Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2170 0 пікір 14 Маусым, 2013 сағат 07:04

Әріп Абдол. Қозғалған қоғам+бел буған билік = !

Зырылдауық уақыт төсекке таңылған дімкәс жан мен дүниеден ойып алар орнын іздеген бозбалаға ғана жер бауырлап жылжығандай, өтпестей көрінеді. Әйтпесе кеше ғана жаңа жылды жаңа үміттермен қарсы алып едік, міне, оның жартысын да турамыштап, тал түске, тас төбеге келіп қалыппыз.

     Жыл басында БАҚ, әсіресе орыс тілді басылымдар бір жапырақ жаңалық-хабар таратты: «Павлодар облысында «Қазақ тілі» жол картасы ... қолға алынды..». Бұл не? Нәтижесі қандай болмақ? Бал ашқыш көңіліміз ақырын жақсылыққа жорып, тақырып соңына алдын ала леп белгісін қоюға бейіл-ақ...

     Иә, әзірге мұндай бастама – «Қазақ тілі» жол картасы» – шынында да жалғыз! Оның жай-жапсарын білмекке, қолдан келген демесінді көрсетуге жолға аттандық. «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді...» дегендей, осы бүршікті игі бастаманы көпке таратпаққа асықтық. «Қазақ тілі» Жол картасының» жолы ұзарып, солтүстік пен шығыстағы іргелес облыстарға таралса, тіптен тұтас табанды елімізді, ұлтанды ұлтымызды қамтыса, шіркін, деген үміт жетегінде болғанымызды несіне жасыралық.

Зырылдауық уақыт төсекке таңылған дімкәс жан мен дүниеден ойып алар орнын іздеген бозбалаға ғана жер бауырлап жылжығандай, өтпестей көрінеді. Әйтпесе кеше ғана жаңа жылды жаңа үміттермен қарсы алып едік, міне, оның жартысын да турамыштап, тал түске, тас төбеге келіп қалыппыз.

     Жыл басында БАҚ, әсіресе орыс тілді басылымдар бір жапырақ жаңалық-хабар таратты: «Павлодар облысында «Қазақ тілі» жол картасы ... қолға алынды..». Бұл не? Нәтижесі қандай болмақ? Бал ашқыш көңіліміз ақырын жақсылыққа жорып, тақырып соңына алдын ала леп белгісін қоюға бейіл-ақ...

     Иә, әзірге мұндай бастама – «Қазақ тілі» жол картасы» – шынында да жалғыз! Оның жай-жапсарын білмекке, қолдан келген демесінді көрсетуге жолға аттандық. «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді...» дегендей, осы бүршікті игі бастаманы көпке таратпаққа асықтық. «Қазақ тілі» Жол картасының» жолы ұзарып, солтүстік пен шығыстағы іргелес облыстарға таралса, тіптен тұтас табанды елімізді, ұлтанды ұлтымызды қамтыса, шіркін, деген үміт жетегінде болғанымызды несіне жасыралық.

       Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ аға Айтбайұлы бастаған бір топ тілші-ғалымдар қауымының Павлодар облысындағы бір апталық іс-сапары осы «Жол картасының» арнасын тіптен кеңіте түскендей болды. Сан алуан сұрақ-жауаптар, кездесу-жиындардағы артық-кемді пікір алысулар ағайынның да, ана тіліне оралуды аңсаған «адасқанның» да, тілі басқа болғанымен тілегі бір жамыраған топтың да көкейіндегі күмәнді сейілтіп, ана тіліміздің мәртебесін таққа отырғызбағанымен, атқа отырғызды.

    «Барлық іс бір Алланың қолында екені ақиқат, – деп бастайды қай сөзін де академик ағамыз. – Қала берді өзімізге де көп нәрсе байланысты». Осыдан 20 жыл бұрын қандай едің, Ана тілім! Осы Павлодар, болмаса анау  Петропавл, Қостанай, Целиноград, Орал, Ақтау ... тіптен бар бетке шығары ұйыған Алматыңның өзінде шықпа жаным шықпа деп, жансақтау бөліміндегі сырқаттай ентігіп жатпадың ба? «Елбасымыздың ерен еңбегін – 20 жылда қара орман санымызды 20 пайызға көбейткенін – тағы бір неге айтып өтпеске, – дейді Өмекең. – Бұрын ауыз толтырып айтар жақсылық таппаушы едік. Азды аспандатып, жоқты бардай қылушы едік. Ал қазір «жоқ» деген қауып емес, тауып айтқандай көрінеді». Бар жақсылық, бар жетістік осы бір «қара қазан, сар баланың қамы үшін» жан алып, жан беріскен Елбасының көрегендік саяси жолында деп білемін. Әйтпесе жеті белден асып, сексен асуға жақындағанда «Сап, сап! Сабыр, сабыр!» деген сөзді аузымызға алдымен Алла, содан соң ақиқат шындыққа иланған иманды сеніміз салады да... 

     «Әліпби ауыстыру, латынға көшу – жай бір кезеңдік шара емес дейді, –  дейді профессор Әлімхан Жүнісбек мырза. – Жаңаруға, жаңғыруға, түлеуге мүмкіндігі мол тіл ғана мұндай қадамға бара алады!». Жасыратын несі бар, бұл орайда ел арасында Елбасының шешімін әлі жете түсінбей, түсінгісі келмей жүргендер де бар. Сол себепті де, осы шетін мәселе қайда барсақ та – мейлі студент аудиториясы, білім ошақтары, болмаса радио-теледидар, газет-журнал редакцияларын да болсын – алдан шықты. Ол сұрақтарға да жауап – біреу, жалғыз! Ол – уақыт талабы! Ол – Ана тіліміздің, аяғынан  тік тұрған тіліміздің жаңғыруы, қайта түлеуі. Ол – Мемлекеттік тіліміздің мемлекет тіліне айналуы, Отанымыздың жаңғыруы, ұлттық келбетін айшықтап қайта түлеуі.

     Әліпбиден бөлек іс-қағазды қазақшалау, билік органдарының ана тіліне (яки қазаққа, қазақтыққа) бетін түбегейлі бұруы, ономастика (төл жер-су атаулары), терминология (атауға бейімделу, аударып алу емес, ана тілімізге бейімдеу) сияқты түйткілді мәселелер көптің көкейіндегі сұрақ, бүгінгі таңдағы өзекті, жұлынды проблема екеніне көзіміз жете түсті. Билік пен ғылым, қоғам мен зиялы қауым бірігіп атқарар істің бастан асып жатқанын көз көрді, құлақ естіді.

     «Бәрі отбасынан басталады», «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін» дегендей ой-пікірлер қоғамға, қазақ қауымына, «Қазақ тілі» қоғамына айтылған сын-ескертпедей естілгенін де жасыруға болмайды. Жантайып жатып шайды сораптап,  «Парламент неге мемлекеттік тілде Заң қабылдамайды?» деп шыр-пыр болудың көп қиындығы жоқ, әрине. Ал бала-шағаны, немере-шөберені қолынан жетектеп қазақ мектебіне беру, ағайын-туыс, көрші-қолаң, құда-жекжаттың да жеткіншектерін сол мектепке баруға көндіру, оның сыртында өзге ұлттың ыңғайына жығылмай, қайта оған тілің мен дәстүріңді, тарихың мен танымыңды сыйлату, оның бала-шағасының болашағы қазақ тілі мен қазақтылықта (менталитетте) екендігіне иландыру, көзін жеткізу  кімнің шаруасы? Қауым мен Қоғамның міндеті емес пе? «Ер болып», елдің қамын жеу – елді дүрліктіру болмаса керек. Қашанда көп айтса – көндіреді емес пе? Былтыр ғана Қостанай облысының бір ауданында егемен еліміздің тарихында тұңғыш рет алғашқы қазақ мектебі ашылды! Шындық па – шындық! Тарих па – тарих!.. Неге осы ащы шындықты шырқырата айтпасқа?!.

     Қазақ мектебі демекші,  Павлодар облысында өзге ұлт өкілінің 1086 ұланы қазақ тілді балабақшаға, ал 577 бағланы қазақ мектебіне барады. Бұл, біздің білуімізше, еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш (әрине, әр облыста өзге ұлт өкілдерінің әртүрлі қоныстану арасалмағына орай). Облыста қабылданған 2013-2015 жылдарға арналған «Қазақ тілі» жол картасына сай: «қазақ балабақшаларына 2013 жылы 6,5%, 2014 жылы 10%, 2015 жылы 15%, қазақ мектептеріне 2013 жылы 3%, 2014 жылы 5%, 2015 жылы 7% өзге ұлт өкілдерінің балаларын тарту жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылатын болады» делінген. Бұл жалаң сан-цифрлар, әрине, бізге көп сырын аша қоймайды. Тек біздің білетініз, бүгінгі таңда Павлодар облысында 411 мектеп бар, онда 88 148 оқушы оқиды, солардың 155-і – қазақ мектебі, 98-ы  – орыс тілді, ал 158-і – аралас тілді мектеп. Бұларда тек 38 662 оқушы ғана қазақ тілінде білім алады. Сондай-ақ облыстағы 151 балабақшада (47 қазақ + 24 орыс + 76 аралас тілді) 29 066 бүлдіршін тәрбиеленуде. 272 шағын тәрбие беру орталықтары тағы 8 031 сәбиді қамтыса, оның 4 834-і (197-сі таза қазақша) мемлекеттік тілде тәрбие береді. Жалпы облыс бойынша мемлекеттік тілде тәрбиеленіп жатқан бала саны – 18 437 сәби.

      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер.  Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз»,  –  деген болашақты болжаған жолдарды оқып-таныспаған басшы да, қосшы да жоқ. Тағы осы Жолдауда Елбасы: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе», «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі», – деп 2025 жылды бір емес, бірнеше рет ауызға алуы кездейсоқ па?!. Осы сөздердің терең астарын ұғынғандықтан да Павлодар облысының әкімі Ерлан АРЫН өз бастамасымен бірінші болып «Қазақ тілі» жол картасын» жүзеге асырып отыр емес?!.

    Жалпы негізгі тақырыбымызға – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Тілдерді дамыту мен қолданудың   2011-2013 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес қабылданған Павлодар облыстық «Қазақ тілі» Жол картасына» келсек, ол 2013-2015 жылдары атқарылуға тиісті алты бағыт-бағдарламадан тұрады:

  1. 1.     Облыс мемлекеттік органдарында, оларға қарасты мекемелерде қазақ тілінің аясын кеңейту.
  2. 2.     Облыс диаспора өкілдерінің арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.
  3. 3.     Білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
  4. 4.     Тілдердің оқытылуына жағдай жасау.
  5. 5.     Қазақ тіліндегі кітап қорының үлесін ұлғайту.
  6. 6.     Жергілікті жерлерде тарихи тұлғалардың есімдерін, жер-су атауларын насихаттау.

      Әрине, «балапанды күзде санайды». Ол бағыт-бағдарламаларды жеке-жеке талдау, тағылым алу – келешектің ісі. Біз осы нақты іс-шара нәтижелерін үлгі-тәжірибе ретінде ел-жұртқа жария ете отырып, қай-қайсымыз да сөзден іске көшсек  дейміз. Өйткені, іс істеген адам ғана тың жол іздейді, қателеседі, көшін түзейді, қандай да бір нәтижеге қол жеткізеді.

      Көп кездесу-мәслихаттардың біріндегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Қ. Еділбай мырзаның мына бір айтқаны есімізден кетер емес: «Жоспарға сай жылда ресми іс-қағаздарын жүргізу, оның кірісі мен шығысын есепке алу жыл басында 60-70 пайыз көрсеткіш дәрежесінде деп белгіленіп, жыл соңында үнемі 100 пайызға жеткізіп отырушы едік. Биылғы қаңтар айынан бастап нақты пайыз, көрсеткіштерді жариялап келеміз...». Расында да, ойланып қалдық. Барлық аудан, облыс әкімдіктері, министрліктеріміз бен ведомостволарымыз іс-қағазды мемлекеттік тілде жүргізуді соңғы он жылдың өзінде осылайша 1000 пайызға (!!!) бір-ақ көтеріп тастады емес пе?!.

Ал облыстық «Жол картасында» былай деп жазылған: «Осы жылдың қаңтар айынан бастап барлық мемлекеттік органдарда іс-қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 100%болу тиіс. Алдағы уақытта осы көрсеткіш төмендемей..., ендігі кезекте құрылымдық мекемелердегі іс қағаздардың мемлекеттік тілде орындалуы сол мемлекеттік орган басшыларының тікелей бақылауында болуы қажет». Сонымен бірге нақты тапсырмалар да берілген: «Статистикалық-есеп, қаржы, техникалық құжаттар 2013 жылы – 50%, 2014 жылы – 70%, 2015 жылы – 100% мемлекеттік тілде жүргізілу керек. Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңнын орындалуына жүргізілетін тексерістер барысында бұл тармақтың жүзеге асырылуы қадағаланатын болады».

     Облыстық әкімдікте болған қорытынды мәслихатта академик Ө.Айтбайұлы облыс әкімі Ерлан Арынның тек басшы, ғалым ғана емес, үлкен жүректі тіл жанашыры екенін қадап айтты. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұзақ жыл басқарған марқұм әкесі Мұқтар Арын Ақтөбе топырағында ағартушылықпен аты аңызға айналса, әке атын ақтаған Ерлан бауырымыз Алматыда қаршадайынан осы Қоғамның бел мүшесі ретінде ана тілінен аражігін бір сәтке ажыратқан емес. Бір кездерде ол қоғам басшысы академик Ә.Қайдаридың орынбасары да болды, «Ана тілінің айбары» белгісімен де марапатталды. Сұлтанмахмұт атындағы Павлодар университетінің ректорының атқарған табысты да нақты істері оны бүгін Елбасының киелі өңірдегі сенімді өкіліне айналдырса, ана тілі мен Мәшһүр Жүсіптей әулиеге деген риясыз құрмет-қызметі үнемі өрге сүйреп келеді.    

 

     Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы да құр қол келмей, «Қазақ мектебі», «Қазақ кітабы», «Өлкетану» сияқты алты бағыт-бағдарламадан тұратын өз жобасын ала келді. Олардың әрқайсысы елімізде тұңғыш қабылданып отырған Павлодар облыстық «Жол картасымен» тоғысып жатыр. Билік қолға алған нақты іс-жоспардың бос сөз болып қалмай, көптің қолдауына ие болцы үшін Қоғам да демесін көрсетпек. Сол себепті де 24 мамыр күні Павлодар облысы әкімдігінде өңір басшысы Е.Арын мен «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісі Ө.Айтбайұлы біріккен іс-жоспарларды жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды. Елбасы нұсқаған, 2025 жылға бағытын түзеген тағы Ақкеме ана тіліміздің айдына түсірілді. Бір қуанарлығы бұл жолы ескегі де (билік, қаржы), ескекші де (қоғам, бұқара) сайма-сай, желі мен желкенін де замана-уақыт көтеріп келеді.

     Заманы желі қай жақтан соғады? Оның екпінді үні адамзат дамуының, өркениет шамшырағының қай нүктесін межелейді? Отанымыз ата-баба армандаған Мәңгі Ел – Жерұйық бола ала ма?

     Сондықтан да:

     «Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек».

     «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз». 

     «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді».

     «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық.  Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» (Н.Назарбаев. 14.12.2012 жыл).

Abai.kz

0 пікір