Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2403 0 пікір 18 Маусым, 2013 сағат 06:16

Опера театры орнында. Бір де бір әртіс қызметінен босаған жоқ

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы опера театрының бір де бір әртісі қызметінен кеткен жоқ. Бүгін мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

«Кей бұқаралық ақпарат құралдары – байқау кезінде көптеген әртістер жұмыстан босап қалды, деп жариялады. Бәйсейітова театрының бір де бір әртісі жұмысынан кеткен жоқ. Олардың барлығы жұмыс істеп жатыр. Байқаудың бірінші кезеңі өткзілді. Алдағы уақытта қыркүйек айында негізгі кезең өтеді, оған дейін бірталай уақыт бар әлі», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза.

Министр Бәйсейітова атындағы опера театры әртістерінің 90-95 пайызы байқаудан сүрінбей өтетініне сенімді көрінеді :

- Бүгінгі күні Бәйсейітова театрындағы әртістердің біліктілігі өте жоғары, олардың қайсібірі тіпті әлемнің жетекші театрларынан шақыртулар алған. Әртістеріміздің байқаудан еш қиындықсыз өтіп, өздерінің кәсіби деңгейлерін дәлелдейтіндігіне сенемін, - деді министр.

Абай-ақпарат

0 пікір