Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3174 0 пікір 9 Маусым, 2013 сағат 20:50

Садық Смағұлов. Алдан Смайылдың сырғытпасы

Тұрақты авторларымыздың бірі – Садық Смағұлов қазақ тарихына қатысты мәселелерге сергек қарап, хандар мен батырлардың тарихына қатысты баспасөзде жарияланып жатқан кейбір мақалаларға өз көзқарасын білдіріп отырады. Садық мырза кезеті ұсынып отырған мақаласында жазушы Алдан Смайылдың осыдан екі жыл бұрын  “Егемен Қазақстан”газетінде (26. 08. 2011) жарияланған «Аралбай батыр» туралы мақаласына қатысты өз ойын жеткізіпті.

Қаламгер Алдан Смайыл Садық Смағұловтың материалына қарсы уәж айтамын десе, оны да жариялауға дайынбыз.

Abai.kz

Тұрақты авторларымыздың бірі – Садық Смағұлов қазақ тарихына қатысты мәселелерге сергек қарап, хандар мен батырлардың тарихына қатысты баспасөзде жарияланып жатқан кейбір мақалаларға өз көзқарасын білдіріп отырады. Садық мырза кезеті ұсынып отырған мақаласында жазушы Алдан Смайылдың осыдан екі жыл бұрын  “Егемен Қазақстан”газетінде (26. 08. 2011) жарияланған «Аралбай батыр» туралы мақаласына қатысты өз ойын жеткізіпті.

Қаламгер Алдан Смайыл Садық Смағұловтың материалына қарсы уәж айтамын десе, оны да жариялауға дайынбыз.

Abai.kz

            Менің ұлымның аты -  Кенесары, қызымның аты - Бопай. Немерелерімнің аттары: Ағыбай, Абылай, Айғаным, Күнімжан сондықтан болар бұл ұлы есімдерге байланысты тарихи жазбаларды, керауыз даттаушыларды сын көзбен қарап, елін қорғаған есті тұлғаларды көлденең көк аттылардың езуіне салып малжаңдата бергім келмейді. Елдің бас баспасөзі болып жүрген “Егемен Қазақстан”газетінде (26. 08. 2011 жыл) елдес туысымның 1685 жылы туған атасы туралы “Аралбай батыр” деген көлемді мақаласы (http://www.egemen.kz/2011/08/26/311915/ ) шығыпты. Атамызды мақтау үшін (маған да алыс емес) Абылайды жеті жасында хан жасап, 1718 жылға сырғытыпты. Мынаны кім жазып отыр деп мақаланың астына қарасам, өзіміздің Алдан Смайыл. “Платон менің досым, шындық одан қымбат” деген сөз бар емес пе еді. “Ыза шығар ішімнен, жалын шығар тілімнен” деп Ақтамберді жырау айтқандай қолыма қалам алып “Абай.кз-ға” жүгіндім. Газет жіберген қате шығар десем, бірнеше жерде қайталанады. Төрелігін «қонақтар»  айтсын.   

Мемсыйлықтың  лауреаттары бірдеңе жазарда дәлел-дәйекті потолоктан (үйдің ішкі төбесі) аласыңдар ма? Тегеріші жоқ адамдай қойып қаласыңдар. Бір ізге түскен, ғылыми дәлелденген түсініктерге неге тоқтамайсыңдар. Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Қойшығара Салғариндер жетесіне жеткізіп дәлелдеген тарихи шындықтарды, ақтаңдақ олқылықтарды, кешегі жаздырмаған, айтқызбаған датымызды орын-орнына қойып ғылыми жолмен анықтап, жарық жұлдыздай жарқыратып қойып еді.  Профессормын, лауретпын деп “қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса” деп өтірікті судай ағызып жаза бергеннен не ұтасыңдар? Бұрынғы жазылғандар өтірік, біздікі шындыққа таяу деп аталарыңды батыр жасау үшін Абылайдың туған жылын он саққа жүгіртіп, әрі-бері сырғытып оқырман қауымды адастырасыңдар, “қайсысы дұрыс” дегіздіріп елді алаңдатасыңдар, Алдан мырза!

         Әз Тәуке хан өлгенде баласы Қайып сұлтан мұрагерлікпен хан тағына отырғаны өтірік пе? Қайып хан мен Әбілқайыр ауыз жаласып Ұлы жүзден, Орта жүзден көмек сұрамай, оларды қатыстырмай Аягөз – Іле бойындағы соғыстан жеңіліп, Қайып хан сол соғыстан алған жарақаттан қайтыс болған.Ұлы жүздің билігін (Ұлы жүз деп  қате жазған жоқсың ба?) Әбілқайыр хан қолына алып, 1718-ші жылы Жоңғарияға майдан ашып, отыз мың әскері бола тұра күйрей жеңілді дейсің. Алдан мырза “Қарақұмдағы жиында (1710 жылы өтпеп пе еді? Ол кезде Абылай хан туған жоқ еді ғой. Әлде ел естімеген тағы “Қарақұм жиыны” болды ма?) күш жиып, жақсылап әзірленіп күйрете соққы беретін кезді анықтайық” деген Төле би мен Қазыбек биді тыңдамайтын сыңай танытып түтіге суырылып алға шыққан атаң Аралбай батыр:

       - Уа, жақсы-жайсаңдар! Ресей ауайық деп елді сергелдеңге салғанда, сонымен қатерден құтылатындарыңа көздерің жете ме? Жоқ. Құтыла алмайсыңдар! Өкшелеп қуатын жоңғарлар жіліктеп жүріп талайды. Жолшыбай башқұрт пен қалмақ қоң етіңді кесіп жейді. Арып-ашып жеткендеріңді орыс-казактары қансыратады. Аумаймыз, көшпейміз. Тіресеміз, тістесеміз, жеңбей тынбаймыз. Жұлқынып келген жоңғарды жапырып, жайпап тоқтаймыз. – деген жалынды сөз салады атасының ауызына Алдекең мырза. Бұл сөз қай жерде айтылған? Арқа жерінде айтылған болса, ит арқасы қиянға –  Еділ бойына босу, орыстардың қолтығына тығылу қазаққа жан сақтата ала ма? Жақын жердегі Тобол қаласындағы алыс-берісі бар орыстардың қолтығына неге тығылмасқа?

         Бұл хабар Абылай ханды қатты күйзелтіпті. Абылай хан жөнінде өтірік деректер  беру едәуір көрініс тауып екі жасқа жасартып жүр. Өткенде осы порталда «Абылай кімнің баласы» деген мақалам (http://old.abai.kz/node/23013 ) жарияланды. Соны бір үзік сырмен жалғастырсам: Абылайдың Төле бидің қолында «Сабалақ» болып жүргені өтірік. 1711 жылы Абылай шын  аты Әбілмәнсүр туғанда қазақтың ханы Әз Тәуке болатын. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман еді. Ораз аталықпен (құл деушілер де бар) жаяу жалпы Төле биге қашып келетіндей күн туған жоқ. «Қаратаудың басынан көш келеді» деген тұстағы аласапыранның жыры 1722 жылы жырланса, сол көшпен Ораз аталықпен бірге ОН БІР жасар Әбілмәнсүр Арқадағы Дәулетбай (Дәулеткелді) байдың қолына келіп паналайды. Самархан мен Ташкент Халдан Сереннің қолында қалып екі баласын аманатқа беріп жан сақтап отырған Төле би Сабалаққа түйесін бақтырып мамыра жай күн кеше алған жоқ. 1731 жылы Қанжығалы-Бөгенбай батырға ілесіп, Дәулетбай байдың жылқысынан жақсы ат таңдап мініп, соғысқа араласады. Осы соғыста жекпе жекке шыққан Әбілмәнсүр қалмақтың айтулы батыры Шарыштың басын алады. «Абылайлап» айқайлап, қанжығаңа бас байлап» деген жыраудың жыры Әбілмәмбет ханның құлағына тиіп (Әбілмәмбет пен Әбілмәнсүр деген есімдерінің ұқсастығының өзі көп нәрсені дәлелдейді,) Әбілмәнсүрмен «Ой, бауырымдап» қанішер Абылайдан бір тұқым қалды деп еді сол сен екенсің ғой деп табысқаны тарихи шындыққа сияды. Іле шала Атығай-Қарауылға сұлтан етіп, Әбілмәмбет ұлы хан болып Түркістанға көшкенде Орта жүзге 1735 жылы хан болған Абылай 1771 жылы ҰЛЫ ХАН-дықты иемденеді.

             Аралбай атаңды батыр жасау үшін Абылайды қатты күйзелтіп, ақылынан шатастырып жібергендейсің. Аралбай батыр (қазақта үш “Аралбай” батыр бар екенін білдім. Бірі Кәрсон-Аралбай Софы Сматаевтың аталары, екіншісі Алтай-Аралбай, сенің атаң. Үшіншісі Ақкете-Аралбай Кіші жүздің батыры) Әбілхайыр хан жеңілген соғыстың кегін алу үшін Абылай ханның алдына шарт жүгініп “Ұлытау, Арғынаты” бойына шегінейік. Қазіргі жеріміз Көкше мен Ерейментау жоңғарларға жақын не істеп, не қойып жатқанымызды біліп қояды” деп кеңес береді.

            Бірақ Әбілқайырды жеңген қалмақтармен соғыспай Алданның атасы Аралбай батыр 1728 жылғы “Бұланты-Қарасиыр” соғысына қатысып  тапқырлығымен, жүректілігімен  Абылай ханның көзіне түседі. Бұл соғысқа Абылай басшылық жасамақ түгілі, қатысқан жоқ екенін білуің керек еді. Аралбай батыр Қанжығалы-Бөгенбайға Арқа батырларының (Бөгенбай Арқа батыры емес пе?) кәнігі тәсілін "толғаманы" ұсынады. Бұл әдісте жау шебіне кілең жүйрік мінген ықшам топ түре тиіседі, турап өте шығады. (турап өте шықса кім қалды?) Дұшпан тобы оған сөгілмесе екінші, үшінші топ шалт қимылдап, қозғалмасына жанын қоймайды. (екінші, үшінші топ сонан соң төртінші, бесінші) Бөгенбай батырға үйреткен ақылының түрі осы болса қолбасшы Бөгенбай батыр, «Абылай хан» қалай шыдады екен? Жоңғарлар “толғаманы” жарыла қуады. Пай, пай, шіркін! Келтіресің-ау! Алдан мырза. Осы кезде тасадағы әлдемді топ жауды әп-сәтте жайпап салады. Бұл әдіс неге “толғама” деп аталады. “Толғама” деген не сөз? Бұл жерде қандай мағына беріп тұр? Толғап-толғап тартатын садақ емес. Толғап-толғап сүңгітетін найза емес. Толғап-толғап шайнамай жұтатын ет емес. Сынадай қағылған сабаздардың іс әрекетін көрсетіп тұрған жоқ.

            “Бұланты-Қарасиыр” соғысы басталарда бірнеше жеңісті жекпе-жектен кейін Бас қолбасшы Әбілхайыр хан Қаракерей-Қабанбайдың қолын  қарсы беттегі тұрған қалың қалмақтың қолын екі жарып, әлсірету үшін, ортадан қақ жаруға жұмсайды. Екі жарылған қалмақты бірін Қанжығалы-Бөгенбай, екіншісін Шақшақ-Жәнібек талқандап жеңіске жетпеушіме еді. Тарихи деректерде солай жазылған. Аралбай батыр атамыздың «толғамасын» іске асырып, тым болмаса «Аңырақай шайқасына» қатыстырып қалмақтарды қирата бір жапырып тастамадың, қайтейін. Менде масаттанып қалатын ем.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525