Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 10333 0 пікір 18 Маусым, 2013 сағат 13:19

Жайнаған туың жығылмай…

Қазақ ойы мен әдебиетінің кәтепті қара нары - Әбіш ағаның, Әбіш Кекілбаевтың ұлы –  Әулет дүниеден қайтыпты. Жаманат хабарды естіп  күйзеліп отырмыз. Не дейміз, қыршынынан қиылған жас ғұмырдың иманы жолдас болсын. Әбіш аға, бұ фәниден «Жайнаған туы жығылмай» өткен жандардың бәрін еске алып, ел-жұртыңыздың қайғыңызға ортақтастығын ескерерсіз. Бекем болыңыз.

Abai.kz ұжымы

Абай Құнанбайұлы. Оспанға

Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай,

Жас қуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дәулетің

Жасыл шөбі қуармай,

Жарқырап жатқан өзенің

Жайдақ тартып суалмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай.

Жақсы өліпсің, япырмай!

0 пікір