Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2399 0 пікір 17 Маусым, 2013 сағат 02:35

Жолымбет Мәкішев. Революция: Келесі кезекте Қазақстан ба?..

Сенатор Маккейннің қоры орналасқан кеңсенің ішінде бір футболка ілініп тұр. Онда алдағы уақытта қай елде "Ұлы революциялар" болуы тиіс екені жазылыпты. Киімнің сыртында тоғыз мемлекеттің аты көрсетілген. Кейбір елдің тұсына «TBD – To be done»,  яғни «бұл елде революция болуы тиіс» деп үлкен әріптермен жазылған. Бұл тізімде Қазақстан көш басында тұр. Құрама штаттардың кейінгі жылдары талай жерде дүрбелең ұйымдастырып жүргені белгілі. Әсіресе араб елдеріндегі революциялардың сценарийі АҚШ-та жасалғаны кейінгі кездері ашық айтылуда. Сыртқы күштердің демеуімен бүлік бастаған бұл мемлекеттерден қазір береке қашты.   

 

Сенатор Маккейннің қоры орналасқан кеңсенің ішінде бір футболка ілініп тұр. Онда алдағы уақытта қай елде "Ұлы революциялар" болуы тиіс екені жазылыпты. Киімнің сыртында тоғыз мемлекеттің аты көрсетілген. Кейбір елдің тұсына «TBD – To be done»,  яғни «бұл елде революция болуы тиіс» деп үлкен әріптермен жазылған. Бұл тізімде Қазақстан көш басында тұр. Құрама штаттардың кейінгі жылдары талай жерде дүрбелең ұйымдастырып жүргені белгілі. Әсіресе араб елдеріндегі революциялардың сценарийі АҚШ-та жасалғаны кейінгі кездері ашық айтылуда. Сыртқы күштердің демеуімен бүлік бастаған бұл мемлекеттерден қазір береке қашты.   

 

Адамзат тарихындағы осындай оқиғалардың шығу себебіне  көз жіберсек, қақтығыстардың барлығы әуелде табиғи ресурстарға тартыстан туыпты. Араб елдеріндегі жағдайда тура осындай. Қазір бүкіл әлемде қуат көздері үшін күрес жүріп жатыр. Ал Либия жер шарындағы «қара алтынның»  үш пайызына иелік етіп отырған ел. Олигархтар осыған қол жеткізуге талпынды. Қазір олар араб мемлекетеріндегі биліктің барлығына өз сөздерін өткізе алатын «қуыршақ патшаларды» отырғызуға күш салуда.  Жуырда PuppetWorld атты ғаламтор бетінде аталған оқиғалардың себеп-салдарын талқылаған тұщымды материал жарық көрді. Онда мақала авторлары Солтүстік Африкадағы текетірестің тууына әлемге әйгілі қаржы әулеті Ротшильдтер түрткі болды деген пікір айтқан. Орталығы Лондонда орналасқан бұл ұйымдағылардың түпкі тегі жөйттер. Бұдан көзіқарақты оқырман көп нәрсені аңғарары анық. Олигархтардың көз тігіп отырған келесі бір  нысанасы -  кейінгі жылдары қатты қарқын алған Ислам банкингі. Олар өздеріне күшті бәсекелес болып бара жатқан Ислам банктерін құртуға бұл жолы құлшына кірісті. Дағдарыстан кейін өсімқорлыққа құрылған батыстың банк саласына жұрттың сенімі азайып кеткені белгілі. Бұл жағдай өз клиенттерінің тәуекелін бірігіп көтеретін, өсімқорлыққа қатаң тыйым салатын мұсылман банктерінің дамуына жол ашты. Ал еуропада жыл өткен сайын мұсылмандардың саны артып келе жатқанын ескерсек, түпкілікті жағдай шариғат шарттарымен жұмыс істейтін  институттардың пайдасына шешілуі мүмкін. Клиенттерінен айырыла бастаған еуропа банктері бұған бұдан ары төзіп отыра беруге болмайтынын түсініп, қазір қарсы қимылға көше бастады. Business Intelligence-нің ағымдағы оқиғаларға байланысты жасаған соңғы баяндамасында қалыптасқан жағдай анық суреттелген. Баяндамада былай делініпті: «Егер Мысырдағы Абу-Даби ислам банкінің  мұсылмандарға арналған қызмет түрлерін енгізуге бағытталған талпынысы сәтті аяқталса, бүкіл нарық солардың қолына  ығысып кетуі әбден мүмкін. Қазірдің өзінде тұтынушылар үшін өзара тартысқа түскен жергілікті банктер ислам өнімдерін ұсына бастады. Осы жағдайды қорыта келе алдағы уақытта бізді үлкен тартыс күтіп тұр деп анық айта аламыз».

Ал Малайзиядағы ауқымы жағынан екінші орында тұрған ислам банкі Kuwait Finance House-нің басқарушы директоры Хауажа Мұхаммад Салман Жүніс былтыр: «алдағы 3-4 жылда ислам банктері Австралия, Қытай, Жапония мен әлемнің өзге өңірлерінде де ашыла бастайды» деп мәлімдеді. Бұдан Еуропаның ірі банктеріне, әсіресе Ротшильдтерге үлкен тықыр таяғанын көруге болады.  Осы оқиғаларды қорыта келгенде демократия орнатып, қатігез билеушілерді тақтан тайдыру үшін жасалаған араб елдеріндегі «революциялардың» барлығы құр желеу екенін аңғару қиын емес. Араб мемлекеттеріндегі бүлікті қолдан жасап отырған алпауыттар елді қаңға бөктіріп, өз мақсаттарына жетуді ғана көздеп отыр. Бұған ғаламтордағы PuppetWorld сайтында жарық көрген мына пікір толық дәлел бола алады: «Ротшильдтер ел билеушілерін тақтан түсірген соң, мұсылмандарды өздеріне экономикалық тұрғыда кіріптар етуді қалайды. Ал азаматтар өздері қан төгіп жүріп қол жеткізген сөз бостандығы мен домекратияны орнатқанымен, жеме-жемге келгенде экономикалық жағынан алпауыттардың құлы болып шыға келеді».  Араб елдеріндегі «революцияның» түпкі мақсаты міне, осы! Білетіндердің айтуына қарағанда, Батыс мемлекеттері білек сыбана кіріскен араб елдеріндегі төңкерісті  International Crisis Group яғни халықаралық дағдарыс тобы деп аталатын ұйымдағы ат төбеліндей алпауыттар үйлестіріп, басқарып отырған көрінеді. Бұл ұйым Ротшильдтер құрған көп өрмектің бірі.         

  Айтпақшы, Солтүстік Африкада билікпен күрес басталғанда оппозицияның басшыларының бірі атанып аяқ астынан пайда болған Мұхаммед әл-Барадей де осы топтың белді мүшесі болып шықты. Ұйымның директорлар кеңесіне  баршаға белгіл тағы бір адам Збигнев Бжезинский де кіреді. Ал оның атқарушы комитетінің тұрақты мүшесі Джордж Сорос. Төңкерістің төңірегінде бұлардың жүргені көп нәрсеге көзіңді ашары сөзсіз. Бір-бірімен қырықпышақ болып, бүліктен көз ашпай жатқан мұсылман мемлекеттері осы оқиғадан сабақ алса жақсы! Әйтпесе, Ротшильдтердің алдағы уақытта тағы кімге ауыз саларын бір Алла ғана біледі...

Abai.kz

0 пікір