Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2723 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 21:50

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Тіл мәселесін айту – араздық тудыру емес

...Жасыратыны жоқ, бір-екі орысты, басқа ұлтты қазақша сөйлетіп, көзапара тірлік  жасағанмен тіліміз көгермейді. Қазақ тіліне пәлен миллиард бөлдік дегеннен де түк шығып жатқан жоқ. Оның бәрі желге ұшып, біреулердің қалталары томпайуда. Қанша адам оқып, қазақ тілін үйренгенін тексерсе белгілі болады. Өзгеріс жоқ. Баяғы таз қалпымыз орыс тілін білмесең мекемелерде маман болып, мемлекеттік қызметте істей алмайсың. Қала түгілі шалғай аудандарда да солай. Сорлайтын тағы қазақтың жастары. Орыс тілін жат емес, өзіміз жарнамалап келеміз.  Күйдіргенде телеарналарда  орыс тілінде сөйлетіндердің бәрі өз қазағымыз. Міне, қараңыз:       

11.06.2013 жыл. «Хабар» арнасы орысша сайрап тұр. «Таң» арнасында қазақтың  бір қызы мен ұлы орысша жақ жаппай сөйлеп отыр. 24KZ, КТК, НТК, 1-канал, Алматы, Казах ТВ, 7-арна,З1 –арналарда орыс тілінде бір уақытта беріп жатыр. 

13.06.2013 жыл, таңғы сағат 8. «Таң» арнасында бағдарлама жүргізіп отырған қазақтың жас жігіті мен қызы «настроениелерің» болсын дейді.  СТВ-ны қосып жіберсем, екі қазақ  орыс тілінде ет қуыруды үйретіп мәз. Ресейден көшіріп алған «Такси» бағдарламасын Қазақстанда қазақ орысша жүргізеді. Не деген масқара! Намыс қайда? Жастарды, мектеп оқушыларын да орысша сөйлетіп қояды.  «21 ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы да орысша жүреді. Осының бәрі орыс тілін білмесең күнің жоқ деп жарнамалап, қазақ тілін өшіру. Өткенде қайсібір телеарнадан Алматыдағы Сәтбаев атындағы университет оқытушысы, қазақ тілінде бір топ, орыс тілінде тоғыз топ бар, бірақ 95 пайызы қазақтар дейді.  Қазақтарды орыс тілінде оқытамызда тағы қазақ тілін дамытамыз дейміз. Міне, бәленің бәрі өзімізде. Телеарнадан қазақтардың орысша сөйлегенін көрсем жүрегім айниды. Президент Н.Назарбаев екі қазақ бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер дегелі қашан. Телеарналарды көрсең президент сөзіне құлақ асу атымен жоқ.  Парламент, үкімет отырыстары да орыс тілінде өтеді.  Мәжіліс төрағасы Ниғматулиннің бір рет қазақша сөйлегенін естімеппін. Депутат, министрлеріміз  президент сөзіне құлақ асып қыстырмаса, басқалар не қылсын. «Бәле бастан» дегендей Астаналық дөкейлер, облыстан құжаттарды орыс тілінде жіберуді талап етеді екен. Бұндай масқаралыққа тосқауыл қою керек.

Қолында билігі барлар, бригадирден бастап қазақ тілін толық меңгергендер болу керек.     Өткенде Ұлттық Ассамблеяда да Президент Назарбаев батырып:  «Жүз қазақтың арасында он орыс отырса, орысша сөйлейміз, не деген сорлы халықпыз?» деді. Дұрыс айтады, сорлы халықпыз.

Бірде Шымкент қаласында №21 бағыттағы көлікте кассир өзбек әйеліне «за проезд» деп емес, «жол ақы» деп сұраңыз деген едім, сен ұлтшылсың, қай тілде сөйлейміз өзіміз білеміз, сен ұлттарды бөліп жатырсың, полицияға бермін деп, бір ауыз сөз үшін қаншама сөз есіттім. Мен одан қысылмадым: бірақ отырғандардың бәрі өз қандастарым бола тұра соның бірде бірі мені қостай алмады. Осы да сорлылығымыз емес пе? Сорлы қазақ болмаймыз десек, лауазымына қарамай қазақтар телеарнада болсын, басқа ортада болсын, орысша сөйлеуді қоюымыз керек.  Басқа тілді білме демейміз. Аталарымыз «жеті жұрттың тілін біл» деген де өз тіліңді ұмыт демеген. А.Байтұрсынов «өз тілін толық меңгерген балаға басқа тілді меңгеру қиын емес» деп бекер айтпаған. Қазақ тіліне балабақшадан екі тілді үйрету, баланың миын ашытып, бекерге қаржы шашау.  Тіл туралы айтсаң, ұлт ішінде араздық тудырдың дегенді де қолдан жасап жатырмыз.

Жолым түсіп Украинаның Президент сайлауына бақылаушы болып барған мен  Харьков қаласында болғанымда бір мектептегі сайлау учаскесінің төрайымы орысша сөзіме  жауап бермеді. Жанымдағы аудармашы - жүргізуші арқылы сөйлесуге тура келді. Орыс тілін білмейді ме деп сұрасам, төрайым орыс тілінің маманы екен. Менің мән-жайға қанықпақ болғанымды түсінген ол «бізде  мемлекеттік тіл –  украин тілі, өз тілімізді құмейттеміз» деді. Мен өз тілін осыншалықты құрметтегені үшін әлгі әйелге дүкеннен сатып алып бір қорап тәтті силадым.  Басқа-басқа, Украинада мен тілге қатысты ұлтараздықты байқамадым. Мемлекет басшылары, депутаттары тек украин тілінде сөйлейді. Орыс таксистері де  украин тілін біледі. Қазақ болған соң әдетімше ол жақтағы орыстардан «Тіл мәселесі қалай?» деп сұрасам, «Украинада тұрған соң бұл елдің тілін білуіміз керек қой» дейді олар бірауыздан. Міне, ынтымағы жарасқан халық деп осыларды айтуға болады.

Осы мақаланы жазып бола бере сағат 19-шамасында (15.06.2013ж) «7-арнаны» қоссам екі жұп қазақ әртісі шет елде демалыста 2000 АҚШ долларына тамақ ішкендерін,  3000 АҚШ долларына катер жалдап аралға барғандарын айтып мәз. Орыс тілінде.  Қазақтар-ау, осыны қазақша айтсаң болмайды ма? Артынша өңшең қазақ «1- арнада» орыс тілінде сот отырысын жасап жатты.

Abai.kz 

0 пікір