Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7065 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 03:46

ҰЛТТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ (жоба)

Түсініктеме

Егер мемлекеттің саясаты мемлекет құрушы ұлттың мүддесіне қайшы келіп, мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары қорғалмайтын болса, ол ұлт мемлекеттік саясатты өз мүддесіне жұмыс істеуге бағыттаудың барлық мүмкіндіктері мен тетіктеріне ие болуы тиіс. Халық билікке емес, билік халыққа тәуелді болуы қажет. Себебі, Ата заңымыздың өзінде мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық екені анық көрсетілген.

Бүгінгі еліміздегі қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және интеллектуалдық жағдайды зерделей, сараптай келе бізге ұлттық-демократиялық саясат жүргізудің,  ұлттық-демократиялық мемлекет құрудың аса қажеттігін терең түсіндік.

 

Ұлттықдемократиялық мемлекет деген не?

Демократия – таза және әдiл сайлау,  елдi басқару iсiне барлық азаматтардың тең құқықта араласа алуын қамтамасыз етуді көздейтiн шын мәнiндегi халықтық билiк. Бұл – тәуелсiздік пен әдiлдікке, шынайылыққа негiзделген сөз бостандығы.

Ұлттық демократия — отарлық тәуелділіктен енді ғана құтылған елдің саяси және қоғамдық құрылысының түрі. Ұлттық демократиялық мемлекет – сол мемлекетті құрушы ұлттың мүддесін демократиялық жолмен қорғауға бағытталған саясат жүргізетін саяси институт.

Түсініктеме

Егер мемлекеттің саясаты мемлекет құрушы ұлттың мүддесіне қайшы келіп, мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары қорғалмайтын болса, ол ұлт мемлекеттік саясатты өз мүддесіне жұмыс істеуге бағыттаудың барлық мүмкіндіктері мен тетіктеріне ие болуы тиіс. Халық билікке емес, билік халыққа тәуелді болуы қажет. Себебі, Ата заңымыздың өзінде мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық екені анық көрсетілген.

Бүгінгі еліміздегі қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және интеллектуалдық жағдайды зерделей, сараптай келе бізге ұлттық-демократиялық саясат жүргізудің,  ұлттық-демократиялық мемлекет құрудың аса қажеттігін терең түсіндік.

 

Ұлттықдемократиялық мемлекет деген не?

Демократия – таза және әдiл сайлау,  елдi басқару iсiне барлық азаматтардың тең құқықта араласа алуын қамтамасыз етуді көздейтiн шын мәнiндегi халықтық билiк. Бұл – тәуелсiздік пен әдiлдікке, шынайылыққа негiзделген сөз бостандығы.

Ұлттық демократия — отарлық тәуелділіктен енді ғана құтылған елдің саяси және қоғамдық құрылысының түрі. Ұлттық демократиялық мемлекет – сол мемлекетті құрушы ұлттың мүддесін демократиялық жолмен қорғауға бағытталған саясат жүргізетін саяси институт.

Ұлттық демократизм ұлт мүддесін қорғаудағы кез-келген күрделі мәселені қантөгіспен емес, бейбіт, өркениетті келісім жолымен шешуге үндейді.

 

Ұлттық демократиялық идея қалыптастырудың алғышарттары

Ұлттық демократиялық идея немесе осы идеяға жұмылған күштер мемлекет құрушы ұлттың тәуелсіздігіне қауіп төнген жағдайда немесе сыртқы күштердің ұлттық мүддеге қарсы әрекетінің я болмаса мемлекет саясаты мемлекет құрушы ұлттың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани мүддесіне қарсы жүргізілген жағдайында пайда болады.

Мұндай кезде ұлт өзін сақтап қалудың, өз мүддесін қорғаудың жолдарын іздей бастайды. Қоғамның идеяға деген сұранысы туады. Ұлттық демократиялық идея мемлекет құрушы ұлттың тарихи, мәдени, рухани тұтастығының сақталуы мен дамуына жұмыс істейді. Мемлекет құрушы ұлттың мүддесін демократиялық жолмен қорғайды.

 

Тарихи сабақтастық: алғашқы ұлттық демократиялық «Алаш» партиясы

1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпықазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Сол тұста Әлихан Бөкейхан: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді» деген еді. Яғни, Жер – Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген.

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхан айтқандай «Оның әр бір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек». Яғни, жер игілігі – ел игілігіне айналуы тиіс. Одан асса ғана жатқа салауат.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхан жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек». Яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылу.

Төртінші ұстаным: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Яғни, Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс.

Алаштың бесінші, түпкі мақсаты: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

 

Ұлттық даму мен тұтастықтың негізі - тіл, дін, жер және экономика

 

Тіл. Тәуелсіздік алған жиырма бір жылдың ішінде мемлекеттік тіл мемлекеттік құрылымның негізгі тіліне айнала алмады. Бұл -  мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы мемлекеттік саясаттың дәрменсіздігін және құлықсыздығын көрсетеді. Оны мемлекет құрушы ұлтқа деген қиянат деп бағалауға болады. «Мемлекеттік тіл туралы» заңның орындалмауы, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істемеуі, мемлекет саясатының орыс және ағылшын  тілдерінің мүддесін ашық қорғауы мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясының тарылуына алып келді. Мемлекеттік тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалмауы оның жаппай қолданысқа енгізу мерзімін кейін шегере берді.

Бүгінгі таңда қазақ тілі орыс тілінің экспансиясымен қатар ағылшын тілінің бодауына айналып барады. Тілі әлі шықпаған балаға бала бақшадан, бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету - қазақ тілінің жойылуына апаратын төте жол. Оған көз жұмып қарауға болмайды.

Дін. Мемлекет құраушы ұлттың тарихи діні - ислам. Кейбір алпауыт мемлекеттердің бүкіл әлемдік геосаясаттағы орны мен ұстанған саясатының нәтижесінде ислам діні терроризм мен діни экстремизмнің  бастауы ретінде қарастырылатын болды.  Терроризм, діни экстремизммен күрес табиғи қазба байлықтары мол мемлекеттерді отарлау мен өз ықпалына көндіру құралына айналды. Империалистік демократияны дамушы, әлсіз мемлекеттерге тықпалау арқылы олардың экономикасына ие болу саясаты қызу жүргізілуде. Дамушы мемлекеттерге қысым жасау мен соғыс ашудың бір жолы - діни экстремизммен күрес. Бұл геосаяси тасқын жолында тұрған дамушы мемлекеттердің діни, сенім-наным бостандығына орасан зор озбырлығын әкелуде.

Қазақтардың түрлі діни бағытқа бой алдыруы, оның ішінде Ислам дінін ұстанатындардың бөлшектеніп, бір-біріне қарсы болуы үлкен қауіпті туғызады.  Сондықтан бір мемлекет бір дін ұстанымын қолдану керек.

Жер. Жер мен жердің асты, үстіндегі байлық сол жерге ие мемлекеттің саяси да, экономикалық та тәуелсіздігінің кепілі. Жердің тұтастығын сақтау -  мемлекет тәуелсіздігін сақтаудың ең негізгі алғышарты. Мемлекеттің қазба байлықтарына басқа мемлекеттердің ие болуы  - сол мемлекеттің тәуелсіздігіне, мемлекеттік қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп. Ұлттық демократиялық идея бұл мәселеде солқылдақтықты көтермейді.  

Экономика. Жалпы экономиканың дамуы жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүйесіздігі мен кең етек алған жемқорлық отандық экономиканың дамуын тежеп, тұншықтырып отырады. Осындай жайсыз жағдайда Кедендік одақ пен Еуразиялық одаққа кіру еліміздің экономикалық тәуелсіздігінен айырылуының төте жолы. Ішкі өнім шығару қабілеті өте төмен, бүкіл экономикасы шикізатты импорттауға бағытталған мемлекеттің өнеркәсібі әлдеқайда жоғары дамыған, орта және шағын кәсіпкерлік қуатты мемлекетке шекарасын ашып беріп, еркін сауда мен тауар айналымына жол ашу  - отандық өнім өндірушілер мен орта және шағын кәсіпкерлікті құрдымға жіберудің жоспары.

Сондықтан мемлекеттің саясаты отандық өнім өндірушілерді, оның ішінде ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталуы тиіс.

Бұл тығырықтан шығудың бірден бір жолы - ұлттық демократияны дамыту. Мемлекет саясатын ұлттық демократиялық жүйеге бағыттау болмақ. Ол үшін ең алдымен қоғамның өзі, оның ішінде ұлт зиялылары, қоғамның белсенді топтары, яғни ұлт демократтары бірігіп, саяси күшке айналуы тиіс.

 

ҰЛТТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ ОРНАТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

 

МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК

Мемлекет. Қазақ Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы болып саналатын  ұлттық-демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк бiртұтас мемлекет.

Президент мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани-инттелектуалдық даму стретегиясын айқындайды, ішкі және сыртқы саясаттың бағыттарын белгілейді.

Президент қандай да бір саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, институттардың басшылық, ұйымдастырушылық қызметтерін атқара алмайды.

Президенттің саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, рухани-инттелектуалдық ұстанымдары мемлекеттің ұлтаралық, дінаралық тыныштығы мен татулығын қамтамасыз ете отырып, iшкi және сыртқы саясатты айқындауда мемлекет құрушы ұлттың мүддесін қорғауға бағытталады.

Парламент. Парламент – халықтық өкілдік және заң шығарушы билікті жүзеге асырады. Бір палаталы Парламент  сайлауы  аралас жүйе негізінде, яғни депутаттардың тең жартысы  мажоритарлы, тең жартысы пропорционалды жүйеде жүргізіледі.

Парламент өкілеттік және заң шығарумен бірге заңдардың орындалуын, мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік және ұлттық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

Парламент  Прьемер-министрді тағайындайды, Үкімет құрамын бекітеді. Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Парламентке бағынышты болады.

Үкімет. Үкімет – атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет мүшелерінің саяси мәселелерге араласуына тиым салынады. Үкімет мүшелері қандай да бір қоғамдық және саяси ұйымдардың құрамында бола алмайды және жекелеген ұйымның  немесе топтың мүддесін қорғауға тиым салынады.

Үкімет өз қызметі туралы Парламент алдында есеп  береді, егер республикалық бюджетті, мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларды  орындамаған жағдайда Парламент шешімімен таратылады.

Үкімет мүшелерінің жауапкершілігі Конституциялық арнайы заңда анық және нақты көрсетіледі.

Жергілікті атқарушы билік. Жергілікті атқарушы билік –  әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқарады және  Үкiметiнiң жергілікті өкiлi болып табылады. Жергілікті атқарушы билік өкілдерін, яғни әкімдерді Прьемер-министр тағайындайды және қызметтен босатады. Әкімдердің саяси істерге араласуына, қоғамдық, саяси ұйымдарға мүше болуына және жекелеген ұйымның немесе топтың мүддесін қорғауға тиым салынады.

 Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің жауапкершілігі арнайы заңда анық әрі нақты көрсетіледі.

Сот билігі.  Қазақ Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесі Конституциялық, Жоғарғы, облыстық, аудандық, арнайы және билер сотынан тұрады.

Конституциялық, Жоғарғы сот судьяларын Парламент тағайындайды. Облыстық, аудандық және арнайы сот судьяларын жергілікті мәслихаттар, билер сотын зиялы қауым жергілікті әкіммен бірлесе отырып сайлайды.

Судьялардың саяси істерге араласуына, қоғамдық, саяси ұйымдарға мүше болуына және жекелеген ұйымның немесе топтың мүддесін қорғауға тиым салынады.   

 

ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Қазақ Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк ұйымдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында және мемлекеттік мекемелерде тек мемлекеттік тіл қолданылады.

Балабақшалардағы тәрбие жұмыстары мен жалпы орта білім беру ісінде бастауыш сыныпта білім беру тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғары сынып, жоғары білім беру және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беруде орыс, ағылшын, қытай тілдері оқытылады.  

Қазақ Республикасында ұлттық мәдениеттің, өнердің, басқа да рухани-интеллектуалдық құндылықтардың дамуына жағдай жасайды. Оған сай келмейтін шетелдік идеологияның енуіне, ақпараттың таралуына шектеу қояды.  Теле-радио арналардың, кино және музыка компанияларының шетелдік жеке және заңды тұлғалардың иелік етуіне немесе басқаруға алуына жол берілмейді.  

Мемлекет Қазақ Республикасындағы диаспораларға өзінің тілін, мәдениетін, өнерін дамытуға жағдай жасайды. Қоғамдық орындарда өз тілінде сөйлеуге кедергі келтірмейді.

 

ДІН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ

Қазақ Республикасында ар-ождан және діни сенім бостандығы қамтамасыз етіледі.   Тарихи, дәстүрлі діндердің дамуына жағдай жасалады. Тарихи, дәстүрлі діндерге жатпайтын діни секталардың жұмыс істеуіне тиым салынады.

Қазақ – мұсылман. Қазақ халқы бір мемлекет, бір тіл, бір дін ұстанымын қолдайды.

Діни алауыздық туғызуға, діни экстремизмге тиым салынады, ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Қазақ Республикасы ұрпақ тәрбиесінде тарихи-ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, балалар мен жастардың бойында ұлттық рух, намыс, иман, ізгілік және атаны сыйлау, ананы құрметтеу сияқты бағыттарды ұстанады.

«Ата өсиеті, әже тәрбиесі» доктринасының дамуына күш салады, оны тәрбие берудің темірқазығы ретінде қарастырады. 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі қатаң талап етіледі.    

 

ЖЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЙЛЫҚТАРЫ

Жер мемлекеттің және Қазақ Республикасы азаматтарының меншігінде болады.Өзге елдің заңды және жеке тұлғаларына, азаматтығы жоқ адамдарға жер сатылмайды.

Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ ұлтына және қазақ мемлекетіне қызмет етеді.

Шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға жер он бес жылдан аспайтын мерзімге жалға беріледі. Жерді жалға беру, оның мерзімін ұзарту немесе ұзартпау туралы шешім қабылдау  Парламенттің құзіретінде болады.

 Жер асты қазба байлықтарын игеру мен экспорттауды мемлекет жүзеге асырады. 

 

ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Қазақ Республикасы ұлттық экономика қалыптастырады. Мемлекет саясаты отандық және ұлттық ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

Отандық - ұлттық бизнес, орта және шағын кәсіпкерлік мемлекеттің қолдауында және қорғауында болады.

Қала құраушы, ірі кәсіпорындарға (мұнай, газ, қара және түсті метал, уран өндіруші) шетелдік жеке және заңды тұлғалардың иелік етуіне, басқаруына тиым салынады. Бұрын шетелдік жеке және заңды тұлғалардың иелік етуіне, басқаруына берілген кәсіпорындар мемлекетке қайтарылады.

Шетелдік жұмыс күшін пайдалану Үкіметтің қатаң бақылауында болады  және шетелдік жұмысшыларға отандық жұмысшыларға қарағанда қандай да бір артықшылықтар беруге (жалақысының жоғары болуына, әлеуметтік қамтамасыз ету мен қолдау ісінде) тиым салынады.

Ауыл шаруашылық кешенін дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау ұлттық мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылық кешенін дамытушы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші жеке және заңды тұлғаларға салықтық, қаржылық, әкімшілік-ұйымдастырушылық мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.

Қазақ Республикасындағы қаржы институттарын шетелдік жеке және заңды тұлғалардың иелік етуіне, басқаруына тиым салынады.

Қазақ Республикасы азаматтарының шетелдерде қаржы сақтауына, шетелдерде жылжымалы және жылжымайтын мүліктер ұстауына шектеу қойылады.

Ұлттық экономиканың дамуына, ұлттық мүддеге сай келмейтін қандай да бір экономикалық одақтарға, ұйымдарға мүше болуға жол берілмейді. 

Үстемемен несие беруге шектеулер қойылады. Ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыруда ислам қаржы жүйесі енгізіледі.    

 

СЫРТҚЫ САЯСАТ

Қазақ Республикасының сыртқы саясаты  бейбітшілік, татулық, өзара келісім негіздеріне бағытталады. Қандай да бір мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда, халықаралық құжаттарға қол қоюда  ұлттық мүдденің сақталуына басымдылық береді.

Түркі мемлекеттерімен одақтасуға, тығыз саяси, экономикалық, мәдени, рухани-интеллектуалдық байланыс орнатуға мүдделі болады.

 Қазақ Республикасы шетелдердегі қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдай жасайды, қолдау көрсетеді. 

 

ДЕМОГРАФИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Қазақ Республикасы қазақ ұлтының санын артыруды мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Халық санын арттыру – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен тууды ынталандыру және шетелдегі қазақтарды тарихи Отанына қайтару негізінде жүргізеді.  

Көп балалы аналарға рухани-моральдық және материалдық қолдаулар мен көтермелеулер тұрақты жүргізіледі.

Жас отбасыларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етудің жолдары қарастырылады. Осы бағытта жастарды әлеуметтік қолдау жобаларына қаржы салған, демеушілік жасаған жеке және заңды тұлғаларға салықтық жеңілдіктер беру жүйесі жолға қойылады.

 

Мақсат Ілиясұлы,

Ғабиден Жәкей,

Болатбек Біләл

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610