Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3097 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 11:59

Мемлекеттік рәміздері күні Шығыс Қазақстан облысында кең ауқымды атап өтілді

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Шығыс Қазақстан облысында кең ауқымды атап өтілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін бір уақытта орындау аясында 4 маусым күні Астана уақытымен сағат 11.00-де Өскемен қаласындағы мемлекеттік рәміздер орналастырылған «Абылай шыңында» Гимнді бұқаралық орындау рәсімі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Негізгі қатысушылар әскери қызметкерлер, жастар, мәдениет және білім беру салаласының қызметкерлері мен облыс орталығының тұрғындары болып табылады.

Жалпы, облыс көлемінде 380-нен астам мерекелік іс-шара өткізілген. Олар 121 – патриоттық бағыттағы мәдени-бұқаралық, 94 – спорттық, 139 - танымдық және 26 – қайырымдылық шаралары.

Қоғамдық-саяси маңызды шаралар қатарына «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарының жұмыс кезеңінің салтанатты ашылуы, «Абылай шыңына» жылдам шығу жастар акциясы, «Бұл біздің Ту! Бұл біздің Елтаңба! Бұл біздің Гимн!» қалалық және аудандық жастар акциялары мен флеш-мобтары, «Абылай шыңындағы» әскери қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі, жазғы лагерлерлердің «Желбірей бер көк байрағым!» атты жиынын жатқызуға болады.

Жыл сайынғы өңірлік патриоттар форумы ағымдағы жылы Семей қаласында өтті. Аталған форумға 5 мыңға жуық жастар қатысып, форум аясында «Болашаққа ұмтылған», «Шығыс мақтанышы», «Бүгінгінің батыры» номинациялары бойынша шығыс жастары облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды.

ШҚО ақпараттық орталығы

0 пікір