Жұма, 19 Сәуір 2024
Не дейді?! 2547 7 пікір 8 Маусым, 2023 сағат 10:41

«Ресей армиясының беделін түсірді» – Байқоңыр тұрғынына айыппұл салынды

Байқоңыр тұрғынына «Ресей Қарулы Күштерінің беделін түсіргені үшін» ірі көлемдегі айыппұл салынды.

«Прокурордың қаулысы бойынша Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің беделін түсірген азаматқа ірі көлемде айыппұл салынады», - делінген прокуратура баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, «кешеннің прокуратурасы Ресей азаматтығындағы Байқоңыр тұрғынының интернет желісінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің беделін түсіруге бағытталған қоғамдық іс-әрекетін жасау фактісі бойынша тексеру жүргізді».

«Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің беделін түсіруге бағытталған қоғамдық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында ол әлеуметтік желілердің бірінде интернет-парақты қолданып, тиісті материалдарды орналастырған. Тексеру нәтижелері бойынша кешен прокуроры Александр Трифонов осы азаматқа қатысты 20.3.3-баптың 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады»,- делінген хабарламада.

Байқоңыр кешен прокурорының қаулысы мен тексеру материалдары 26 -гарнизондық әскери сотқа жіберілген.

«Сот талқылауының нәтижелері бойынша бұл азамат жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 30 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Кешен прокуратурасы тарапынан осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деп жазды ресми орган.

 

Abai.kz

7 пікір