Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2666 0 пікір 6 Маусым, 2013 сағат 11:17

Бейбіт Қойшыбаев. Мәңгі жас, мәңгі құрдас

Суреттерде жазушы Сатттар Ерубаевтың қабіріндегі құлпытастың көріністері

 

Жексенбіде 1937 жылғы 2 маусымда дүниеден өткен жазушы Саттар Ерубаевтың қалалық зираттағы құлпытасына тағзым еттік. Ескерткіш 1994 жылғы 2 маусымда, жазушының туғанына 80 жыл толар қарсаңда қойылған еді...

Не көп – дүниетанымыңды, өмірге көзқарасыңды қалыптастыруға жәрдемдескен кітап көп. Көркем шығармалармен оңаша сырласуға шамаң жеткен шақтан бері жаныңа қажет рухани нәр алған  кітаптарды санап тауысу қиын. Бұлардың қатарында кеңес әдебиетінің де, әлем әдебиетінің де таңдаулы туындылары бар.  Солардың ішінен жан дүниеңе айрықша әсер еткендерін ғана тізіп шығудың өзі оңай шаруа емес. Балалық шақта табысқан  кей шығармаларды қайыра оқыған сайын алғашқы әсеріңнен айнымай, ризашылыққа бөленесің. Солардың, өзімді ғұмыр бойы ыстық сезімге бөлеп келе жатқан қымбат кітаптардың алдыңғы легіне мен, мәселен, сенімді түрде «Менің құрдастарымды» қоямын. Бұл роман мен үшін адал, берік достықтың символына айналып, нағыз жансерігің секілденіп кеткен.  

Суреттерде жазушы Сатттар Ерубаевтың қабіріндегі құлпытастың көріністері

 

Жексенбіде 1937 жылғы 2 маусымда дүниеден өткен жазушы Саттар Ерубаевтың қалалық зираттағы құлпытасына тағзым еттік. Ескерткіш 1994 жылғы 2 маусымда, жазушының туғанына 80 жыл толар қарсаңда қойылған еді...

Не көп – дүниетанымыңды, өмірге көзқарасыңды қалыптастыруға жәрдемдескен кітап көп. Көркем шығармалармен оңаша сырласуға шамаң жеткен шақтан бері жаныңа қажет рухани нәр алған  кітаптарды санап тауысу қиын. Бұлардың қатарында кеңес әдебиетінің де, әлем әдебиетінің де таңдаулы туындылары бар.  Солардың ішінен жан дүниеңе айрықша әсер еткендерін ғана тізіп шығудың өзі оңай шаруа емес. Балалық шақта табысқан  кей шығармаларды қайыра оқыған сайын алғашқы әсеріңнен айнымай, ризашылыққа бөленесің. Солардың, өзімді ғұмыр бойы ыстық сезімге бөлеп келе жатқан қымбат кітаптардың алдыңғы легіне мен, мәселен, сенімді түрде «Менің құрдастарымды» қоямын. Бұл роман мен үшін адал, берік достықтың символына айналып, нағыз жансерігің секілденіп кеткен.  

 ...Біз романның бас кейіпкері Рахметті ұнаттық. Қазақ техникалық интеллигенциясы өкілінің өмірін қызықтадық. Жеті атасынан мал баққан жалшы ұлының заманауи тәрбие алып, институт бітіруі, одан республикамыздың алғашқы индустрия ошағында еңбек етуі туралы сүйсіне оқып, оның көмір өнеркәсібінде өзін білікті иңженер ретінде ғана емес, алыпты көтеріп жатқан дала жастары арасына жаңа сана-сезім, озық мәдениет әкелген дәуірдің алғашқы шамшырағы кейпінде де көрінгеніне бек қатты риза болдық.

Біз Ленинградтың үлкен ғалымының қызы, әуелі студент, одан қарағандылық инженер Лизаны керемет жақсы көрдік...

Рахмет пен Лизаның махаббаты біздің жүрегімізге терең ұялады...

Біз дәрігер Ықыластың адам айтып жеткізгісіз адамгершілігі мен ерлігіне қайран қалдық...

Біздің романды сүйіп оқуымыз осындай бағыттармен межеленді.

Бір ғажабы, бертінде, ілік іздей оқып, кемшін тұстарды бірінен соң бірін тапсам да, «Менің құрдастарымның» маған әсері баяғы қалпында болды. Ғажап: баяғыша қанды қыздырып, жүректі тулатты.

Неліктен бұлай? «Менің құрдастарымның» жеткіншек, жасөспірім, жас біткенді былай қойғанда, жасамысқа да «құрдас» болып қала беру сыры неде жатыр? Оның тартымдылығының қандай құпиясы бар?

Таптым: «Менің құрдастарымның» басты күші – адал көңілден, шын жүректен жазылғанында болып шықты. Мәселе – «Менің құрдастарымның» сезіміңді тербейтінінде жатыр екен. Бас әріппен жазылатын шынайы адамгершілікті, жаңа дәуірдің жаңа адамына тән болмақ асқақ та әсем, ең адамгершіл сезімді қозғайтынында жатыр екен.

Романның ересен әсерлі болуы – ақ жүректен ақтарыла жазылғандығында. Ақ жүректен ақтарыла жазылғандықтан да замана рухы шағын романға қарапайым сөздермен, сондықтан да эстетикалық әсері айрықша пәрменді болып, қаз-қалпында сыйып кеткен. Ақ жүректен ақтарыла жазылғандықтан да «Менің құрдастарым» сыр шертетін отызыншы жылдар жастарының бойындағы тамаша қасиеттер күні бүгінге дейін біздің тұла-бойымызды шымырлатып, ғажап күйге бөлейді, сүйсінтеді, еліктетеді.

Бұдан сексен жылдай ілгеріде өмір сүрген жас жұмысшылар мен интеллигенттердің интернационалдық сана-сезімі неткен әсерлі суреттермен берілген. Ол, сөз жоқ, өскелең ұрпақтың талай буынына үлгі бола бермек. Ал сонау жасампаз қадір-қасиеттің терең тамыры революцияға дейінгі шахтерлер бейнелері арқылы қандай дәл көрсетілген.

Қалай сүзіп оқысақ та, жағымды кейіпкерлердің сол шақтағы озық иланымды бекем ұстануы қайран қалдырады. Романдағы жастар өмірі – төңкеріс алға тартқан дәстүрлерге адалдықтың нақты көрінісі. Шынтуайтқа келгенде, туындыны мәңгі жас етіп айшықтап тұрған өлмес өрнек сол ғой.

«Менің құрдастарымды» жастардың жансерігі дәрежесіне көтеріп тұрған өлмес өрнек Саттардың аузымен «жаңа сезім» деп аталғанын көрдік. Ал, «жаңа сезімді түсіне білу үшін сыншыл болу, саясатшы болу аз екен, сол сезімнің денеңді дуылдатып, жүрегіңді тулатып толқытуы қажет екен. Былайынша айтқанда, жана сезіммен бойыңның теңдес болуы керек екен». Керемет дәл байлам. Мұның дәлдігі сонда – сол айтқандарын Ерубаев өз басынан өткерген, сондықтан да өзі тізген қажеттілік, өзі тауып қойып отырған шарт оның терең сеніміне, иланымына айналған.

Өмірден қыршын кеткен мәңгі жас Саттар Ерубаев өткен ғасыр тереңінен,  «Менің құрдастарымның» лирикалық кейіпкерінің аузымен былай дейді: «Қарап тұрсаң төңкеріске, отаныңа, тарихқа, Адамдағы қымбат қасиет – берілгендік халыққа. Бүкіл халық мақсаты бір, барлығында бір ниет, Отан үшін басты беру бәрінде бар қасиет... Менің қаным миллионның тамырында ағады. Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады... Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдік болады, Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсіп, жанады!» – Міне, «Менің құрдастарымның» тақырыбы да, мазмұны да, әсерлілігі де, өзіңізбен замандастығы да, мәңгі өлместігі де осында. Ол алғаш жарық көргелі бергі жетпіс төрт жылдан  астам уақыттан бері талай буынның асыл сезімін ұштауға септесіп келеді, бұдан әрі де солай бола бермек...

«Менің құрдастарым» – мәңгі жас туынды. Ол халқымыздың өткен ғасырдағы отызыншы жылдардан бергі бірнеше жас толқынына әрдайым құрдас, сырлас, жолбасшы, жетекші болып келеді, келешек ұрпаққа да тап солай қызмет етері даусыз ақиқат. Осынау ғаламат романның авторы, жастар жазушысы Саттар Ерубаев пен оның ақтық әніне, аққу әніне айналған, бейне-бір өзіне, өзінің тамаша замандастарына қойған өлмес ескерткіші сынды «Менің құрдастарымы»  әрқашан біздің арамызда. Демек, ол өзінің туындысымен бірге мәңгі тірілер қатарында. Біздің өскелең ұрпағымыздың сенімді тәрбиешілері қатарында.

Бізге «Менің құрдастарым»  ұрпақтар зердесіне имандық-идеялық сананың әрі көркем ескерткіші, әрі пәрменді оқулығы ретінде жасай беретіндей көрінеді. Бірақ төңкеріс дәуірі тәрбиелеген  осынау албырт ақынның жан сырын бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы парықтай ала ма деген де күдік бар. Халқымыздың әлденеше ұрпағының рухани тәрбиесіне себі тиген оның туындыларын қазіргі жастарымыз жансерік ете ме, жоқ па? Ойланатын сұрақ...

Біз Саттар құлпытасы алдында басымызды иіп, рухына тағзым ете тұрып,  келер жылы осынау тамаша жазушының туғанына  бір ғасыр болатынын ойладық...

Abai.kz

0 пікір