Жұма, 29 Наурыз 2024
Соғыс 3034 3 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 16:46

Шойгу кімді алдап отыр?

Ресей күзден бері алғаш рет Украинада қандай шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Олар мұны Киевтің қарсы шабуылымен байланыстырады.

Аталған ведомства бұған дейін қаза тапқан әскерилердің ресми санын екі рет қана атаған. Ал Украина мен тәуелсіз есептеулердің деректері бұрын Ресей әскери департаменті жариялаған сандарды теріске шығарған.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, Киев қарсы шабуылы үш күн бұрын басталғанымен, Кремль оған тойтарыс беріпті.

«Өкінішке қарай, шығынымыз жоқ емес. Қарсыластың шабуылын тойтару кезінде әскерлердің біріккен тобында барлығы 71 әскери қызметкер қаза тауып, 210-ы жараланды», – деді ол.

РФ Қорғаныс министрі: «Киев үш күн ішінде үлкен көлемде техника мен әскерін шоғырландырып, әр бағытта шабуылға шықты», – деп мәлімдеді. Оның сөзінше, 4 маусымда Украина қарулы күштерінің 23 және 31-ші механикаландырылған бригадалары бес бағытта ілгерілеуге әрекет етіпті, бірақ орыстар олардың бетін қайтарыпты-мыс. Сондай-ақ Шойгу Украина әскерінің шығыны Ресей әскерінің шығынан бірнеше есе көп деп сендірді.

Украина болса, қарсы шабуыл басталғанын ресми жариялаған жоқ.

РФ Қорғаныс министрлігі наурыз айының 25-і күні 1351 сарбазынан айырылғанын айтса, 21 қыркүйекте соғыс басталғалы орыс әскерінен 5 937 адам жер жастанғанын мәлімдеді. Шойгу бұл сандарды «Россия-24» арнасына берген сұхбатында келтірді.

Ал «Би-би-си» «Mediazona» (Ресей «шетел агенті» деп таныған) және еріктілермен бірге ашық дереккөздердегі деректерге сүйене отырып Ресейдің осы аптаның өзінде 25 мыңнан астам сарбазынан айырылғанын хабарлады.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2279
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596