Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5072 0 пікір 30 Мамыр, 2013 сағат 08:25

Күйші Бек Тасбергенов дүниеден озды

Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі күйші, концертмейстер, қазақ күй өнерінің дамуы мен зерттелу ісіне зор үлес қосқан Бек (Қошқарбек) Тасбергенов 59 жасқа қараған шағында дүние салды.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі, Темір Жүрген атындағы Өнер академиясының ұжымдары марқұм отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Бек (Қошқарбек) Тасбергенов 1954 жылдың 1 маусымында Қызылорда облысының Шилі ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультетін бітірген. Күйші, солист, педагог, концермейтер. ҚР-ны Еңбек сіңірген әртісі.

Қазақтың аспаптық музыкасын насихаттау мақсатында гастрольдік сапарлармен ТМД елдерінде, шетелдерде (Швеция, Швейцария, Португалия, Австрия, Филлипин, Корея, Түркия, Пәкістан т.б) қазақтың қасиетті домбырасының үнін күмбірлеткен. І Республикалық Құрманғазы атындағы күйшілер конкурсының лауреаты, 1-орын иегері (1983). 1992 жылы Қазақтың Мемлекеттік фольклорлы- этнографиялық «Отырар сазы» оркестіріне КСРО халық әртісі, оркестрдің бас дерижері, көркемдік жетекшісі Нұрғиса Тілендиевтің шақыруымен домбырашы, кейіннен оркестрдің бас концертмейстері болып жұмыс атқарды.Осы оркестрде 2003 жылға дейін жұмыс істеді. 1995 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» деген құрметті атаққа ие болды. Н.Тілендиевтің 80 жылдығына орай «Жақсыдан шапағат» атты ноталық оқу кітабы жарыққа шығарып (2005 ж.), Қазақ халқының дәстүрлі ән өнеріне арналған «Сарыарқа әндері» антологиясы (2005 ж.) ноталық жинағын шығаруда, әндерді  нотаға түсіруге атсалысты (2009).        

Бек Тасберговтың еңбектері:

1. Күйшілік өнер жайында 7 кітап  2005-2009 жыл.            

2. Жақсыдан шапағат. Алматы, 2005 жыл                                                          

3. Нартай сері. Алматы,  2006 жыл

4. Арнау. Алматы,  2006 жыл

5. К.Әзірбаев пен Нартай Бекежановтың әні "Жаса, Қазақстаным".Алматы,  2008 жыл

6. Нартай Бекежановтың  әні (14 ән).Алматы,   2008 жыл

8. «Сарыарқа әндері». Антология. Алматы,  2005 жыл

9. Жаяу Мұсаның әні «Ақ шашақ». Алматы,  2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522