Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 21:46

33 балуан «барыс» атану үшін кілемге шығады

Жылдың ең айтулы спорттық оқиғасы – «Қазақстан Барысы» додасының финалдық бәсекесі өтетін күн жақын. 30 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде еліміздің апай төс, атан жілік 33 балуаны «барыс» атану үшін кілемге шығады.

Өз барысыңды қолдауға кел!

Осы орайда, қазақ күресінің жанкүйерлерін «Қазақстан Барысының» финалдық сынын тамашалауға шақырамыз. Бүгінде билеттер Астана қаласының кассалары мен «Меломан» дүкендер желісінде сатылуда. Алматы мен өзге де қалалардың тұрғындары билет алу үшін zakazbiletov. kz сайтына тапсырыс берсе болады. Финалда кіру билеттері бойынша көрермендер арасында жүлде ойнатылады. Бас жүлде – бағасы 4,5 миллион теңгені құрайтын Hyundai i30 автокөлігі! Одан бөлек, өз иесін күтіп тұрған бағалы сыйлықтар да бар. Турнирдің билеттері туралы толық мағлұмат www. kazakhstanbarysy.kz сайтында.

Балуандарға жыр арнаңыз...

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры жазба ақындар арасында "Күш атасын танымас" атты жыр мүшәйрасын жариялайды. Ауылдық, аудандық, облыстық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанып, ақтық сынға жолдама алған 33 балуан мен төл өнеріміз – қазақ күресіне арналған өлеңдеріңізді kazakhstanbarysy@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізге болады. Бүгінге дейін айтулы ақындар Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлінің қазақтың бас балуаны – Қажымұқан Мұңайтпасұлына арнаған өлеңдерін біз қордың сайтында жариялағанбыз. Енді қазақтың алып ұлдарына сіз де жыр арнаңыз!

Мүшәйра маусымның 20-на дейін жалғасады. Үздік өлеңдер қордың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларға жарияланады. Бұл жерде сайт пен әлеуметтік желілердегі парақша оқырмандарының пікірі де маңызды екенін ескертеміз.

Жеңімпаз 20 маусым күні анықталады. Үздік өлең авторын «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры арнайы дайындаған былғары белбеу мен бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Екінші, үшінші орынға лайық деп танылған өлең авторлары да сыйлықсыз қалмайды. Іске сәт!

Арманыңа жет!

Егер сіздің жасыңыз 18-ден жоғары және  ерік-жігеріңіз биік болса, сондай-ақ,  жұмыс кестеңізден бос уақыт табылса, «Қазақстан Барысы» жобасына ерікті ретінде қабылдана аласыз!

«Арманыңа жет» деп аталатын еріктілер байқауына еліміздің ең басты спорттық оқиғасының куәгері болғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.

Ерікті атануға ниетті болсаңыз, төменде көрсетілген талаптарды орындап, kazakhstanbarysy@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізді өтінеміз. Ескерте кететін бір жайт, сіз жіберген хат «Арманыңа жет» тақырыбымен жазылуы тиіс.

Электронды өтінімді толтыру тәсілі:

-  Аты-жөніңіз (толық), жасыңыз

-  Сіз не үшін жобаның еріктісі болғыңыз келеді?

-  Сіздің негізгі қызметіңіз  қандай?

-  Хоббиіңіз

Хатқа міндетті түрде еріктінің фотосуреті қосылуы керек.

 Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10 – 20 маусым

 «Арманыңа жет» еріктілер байқауында жеңіске жеткендер еліміздегі ең ірі спорттық жобаға қатысып, үлкен тәжірибе жинайды. Одан бөлек, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

 Сіздің көмегіңіз біз үшін маңызды!

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирдің алғашқы жеңімпазы – қызылордалық Ұлан Рысқұл. 2012 жылы тараздық Бейбіт Ыстыбаев қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Енді еліміздің үздігі кім боларын сіз бен біз бірге анықтаймыз!

Турнирдің бас демеушісі – «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі.

0 пікір