Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4489 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 13:38

31 мамыр – жалпыұлттық аза тұту күніне айналуы тиіс!

1. сурет: Аза тұту күніне жиналғандар орталық мешітте аруақтардың рухына бағыштап құран оқытты.

2. сурет: Орталық мешіт ауласында құрбан шалынды

3. сурет: Аза тұту күні орталық мешітке жиналғандар

4. сурет: "Ашаршылық" деректі фильмі басталар алдында тарихшы Талас Омарбеков сөйлеп тұр

5-6. сурет: "Отырар" телеарнасының журналсті - Жазира Сәрсенбиева мен Еркінай Оразованың азабау тағып эфирге шыққан сәттері

7. сурет: Астанадағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып жатқан бала

8. сурет: "Ашаршылық" деректі фильмі басталар алдында қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың сөйлеп тұрған кезі

Биылғы аза тұту күні өзгеше өтті. Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжол бастаған азаматтардың қоғамдық негізде көтерген бастамалары ел ішінен қолдау тауып, 31 мамыр - саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қара және көк қос жолақты азабаулар жасалып, жұртқа таратылды.

Сөйтіп, бүгінге жоспарланған іс-шара Алматыда төмендегідей ретпен өтті:

Таңертең Алматыдағы орталық мешітке жиналған жұрт әуелі аруақтардың рухына бағыштап құран оқып, құрбан шалды. Шара «Цезарь» кинотеатрының дәлізінде жасалған фотокөрмемен жалғасып, режиссер Еркін Рақышевтің «Ашаршылық» деректі фильмі көрсетілді. Аза күніне жиналған елдің қарасы мол болды. Оның ішінде ел ағалары: Мұхтар Шаханов, Софы Сматаев, Смағұл Елубай, тарихшы Талас Омарбек, саясаттанушылар: Айдос Сарым, Расул Жұмалы және журналисттер болды.

Фильм басталмас бұрын Қасым Аманжолұлы бірнеше адамға сөз берді.

Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

-  Бұл күнді саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жүрміз ғой. О баста бұл сөздің алдында ашаршылық деген тіркес бар еді, кейін түсіп қалды. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп біз тарихымыздағы тұлғаларды еске алумен шектеліп келеміз. Ал, негізі мемлекеттік дәрежедегі ұлттық аза тұту күні болуы тиіс! Бұл – тұтас ұлттың қасіреті! Себебі, қазақ деген ұлт болмаса, кешегі Әлихан Бөкейханов та, Ахмет Байтұрсынов та сол сияқты небір зиялы, ұлтшыл азаматтар да болмас еді. Сол үшінде бұл күн жалпыұлттық қасірет күні.

Сондықтан, дәл осы күні мемлекеттік ту түсіріліп, республика бойынша аза тұту күні жариялану керек. Біз, ашаршылықтан, саяси репрессиядан опат болған ата-бабаларымызды жоқтап, жүрегіміз езіліп, көзімізден жасымыз ағып аза тұтуымыз шарт.

 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - мемлекеттік дәрежедегі жалпыұлттық аза тұту күніне айналатынына мен кәміл сенемін!

Сөйтіп, Еркін Рақышевтің «Ашаршылық» деректі фильмі басталды. Бір жарым сағаттық фильм ашаршылық туралы нақты деректе құрылыпты. Киноны жұрт көзіне жас алып, жылап отырып көрді. Тіпті, адам жаны түршігетін фактілер мен көріністер, Совет өкіметінің қазақ халқына жасаған жауыздығы азаматтарды егілтіп жіберді.

Деректі кино аяқталысымен, кинотеатрдың алдында қара және көк түсті шарларды бір топ бала көпшіліктің көзінше аспанға ұшырды. Содан соң, жиналған жұрт тайлы-таяғы қалмай, әрбір адам қолдарына қызыл гүл ұстап, жаяу жүріп отырып, Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы ашаршылық құрбандарына орнатылуы тиіс ескерткіштің орнындағы қара тасқа гүл шоқтарын қойды.

Алматыдағы шара осымен аяқталды.

Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары Астанада және облыс орталықтарында да аталып өтті. Ал, биылдан бастып, аза күнінің ажырамас белгісі айналар азабаулар бүкіл республикаға таралды. Алматыда таратылған азабауларды Оңтүстік Қазақстан облысынан арнайы келіп алып кетті. Сөйтіп, Оңтүстіктегі «Отырар» телеарнасының «Жаңа күн» таңғы бағдарламаласының журналисттері: Еркінай Оразова, Жазира Сәрсенбиева 30 мамыр күні алғаш рет эфирге азабау тағып шықты. Еліміздегі өзге арналар өкінішке қарай, мұндай қадамға бара алмады. Әлбетте, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні телеарналардың таңғы бағдарламаларында сөз болды. Бірақ, ел болып тағынып жатқан азабау жоқ.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, яғни, жалыұлттық аза тұту күні биыл өзгеше реңкпен қоғамдық дәрежеде аталып өтіліп, қасіретті күннің тұрақты белгісіне айналатын – азабау тағыну дәстүрі енді.

Cуреттер Фейсбук әлеуметтік желісінен алынды.

Abai.kz

0 пікір