Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2691 0 пікір 5 Маусым, 2013 сағат 09:40

Олжас Сүлейменов: Біз сияқты елге Тәуелсіздік – қауіпті әрі мүмкін емес!

Voxpopuli.kz  сайты ақын Олжас Сүлейменовтың сұхбатын жариялапты. Сұхбатты журналист Айгүл Тоқсанбаева алған екен. Біз Олжас Омарұлымен болған әңгімені ықшамдай аударып бергенді жөн көрдік.

- Латын әліпбиіне өту туралы ойыңыз қандай?

-  Бізде ч, ш, ж сияқты ысылдап шығатын дыбыстар көп. Бұл дыбыстар бірнеше әріптермен беріледі. Мұндай әріптер латыншада жоқ. Оның үстіне біздің жазуымыз, жазба әдебиетіміз кириллицада пайда болды. Біз араб әліпбиіне ауысқанымызда шамамен халықтың екі пайызы сауатсыз болып қалды. Өйткені, 2% ғана араб әліпбиін қолданды. Ал, латын әліпбиіне өткен кезде елдің 20% латынша жазды да, ал 20%-ы болса, 80% сауатсыздардың қатарын толықтырды. Егер дәл қазір кириллицаны латын әліпбиіне алмастырсақ, онда  жұрт 100%  сауатсыздыққа ұшырайды. Сауатсыздықпен өткен әр жыл – мәдениет үшін орны толмас дүние. Және бұған дейін қаншама ғылыми-танымдық, көркем әдеби шығармалар жасалды. Қазіргі кез келген сауатты адам кириллица мен латыншаны білуі тиіс. Жаңа нәрсе енгізу үшін қалыптасқан дүниені жоғалтудың қажеті жоқ.

-  Қазақстанға қатысты алдағы он жылға қандай болжам айтасыз?

- Он жыл деп тым ұзаққа болжам айтуға болмас. Біз бесжылдықтарды болжап, ойлап үйреніп қалғанбыз. Бұл біздің дәстүрімізде бар. 2015 жылы Еуразия одағы құрылмақ. Бұл менің көңілімді тыныштандырады. Бұл -  Қазақстанның қауіпсіздігінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Төрт тараптан: Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстіктен соққан желдің өтінде тұрған біз сияқты елге толық Тәуелсіздік – қауіпті әрі мүмкін емес. Мен жас саясаткерлердің 2 миллион 700 мың шаршы километрге жуық жер аумағы және қазба байлықтары мен транзиттік мүмкіндігі бар елдің абсолютті Тәуелсіз болуы керек деп жария түрде айтып жүргендерін қабылдай алмаймын.  Біз тәуелділіктің не екенін ғасырлар бойы көрдік. Әлемдегі алыс-жақын көршілерімізбен өзара тәуелділік дәуіріне өтуі үшін Тәуелсіздіктің теориялық кезеңін бастан кешіріп жатырмыз. Қазіргі тарихымыздың осы сценаримен дамып келе жатқаны көңіліме қонады. Сауатты қадам.

- Кіммен дос болып, кіммен достаспауымыз керек?

- Бізге Ресей керек. Ресеймен арадағы еңбекпен, қанмен, термен, қамқорлықпен келген көршілестік ынтымақты, достықты жедел саяси және біреулер қойған талаптарға ауыстырмауымыз шарт.  

- Ал, Қытай ше?

- Қытаймен арадағы шекара алғаш рет нақты белгіленіп, заңдастырылды. Бұл маңызы зор тарихи жетістік. Және бұл мәңгілік сақталатын шығар деп үміттенемін.

- Мұндай көршіден қауіп бар ма?

- 1 миллиард 700 миллион17 миллионмен көрші болып отырғанда,әрине, қауіп бар.  Олар жүз есе көп. Оның үстіне олардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп, тіпті мектеп оқулықтарына дейін еніп кеткен «Орталық Азия және Қазақстан Жунго империясының орталығы» деген соқыр нанымға негізделген империялық дәстүрі бар. Қытаймен қарым-қатынаста өте сақ болуымыз керек. Қытайлар біздің қазба байлықтарға тәуелді. Бірақ, оны қазба, кен орнымен қосып, басы бүтін бір-ақ бере салуға болмайды! Ал, біздің олардың еңбекқорлығы мен техникалық мүмкіндіктеріне тәуелдіміз

- Президенттің мұрагері туралы не айтасыз?

- Бұл – қашып құтылмайтын нәрсе. Мұрагерлердің фамилияларын тізіммен атап бере алмаймын. Өйткені, білмеймін. Білгеннің күннің өзінде әлгі болуы мүмкін мұрагерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау үшін де айтпас едім.

Мұрагер – қандай адам болуы керек? Қазіргі президенттің саясатын жалғастырушы ма, әлде реформатор ма?

- Ол адам үзілді-кесілді түрде ауылдық партиотизм деңгейінде ойлайтын адам болмауы тиіс.  Керісінше, заманауи әрі Назарбаевтың жасаған саяси әлемге лайық және жиырма жылда қордаланып қалған мәселелерді шешетін адам болуы қажет.

Abai.kz  

0 пікір