Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 931 1 пікір 8 Маусым, 2023 сағат 20:36

Әлихан Смайылов: ЕАЭО экономикалық негізде дамуға тиіс

Сочи қаласында (РФ) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.

Отырыста ЕАЭО-дағы өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесі талқыланды. Олардың қатарында сауда-саттықтағы кедергілерді жою, теміржол көлігімен жүк тасымалдауды цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспарын орындау, «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттары бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, теңіздегі өткізу бекеттерінде электрондық құжат айналымын енгізу, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер қаралды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, бірлескен күш-жігердің арқасында Еуразиялық экономикалық одақ әлеуеті зор, белсенді түрде дамып келе жатқан ұйымға айналды. Бүгінде бірлестік өзінің маңызы мен орнын дәлелдеп келеді.

«Елдер арасындағы көптеген мәселе бойынша өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді, оған көпжақты экономикалық ынтымақтастық негіз болып отыр», — деді Үкімет басшысы.

Осы жылдың басынан бері ЕАЭО елдерінің негізгі өндірістік көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мәселен, өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығару көлемі бірінші тоқсанда 1,4%-ға ұлғайған. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 2,8%-ға артты, ал Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 12%-ға өсті.

«Бүгін ЕАЭО органдарында әрі қарай даму үрдісі талқыға түсуде. Еуразиялық жоба экономикалық негізде дамуға тиіс деп есептейміз», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, республикада өнеркәсіп кооперациясы шешуші рөл атқарады. Алайда жобаларды таңдау және дамыту кезінде ортақ мүдделерді, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің әлеуетін міндетті түрде ескеру қажет. Әлемдегі қазіргі ахуалды ескере отырып, Қазақстан «ЕАЭО кооперациясын дамыту орталығы» болуға дайын. Бұл бастаманы ҚР Президенті Жоғары кеңестің өткен отырысында ұсынған болатын.

«Кооперациялық байланыстарды дамыту, жаңа нарықтарды ашу, бірыңғай экономикалық кеңістіктің артықшылықтарын пайдалану интеграциялық бірлестіктің пайдасын толық сезінуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса ЕАЭО елдерінің тиімді географиялық жағдайы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндік ашады. Атап айтқанда, еуразиялық «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» күре жолдарын дамыту жүктерді тасымалдауды жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді, бұл жалпы қатысушы елдердің әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар Қазақстан жаһандық тұрақты жеткізу тізбегін дамытуға үлес қосуда – серіктестерімен бірлесіп, ірі логистикалық орталықтарды құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, Өзбекстанмен Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығын, Қырғызстанмен сауда-логистикалық кешенін құру жоспарланған.

«Біз өңіріміздің транзиттік әлеуетін дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайынбыз. Мұның бәрі ЕАЭО елдерінің экспорттық географиясын кеңейтіп, біздің экономикалық мүмкіндіктерімізді нығайтады», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр әлемде цифрландыру үрдісі дамудың қозғаушы күшіне айналып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты қатысушы елдердің міндеті – ЕАЭО-ны шын мәнінде цифрлық өңірге айналдырып, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне көшу.

«Цифрлық жоспарлар біздің елдеріміздің азаматтарына мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бізге цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін технологиялар мен инвестицияларды тарту бойынша бірлесіп жұмыс істеу керек деп санаймыз», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590