынша, мұсылман мемлекеті өзге дін өкілдерімен ауыз жаласпауы керек еді. Ал, биліктің саясатын жақтаған Рабиғ ибн Һәди әл-Мадхали бастаған топ Сурурдың ұстанымын теріске шығарып, оларды «Үмбеттің Хауариждері» деп атады. Міне, осылайша сәләфизм діни тұрғыдан емес, саяси тұрғыдан екіге жарылып кете барады. Бірақ, екі тармақтың да ілімі бір қайнардан шығып жатыр. Яғни, екеуінің насихаттайтын идеологиясы ортақ, бір бастаудан су ішеді. Айырмашылық тек саяси ұстанымында. Біреуі билікке қарсы шықпаймыз десе, енді бірі қарумен болса да билікті өздерінің ырқына көндіргісі келеді.

Бұл екі тармақ та бүгінде Қазақстанға тұмсық сұғып, өз идеологияларын екі жақтап насихаттауда. Біздегі тиісті орындар да сурурия тармағын билікке қауіпті, ал мадхалидтер қалыпты деп бөліп қарастырады. Сондықтан да, еліміздің құқыққорғау органдары мадхалидтерді сурурия тобына қарсы қолдану үшін олардың жолына тосқауыл болмай, керісінше бар мүмкіндіктерін ашып беруде. Бұған дәлел – сәләфилікті ашық уағыздап жүрген мадхалидтердің бірқатар сайттары еш тосқауылсыз емін-еркін жұмыс істеуде. Сол сайттары арқылы онлайн сабақтарын ашық жүргізіп келеді. Елдің дүрдараздығын тудыратын сайттарды жабу туралы неше мәрте ұсыныс түссе де, әлі күнге дейін тиісті шаралар қолданылмай келеді. Сондай-ақ, олардың улы әдебиеттері мен аудио-видео уағыздарына мемлекет тарапынан арнайы сараптама жүргізілмей, ресми тыйым салынбаған. Соның себебінен уағыздары мен әдебиеттері әркімнің қолында, үйінде, ғаламторда кезіп жүр. Жастар да қазіргі технологияның мүмкіншіліктерін пайдала отырып сол әдебиеттерді бір-біріне таратуда. Егер бұл әдебиеттер мен уағыздарға заңмен тыйым салынғанда, бұл әрекеттердің иелері заң алдында жауапқа тартылар еді. Өкінішке қарай, олай болмай тұр. Ел имамдары 10 адамның 8-ін бұл ағымнан сақтап қалғанымен, сәләфилер осындай мүмкіндіктер беріп қойғандықтан қалған 2-ін өз жетегінде әкетіп жатыр.

Мадхалидтерді қолға қару алып билікке қарсы шығатын суруриялықтарға қарсы қолдану тактикалық тұрғыдан дұрыс десек те, оларға бар мүмкіншілікті ашып беріп, тайраңдатып қою үлкен қателік. Себебі, осының салдарынан қаншама діннен хабары жоқ немесе дінге енді-енді бет бұрып келе жатқан талай жастарымыз олардың емін-еркін айтылып, еш кедергісіз таратылып жүрген уағыздарының құрбанына айналуда. Сондықтан, оларды тек билікке қарсы әлгі топтың мүшелеріне ғана бағыттап қолдану керек. Яғни, оларға ақпараттық кеңістікті тұтастай беріп қою қауіпті.

Әсілінде сәләфилікті «қалыпты» және «қауіпті» деп екіге жарып қарауға болмайды. Өйткені, олардың оқитын әдебиеттері де, негізгі діни ұстанымдары да ортақ. Бүгінде бірнешеге бөлініп отырған сәләфиліктің қай тармағы болса да ұлттық құндылықтар мен әдет-ғұрыптарымызды Аллаға серік қосу деп, елімізде ғасырлар бойы қалыптасқан діни мектептерді адасқанға санайды.

Жерімізге келген бұл ағым ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі дінімізді теріске шығарып, «ата-бабаң адасқан, таза ислам ол емес, мынау» деп, ата-баба дінін өз ұрпағының аузымен мансұқтата бастады. Осыдан кейін ел іші екіге жарылуда. Халықтың арасынан бет сипап, аруаққа Құран бағыштауға қарсы шығатын жамағат бой көрсетті. Осының кесірінен алауыздық туындап, ат шаптырып, ас беріліп жатқан жерде екі қазақтың басы бір дастарханда түйіспейтін болды.

Сыналап кіре бастаған сәләфизм идеологиясы астан бастап, той-томалақты да жағалай бастады. Үлкенге құрмет көрсетіп, жерден жібек алғандай иіліп сәлем салатын келіндеріміздің белі беташарда бүгілмей, қаққан қазықтай қақиып тұратын болды. Яғни, отбасындағы ұл мен келін «ширк» деп ши шығарып, айрандай ұйыған әулеттің берекесін қашырып, іркіттей ірітіп, отбасылық құндылықтарды құлдыратуға апарды.

Ақыраяғы салт-дәстүрді адасқан ата-бабаның сарқыншағы деп, ырымға қырын қарап, домбыраны шайтанның құралына балап, ұлттық болмыстан айыруға кірісті.

Құран мен Пайғамбар хадисінен басқаның бәрі баянсыз деп, қазақ даласына сан ғасырлар бойы діннің дәнін егіп келген Қожа Ахмет Яссауи, Бұқар Жырау, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр секілді дала ділмарларын да мойындамай, олардың бәрін адасқандарға теңеп, әдебиетіміздің құнды жауһарларын тарих бетінен өшіруге күш салуда. Себебі, олар Орта Азияда қанатын кеңге жайған Мәтурудия ақидасының өкілдері саналады. Ал сәләфизм әһлі-сүннет уәл жамағат ақидалары: матуруди мен әшғариді адасқан ағым деп есептейді. Ол аз десеңіз, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баб, Қарахан секілді айтулы тұлғаларымыздың кесенесін де «ширк» деп жарып жіберуге шақ қалып тұр.

Ең қорқыныштысы, ел мұсылмандары ұйып отырған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарсы насихат жүргізіп, имамдардың сыртынан ғайбат айтып, білімсіз наданға теңеп, елді дел-сал күйге түсірді. Тіпті, мешіттің ішінде де алауыздық туындап, жамағат екіге бөлініп, имамға ұюды қойғандар да шығуда. Халық осылардың кесірінен баласын мешітке жіберуге қорқады. Не керек, баласы иманға бет бұрып, намазға жығылғаны үшін ата-анасы қуанғанның орнына «балам басқа ағымға кетіп қалмады ма?» деп те үрейленетін болды.

Енді елдің ішін осылай алатайдай бүлдіріп, ынтымағана сызат түсіріп, діни дүрдараздыққа себеп болып отырған сәләфилік идеологиясын қалай ғана «қалыпты» деп бөліп қарауға болады. «Қалыпты» деген сөз елімізге еш қаупі жоқ дегенді білдіреді емес пе? Ал олардың қазірге қару алмағандығын ескеріп, бұлай дейтін болсақ, онда иеговаларды да, ахмадияшыларды да «қауіпсіз» деп жайбарақат отыра беруіміз қажет.

Сәләфизмнің бұлардан басқа елімізде тағы бір тобы бар. Олар өздерінің түпкі мақсатын айқын көрсетпей, қоғаммен ашық қарсыласпай, бәрімен тіл табыса жүріп қиыннан жол таба білетін топ. Уаһабшылардың бұл әдіс-айласы теология ғылымында «тахия» (жасырыну) деп аталады. Ішкі қалауы айпарадай айқын көрінбегенімен, осы тахияшылар сәләфизм қозғалысының ішіндегі ең қауіпті тармағы саналады. Өйткені, тахияшылар қалың бұқараның қамын жеген болып, көпшіліктің сеніміне кіріп, сәті түскенде, өз идеологияларын тықпалауға тырысып бағады.

Бүгінде бұл ағым өкілдерінің тұмсық сұқпаған жері қалмады. Қара халыққа, қоғамдық пікірге ықпал ете алатын көптеген өнер иелерін, спортшыларды, журналистерді, ақын-жазушыларды, ірі кәсіпкерлерді, тіпті кейбір молдаларды да осы ағымның сапынан көруге болады. Олар көбіне қоғамға сөзі өтетін, белді-беделді тұлғаларды көздейді. Сондай өкілдерді бірнеше мәрте ұмра мен қажылыққа апарып, сол жерде отырған өздерінің уағызшыларына саналарын улап келеді. Олармен қажылыққа барып келгендердің көзқарасы көз алдымызда өзгеріп шыға келгеніне талай мәрте куә болып та жүрміз.

Міне, осылайша түрлі тәсілдермен қоғамға еніп, түрлі тармақтармен идеологиясын жайып келе жатқан сәләфизм ағымының ендігі аңсары еліміздің діни басқармасы мен мемлекеттің тізгінін қолдарына алу.

Осының бәрін қорыта келгенде айтарымыз, сәләфизмге жол ашуымыз өз ұлттығымыздың тамырына балта шабуымыз. Қой терісін жамылып жүрген «қалыпты сәләфизмнің» жолын қазірден кеспесек, терісін сыпырғаннан кейін «айқайлай-айқайлай қасқырдан ұят болды» деу ғана қалады. Одан кейін қолымызды кеш сермеген болады. Егер қазірден бастап сәләфизмнің күре тамырын қыспасақ, ертеңгі күні тыныштығы кетіп, берекесі қашып, тұнығы лайланған Солтүстік Кавказдағы Шешенстанның, Тәжікстанның, Дағыстанның күйін кешеріміз анық.

СОЛ ҮШІН:

– қазірден бастап қоғам арасында «қалыпты сәләфизм» деген ұғымды қалыптастырмақ түгілі ататқызбауымыз керек;

дәстүрлі ханафи мәзһабын насихаттап, сәләфизм деген ағымның қауіпті екенін мектеп қабырғасынан бастап санаға сіңіру қажет, ол үшін Білім және ғылым министрлігі мектеп және жоғарғы оқу орындарында «исламтану» факультативтік пәндерін енгізуі қажет;

барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сәләфизм идеологиясының қоғамға қауіпті, елге жат ағым екенін жаппай түсіндіруге тиіспіз;

мемлекеттің қолдауымен дәстүрлі дінімізді насихаттайтын, халыққа бағыт сілтейтін, ағартушылық бағыттағы радио ашылуы керек;

ақпараттық насихат, ағартушылық жұмыстармен қатар құзырлы органдар да сәләфизмнің ошақтарын анықтап, оларға тиісті шаралар қолдану керек;

шетелде, әсіресе Сауд Арабиясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының арнайы рұқсатынсыз діни білім алып жатқан азаматтарымызды Сыртқы істер министрлігі дереу елге қайтаруы қажет;

сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі шетелдік діни оқу орындарымен мемлекет тарапынан, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының рұқсатымен келмеген Қазақстан азаматтарын оқытпау туралы келісімшарт жасауы керек;

ал оқуға өз бетімен барған азаматтарды кері қайтаруға ықпал ету үшін сол елдің құзырлы органдарымен келісім жасалуы қажет;

– ғаламтор кеңістігінде сәләфизмге қарсы сүзгі орнатып, сот шешімімен сәләфизмнің исі шығатын барлық сайттарға тыйым салу қажет.

 

Досай Кенжетай, түркология зерттеу орталығының директоры, дінтанушы-философ, Қайрат Жолдыбайұлы, ҚМДБ найб-мүфтиі, Әзiрет Сұлтан мешітінің бас имамы, Айдос Сарым, саясаттанушы, Дәурен Қуат, Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы, Мұхан Исахан, заңгер-шариғаттанушы,  Гүлбиғаш Омарова, «Түркістан» газетінің жауапты хатшысы,  Амангелді Құрметұлы, Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы, Қайрат Құрманбай, исламтанушы-докторант, Сайд Абдунайым, исламтанушы-доктарант, Ермек Мұқатай, Алматы телеарнасы «Бес парыз» бағдарламасының жүргізушісі, Төре Қыдырәлі, Шығыстанушы ғалым, Рүстем Сыздықов, дінтанушы, Рахымжан Әкімбеков, исламтанушы, Ербол Өміржанов, заңгер-публицист. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610