Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3198 0 пікір 9 Маусым, 2013 сағат 21:11

Жұмаш Кенебай. Мақтау мен мақтану – ұлттық дерт!

Мақтау мен мақтану сияқты бұл ескі дерттің ұлтымыздың бойына ендеп сіңгеніне де көп уақыт болған сияқты. Қазақ қазақ болғалы - мақтау мен мақтану ұлтымызбен  бірге жасап келе жатқандай.

Қазақтың негізгі күн көрісі – мал болды. Ұлтымыздың дені сол малмен өріп, малмен жусады. Ен даланы еркін жайлады. Қайда көшем, қайда қонам деп бас қатырып жатпады. Өйткені, жер жеткілікті болды. Ен дала, жалғыз үй – елеңдеумен күн кешті. Ен далада екі қазақ ұшыраса қалса болды, қызыл сөзді қымыздай сапырды. Айдалада жалғыз үй отырған қазақ әйелдері де сол күйді басынан кешті. Тұтас ұлт сөз қуды, сөздің түбін түсірді.

Міне, осыдан барып қазаққа мақтау мен мақтану дерті жабысты. Бұл дерттің асқынуы Кеңес заманынан бастау алды. Өтірік ақпар, өтірік жоспар мақтау мен мақтануға мейілінше жол берілді. Онсыз да сөз қуған біздің қазақ ол жылдары қызыл сөзден алтын сарай салды. Мейілінше  мақтанды, соншалықты мақтады. Соңғы жетпіс жылғы бодандық қазаққа өз дегенін істеді. Қазақта суайттар мен өтірікшілер көбейді. Тіпті, біздің қазақ: «менің балам қазақша білмейді» деп те мақтанды. Оның ақыры не болғанын бүгін ғана көріп, өкініштен бармағымызды тістеп отырмыз.

Кеңес заманында небір қолдан жасалған «Социалстік Еңбек Ерлері», «Кеңес Одағының батырлары» қаптап шыға бастады. Оларды жұрт мақтады, олар да мақтанды. Міне, мақтау мен мақтанудың дәуірлеп тұрған кезі осы бір «қой үстіне бозторғай жұмыртұқалаған» жылдармен еспептелсе керек. Басқа ұлттарды қайдам, біздің қазақ, бұл жөнінен алдына жан салмады. Әсіресе, өздері «ұлы отан соғысы» атап жүрген екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, елге аман оралған қазақтардың мақтаншақтықтары тіпті, шектен шығып кеткен еді.

Той-томалақтар мен әртүрлі деңгейдегі басқосулар тек мақтану мен мақтаудан тұрды. Өздеріне сөз берілген қазақтар «ақсақты - тыңдай, өтірікті - шындай» етіп соқты. Бір сөзбен айтқанда, «ауыз өзімдікі екен» деп орынды-орынсыз мақтанды және біреуді сондай жағдайда асыра мақтады.

Шетелге барған сапарында тек «Родина моя» (Х.Оралтай «Елім-айлап өткен жылдар» кітабы) деп ән салатын КСРО халық артисі Ермек Серкебаев (1986 жылы әйгілі Желтоқсанда жастарды айыптаған ашық хатқа қол қойған) және тағы басқа қазақтар күні бүгінге дейін келмеске кеткен Кеңес одағының «халық артисі» мен «халық батыры» санайды өздерін. Бір өкініштісі, бұлардың қатарының тым көп екендігінде болып тұр.

Ал, қазақстандық биліктің ұшар басында отырған «мықтыларымыздың» саусақпен санарлықтайы ғана мемлекеттік тілді білетіні нені көрсетеді? Сәт сайын орыстың сойылын соғып шыға келетін биліктің бейшаралығын қалай түсінуге болады? Бұл адам өліп бара жатса да - биліктен кетпейді. Биліктің айналасы толы – жағымпаздар. Жағымпаздар – мақтау мен мақтанудан жаратылғандар. Олар келістіріп тұрып мақтайды...

Қазақ елі тұтастай мақтау мен мақтанудан тұратын алып мұхит сияқты.

Иә, біздің қазақ аса тойшыл ұлт. Бізде той дегенің мақтау мен мақтанудың ұлы ордасы екені өтірік пе?! Тойға бардым дегенше, өтірік пен мақтау, мақтанудың ішіне күмп етіп түсіп кеттім дей бер...

Міне, біздің қазақтың бүгінгі шынайы келбеті осындай. Мақтау мен мақтанудың дертіне шалдыққан біздің қазақтың болашағы тым бұлдыр болып тұр...

Abai.kz

0 пікір