Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3038 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 21:02

Шығыс Түркістанда қанша қазақ бар?

2010 жылы Қытай Халық Республикасында  алтыншы рет халық санағы жүргізілді. Тәртібі қатаң, бақылауы күшті көршіміздің бұл санағының дәлдігіне, әрине, сенуге болады. Сонымен, Шығыс Түркістанда қанша қазақ бар?

Аталған санақ нәтижесіне сай, Шыңжаңдағы халық саны 21815815 (21 милион 815 мың 815) адамға тұрақтапты. Бұл  жалпы мемлекет жан санының 1,6% -ын құрайды  екен.

Ұлттарға шақсақ, ұйғұр 10001302 (10 милион 1302) болып, 45,84 %-ды; қытай 8829994 (8 милион 829 мың 994)  болып, 40,47 %-ы; қазақ 1418278  (1 милион 418 мың 278) болып, 6,5%- ы ұстапты.

Дүңген 983015 (983 мың 15) болып, 4,5 пайызды құраса; қырғыз 180472 (180 мың 472) адам болып, 0,8 пайызды қанағат тұтыпты. Моңғұл 156280 (156 мың 280) болып,    0,72 пайызды иемденген. Қалған (Шыңжаңда 13-ұлт бар) аз ұлттардың барлығы қосылып 13,57%-ға жеткен.      

Осыдан он жыл бұрын жүргізілген «дың бесінші» реткі халық санағы кезінде мұндағы қазақтардың жалпы жан саны 1250458 адам болатын. Он жыл өткенде,  1418278  адамға жетіп, (Қазақстанға көшіп кеткендерді қоспағанда )  167820 адамға өсіпті. Демек, он жылда 13,42%-ға артқан.

Шынжаңдағы қазақтардың санын қоныстанған өңірлеріне қарай тарқатып көрсек, мынадай болады:

Үрімжі қаласында 68076, Қарамайлы қаласында 11620,  Тұрпан аймағында 399, Құмыл аймағында 51201 (Құмыл қаласында 12919), Бәркөл қазақ автономялы ауданында 33705, Санжы хұйзу автономялы обылысында 133286, (Санжы қаласында 19769), Фукәң қаласында 14761, Құтыби ауданында 24234, Манас ауданында 17859, Читай ауданында 24700, Жемсары ауданында 10909, Мори қазақ автономялы ауданында 21054, Бортала моңғұл автономялы облысында 44417, Байынғолын моңғұл автономялы ауданында  1091, Ақсу аймағында 555, Қызылсу қырғыз автономялы облысында 88, Қашқар аймағында 306, Хотан аймағында 85 қазақ бар.

Іле қазақ автономялы обылысына 534398 қазақ қоныстанған. Мұның Құлжа қаласына 23157-і, Күйтүн қаласына 5545-і, Құлжа ауданына 44202-і, Шапшал ауданына 36105-і, Қорғас ауданына 30421-і, Тоғызтарау ауданына 49475-і, Күнес ауданында 130648-і, Мұңғұлкұре ауданына 76724-і, Текес ауданына 64925-і, Нылқы ауданына 73196-сы қоныс тепкен.

Ал, Тарбағатай аймағында 240890 қазақ тұрады.  Аймақ орталығы Шәуешек қаласында 26243-і, Шиху қаласында 20014-і, Дөрбілжін ауданында 66519-ы, Сауан ауданында 33056-ы, Толы ауданында 64027-і, Шағантоғай ауданында 17063-і, Қобық ауданында 13968-і тұрады.

Алтай аймағында жалпы 328153 қандасымыз бар екен. Оның Алтай қаласына 74154-і, Буыршын ауданына 39770-і, Көктоғай ауданына 65353-і, Бурылтоғай ауданына 26900-і, Қаба ауданында 51628-і, Шіңгіл ауданына 46247-і, Жеменей ауданына 24101-і қоныс тепкен.

Бұдан сырт, Шыхызы қаласында 3042, Алар қаласында 439, Ужячұ қаласында 232 қазақ бар екенін еске сала кеткен жөн.

Бір қуаныштысы, арғы беттегі сол  1418278   қазақтың 725515-і ерлер болып,    51,15 пайызды ұстапты. Ал, әйелдер саны 692763 болып, 48,85 пайызға тұрақтапты. Демек, ерлер мен әйелдердің тепе-теңдігі сақталды деген сөз. Әр бір үйлену жасындағы қазақ жігіті өзгеге көз сүзбей, өз қара көзінен қалындық табуға мүмкіндігі зор. Қыздарымыздың да басқаның етегінен ұстауға мәжбүр болатын жағдайы жоқ әзірге!

Деректерді «Бозбала» сайытынан алып дайындаған А.Мұқабай

Abai.kz

0 пікір