Жұма, 3 Мамыр 2024
Аймақ 1407 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 11:54

Абай облысы: Қостанайдағы өрттан сабақ алмаған Үкімет...

Ашығын айтқанда, Абай облысындағы қаншама азаматтың өмірін жалмаған алапат өрт біздегі басқару жүйесінің әбден іріп-шірігендігін көрсетеді. Баяғы 30 жыл бойғы қалыптасқан әдетпен барлық кінәні жоғары жақ төменгі жаққа итере салады.

«Дер кезінде бізге ескерткен жоқ, қамсыз отырды», деп қара аспанды қапылтып жатыр. Солай шығар. Ал, мүмкін, хабарласқан да шығар. Алайда, қазір төменгі жақтың айтқанын кім тыңдап жатыр? Мазасын ала берсең «басты ауыртпа» деп жекіп тастамасына кім кепіл? Сосын, олар да «үйдей пәледен үндемей құтылады». Оларды солай үйретіп тастады.

Екіншіден: «Ильин өрт сөндіруге бірден барған жоқ», - дейді. Оу, ол мекеме Президентке тікелей бағынады емес пе? Ендеше, оны кім қадағалап, бақылауға тиісті? Мәртебесі биік болған соң, оған Смайыловтың да тісі батпайды. Демек, ол министрдің барғысы келсе барады, барғысы келмесе бармайды. Өзі би, өзі қожа. Ендеше, енді, айт не, айтпа не, орнынан түсір не, түсірме не?

Ал Экология министрі жап-жас қызға тіпті, обал. Адамдардың бейкүнә опат болғандығы, әрине, жанына қатты батқан болар, нәзік жаратылған жан ғой, көз жасына ерік бергені де түсінікті. Алайда, төменнен көтеріліп, осы саладағы барлық сатыдан өткен, біліктілігі мен өмірлік тәжірибесі мол, тіс қаққан адамның орнына осы жас баланы әкеліп қойған кім? Мұнда отыздағы емес, ең болмаса қырықтағы білікті маман табылмады ма?

Сосын Ильиннің орнына келген, осы салаға мүлдем жат адамның ертең осындай жағдай болса, жедел қимылдап, өрттің алдын ала алатындына кім кепілдік береді? Ертең ол да көз жасына ерік бермесіне кім сенімді?

Қысқасы, сұрақ көп, жауап жоқ. Әдеттегідей жағдай. Өйткені, былтырғы жылғы біздің Қостанайдағы осындай алапат өрттен тиісті қорытынды шығарылмады ма деп, қорқамын.

Жайберген Болатов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 572
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 301
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 317
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328