Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2933 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 10:07

5 млн теңге кімге бұйырады?

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының  «Жұлдызды сәт» мегажобасында  мамырдың 11-нен бастап, сенбі күні тікелей эфирде дауыс беру басталады .  Әр  бағдарламадан  екі өнерпаз ғана  финалға шығады.  Финалға жолдама алған дарындар арасында тағы бір мәрте іріктеу өтіп, халық қолдауына ие болған  шынайы талант қана бес миллион теңге ақшалай сыйақыға ие болады.   Бұл туралы «Қазақстан» АҚ» рспубликалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы хабарлады.

Қазақстан жұртшылығы  «Жұлдызды сәт» теледуманының іріктеу кезеңін бірнеше аптадан бері «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан тамашалап келеді.  Бұл жоба  басқа  бағдарламадан өзіндік ерекшеліктерімен айшықталды.  Аз уақыт ішінде көрермендердің жүрегіне жол тауып,  халықтың ықыласына бөленді.  Жобада  бақ сынаған үміткерлер ел арасынан шыққандықтан, бағдарлама  халыққа біртабан жақын.

Айтулы дода әлі жалғасуда.  Сан алуан өнер иелері іріктеу кезеңінде  барын салып,  қазылар  алқасының қатаң сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алады. Оның ішінде «буыны қатып, бұғанасы бекімеген» жас баладан бастап «ақ сақалды, сары тісті» егде жастағы адамдар да бар. Әр өнерпаз өз бойындағы құдай берген талантын көрсетіп, жобадан шығып қалмауға тырысып жатыр. Алайда, қай өнерпаздың  мерейі үстем болып,  бағы жанатыны әлі белгісіз. Сонымен, жақында іріктеу кезеңі мәресіне жетеді. Таланттар арасында тартыс қыза түсті. Енді қазылар алқасының қолдауына ие болған үміткерлер  тікелей эфирде өнер көрсетеді. Бұл жолы жобаға қатысушылардың  өнерін саралап, оларға баға беруші – халық. Қызу тартыс көрермендердің  көз алдында өтеді.  Көрермен өзіне ұнаған өнерпазға СМС жолдау  арқылы дауыс береді. Жобаның іріктеу кезеңінен бастап талантымен жұртты таңқалдырған өнерпазға жанкүйер болуға мүмкіндік алады. Ал үміткерлер болса, көрсететін өнерлерін одан сайын күрделендіріп, төрешілер мен  көрермендерді таңқалдыра түседі.

Бірі – дауысына сенсе, бірі - білегінің күшіне үміт артады. Жартылай финалдың талаптары іріктеу кезеңінен де қатал. Төрешілердің де қабағы қатулана түседі. Өнерпаздың әр қимылын  бүкіл Қазақстан халқы қалт жібермей бақылап отырады. 

Бас жүлде үшін тартыста бір кітапты түгелімен жатқа білетін Шаймерден Әскен, шегені алақанымен бір ұрып қағатын Есімбек Тоқжігітов, қылыш жұтқан Айдос Тоқтарбаев та барын салмақ.   Көмейінен  құбылта  дыбыс  шығаратын  Бейбарыс Бақбергенұлы, суретші Базар Ырыстанұлы,  сыйқыршы Аббос Абдуллаев және басқалар  көрермен көзайымына  айналып үлгерді. Ел ішінен шыққан осы таланттардың өнерін тамашалап,  дауыс бергіңіз келсе, «Жұлдызды сәттің»   әр  бағдарламасын  қалт жібермеңіздер!

0 пікір