Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2771 0 пікір 6 Маусым, 2013 сағат 11:34

БАҚ өкілдеріне баспана бұйыра ма?

Кеше Парламент қабыр­ғасында, «жетімбұрыш» жағалаған журналистердің жайы көтерілді. Және күтпеген жерден сенаторлар БАҚ өкілдерінің жігерін жа­сытып, әбден күйзелткен бұл проблеманың шешілуіне ықпал етуге белсеніп шықты!

Кеше Парламент қабыр­ғасында, «жетімбұрыш» жағалаған журналистердің жайы көтерілді. Және күтпеген жерден сенаторлар БАҚ өкілдерінің жігерін жа­сытып, әбден күйзелткен бұл проблеманың шешілуіне ықпал етуге белсеніп шықты!
Осы айда аталып өтетін жур­налистердің төл мерекесі қар­саңында Сенаттың Әлеу­меттік-мәдени даму комитеті «Телерадио хабарларын та­рату туралы» заңын іске асы­ру мәселелеріне арналған жиын жиюға ұйғарыпты. Осы кездесуде отандық ақпарат құралдарын алаңдатып отырған проблемалар ашық айтылды. Жиынға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жауапты хатшысы Жанна Құр­манғалиева заң қабылданғалы бергі уақытта атқарылған ша­руаларға тоқталды. Қазақстанда «міндетті теле­радиоарналар тізбесі» қалы­п­тастырылыпты. «Бұл қазақстан­дықтардың ақпараттық қа­жет­тіліктерін қанағаттандыру және Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін нығайту мақсатында түзілді. Бұл тізбе кон­курстық негізде қалып­тасты­ры­лады. 2012 жылдың 2 қара­ша­сын­да осы тізбені қалыптас­­тыру жөніндегі комиссияның оты­ры­­сы өтті. Сонда комиссия мүшелерінің шешімімен, 14 телеарнадан тұ­ратын тізім ұсынылды. Бұлар – Хабар, Қазақстан, Мәдениет, Балапан, Еларна, 24.kz, Білім, Қазақ ТВ, Астана, СТВ, 31 арна, 7 арна, НТК, КТК. «Телерадио ха­барларын тарату» заңына сәй­кес, бұл тізімді телерадио та­рату операторлары «өзара есеп­тесу» негізінде трансля­ция­лай­ды» деді министрліктің жауапты хат­шысы.
Әйткенмен «Астана телеви­зиясының» бас директоры Ләззат Танысбай бүгінде кабельді ком­паниялар мен телеарналар ара­сында проблема туындап жат­қандығын айтып, дабыл кө­­терді: «Ең ірі кабельдік опе­раторлар­-дың бірі «Icon» қазі­ргі кезде бір топ республика­лық арналарды трансляциялаудан бас тартуда. Ол бізден «жарнама­дан толық тазаланған» эфирді талап етіп отыр. Ал жарнама, өздеріңіз түсінетіндей, жеке телеарналар үшін табыстың бірден-бір, тіпті жалғыз көзі деуге болады. Сон­дықтан біз оған бара алмаймыз. Өкілетті орган бұл жайттан құ­лағдар. Біз қазір «ұзақ хат алмасу» жүргізіп жатырмыз» дей келе ол егер алда «Телерадио хабарла­рын тарату туралы» заңына өзгеріс­тер енгізілер болса, осы жағдай­ды ескеруді сұрады.
Қазақстан 2015 жылдан бастап, толығымен «цифрлы те­левизияға» толық көшетін болады. Сол кезге дейін елімізде кеңес кезінен қалған аналогтық теле­хабар тарату түбегейлі тоқтаты­лады. Қазірдің өзінде үй төбесі­не шаншылған антеннамен тек бір-екі арнаны ғана аулау мүмкін бо­лып қалды. Әйткенмен әзір­ге рес­публика бойынша тек 300 мың үй ғана мемлекеттің «Отау ТВ» цифрлы телевизия жүйесіне қо­сылыпты.
Мемлекеттің іске жауапты құрылымы – «Қазтелерадио» АҚ-тың басқарма төрағасы А.Қа­дырәлиев осы 300 мыңның 80 пайызы ауылдық елді мекендердің үлесінде екендігін айтты. Адам­дарға таңдау беру үшін «Отау ТВ» ол адамдарға отандық телеар­налардың тегін пакеті сыртында, ай сайынғы төлем негізінде ше­телдік арналарды да көруге мүм­кіндік береді. Бірақ қосылған абоненттердің тек 15 пайызы ғана ақылы пакетті қосқызыпты. «Бұл өз телеарналарымыздың халық арасында танымал екендігін көрсетеді» деген байлам жасады Абай Қадырәлиев.
Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов «цифрлы хабар тарату жүйесіне қосылу үшін қазақстандықтарға жаңа цифрлық қабылдау жабды­ғын сатып алу қажет» болатын­дығын еске салды. «Ол үшін бі­рінші кезекте қазақстандық кә­сіпорындарда телевизия­лық қабылдағыштар өндірісін ұйым­дастыру мәселесі пысықтал­ды, – деді министрлік басшылығы­ның өкілі. – Телевизиялық қабылдағыштарға деген сұра­ныс­тың өскендігін ескере отырып, мұн­дай өндіріс Петропавл қа­ласындағы Киров атындағы за­уытта жолға қойылды. Сонымен қатар үстіміздегі жылың маусым айынан бастап, «Алатау» арнайы экономикалық аймағындағы ақпараттық технологиялар пар­кінде осындай жаңа құрастыру өндірісін іске қосу жоспарл­а­нуда».
Көлік және коммуника­ция министрінің орынбасары мұ­ның «өз кезегінде отандық нарық­ты қорғауға» және «оны өзіміздің қазақстандық цифрлы телеви­зиялық қабылдағыштармен тол­тыруға мүмкіндік беретіндігін» нықтады. Жергілікті әкімдіктер мем­лекеттік қызметшілерге, бюджет қызметкерлеріне, Ұлы Отан со­ғысы ардагерлеріне, көп бала­лы не жалғызбасты аналарға және басқаларына мемлекеттік қор­-дан, арендалық үй береді. Бірақ БАҚ өкілдері осы санаттардың бірде-біреуіне кірмейді. Ал со­­ны­мен бірге мемлекеттік идеоло­­гиялық жұмысты атқаратын, ха­­лық пен билік арасында түйінді мә­се­лелерді түсіндірер «арааға­йын», жаршы ретінде жүретін журна­листерге жүктелген жа­уапкер­шілік шенеуніктерден артық болмаса, кем емес.
 – Баспана мәселесі біздің ең жанды жерімізге тиіп отырған мә­селе, – деп мәлімдеді «Хабар» Агент­тігі басқарма төрағасы Ай­дос Үкібаев. – Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері, біздер мәртебе жағынан мемле­кеттік тұрғын үй туралы бағдар­ламаларға да, соны реттейтін заңдарға да – ешқайсысына кірмейміз. Өйткені бізде статус жоқ, бізге қарастырылған санат та жоқ. Нәтижесінде, заң жүзінде пәтер алуға мүмкіндігіміз жоқ. Біз мысалы, әкімдікке хат жазамыз, олар бізге жауап қайырады: «Сіз­дер мемлекет үй беретін бағдар­ламалардың ешқайсысына кірмейсіздер!» деп қысқа қа­йы­рады.
Бұл мәселеде журналистер күтпеген жерден сенаторлар та­рапынан қолдау тапты:
 – Мәселе өте дұрыс көтері­ліп отыр, – деді Сенаттың Әлеумет­тік-мәдени даму комитетінің төр­а­ғасы Ақан Бижанов. – Бұл өзі өте күрделі мәселе. Оны шешу үшін құқықтық база қалыптастыру керек болса, Парламент тарапы­нан басқа да көмек қажет болса, онда ұсыныстарыңызды бері­ңіздер! Министрлікпен отырып, өздеріңіз де ақыл қосып, әзір­ле­ңіздер. Қандай шешу жолдары бар? Ол үшін қандай құқықтық база керек? Соны айтыңыздар. Өйткені өте күрделі түйін. Әсіресе, қазір жас, дарынды журналис­тер­ді ақпарат құралдары сала­сына молынан тарту үшін, осында тұрақтандыру үшін осындай база керек! Келіңіздер, екі жақтап, бұл мәселені шешейік. Біз де бір жағынан қарастырайық. Содан Үкіметке ұсыныспен шығайық! – деді комитет басшысы.
Егер сенаторлар сөзінде тұрса, осы түйіні шиеленісіп, әбден жауыр болған мәселенің ше­шілуіне ықпал етсе, бұл сайып келгенде, отандық идеология саласын дамытуға серпін берер еді! Әйтпесе ақпарат құралдары өкілдері иығына түсер жүк жыл өткен сайын артып барады. Ал иықты езген баспанасыздықтың ауыртпалығы жеңілдер емес.

Айхан Шәріп

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606