Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3800 0 пікір 27 Мамыр, 2013 сағат 06:10

Сағат Жүсіп. Сыр бойындағы ашаршылық пен індет

   Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Ұлы ашаршылық жайлы көбірек айтып, жазып келе жатсақ та, 1918-1920 жылдарда басталған  Кіші ашаршылық жайлы жазылған еңбектер көп емес. Мұрағат деректерінде Кіші ашаршылық 1921 жылдары Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезінде, атап айтқанда 2,5 миллион халық тұратын Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезінде болғанын айтады.

   Ашаршылық жайлы деректерге терең үңіліп зерттейтін болсақ, қазақтың азапты тарихының қиын кездері 1918 жылдан яғни кеңес үкіметі құрыла бастағаннан бастау алады. Нақтылап айтар болсақ, Сыр бойындағы ашаршылық 1917 жылдың аяғында Перовскідегі  совдеп басына атышулы қанішер Иосиф Гержод келген кезден орын алған. Ашаршылықтың түп төркіні сонымен бірге, азамат  соғысы, қалыптасқан шаруашылық пен басқару жүйесінің тоқырауы, большевиктердің елдің әлеуметтік, саяси мәселелерін шеше алмағандығынан болғандығы белгілі .

   Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Ұлы ашаршылық жайлы көбірек айтып, жазып келе жатсақ та, 1918-1920 жылдарда басталған  Кіші ашаршылық жайлы жазылған еңбектер көп емес. Мұрағат деректерінде Кіші ашаршылық 1921 жылдары Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезінде, атап айтқанда 2,5 миллион халық тұратын Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезінде болғанын айтады.

   Ашаршылық жайлы деректерге терең үңіліп зерттейтін болсақ, қазақтың азапты тарихының қиын кездері 1918 жылдан яғни кеңес үкіметі құрыла бастағаннан бастау алады. Нақтылап айтар болсақ, Сыр бойындағы ашаршылық 1917 жылдың аяғында Перовскідегі  совдеп басына атышулы қанішер Иосиф Гержод келген кезден орын алған. Ашаршылықтың түп төркіні сонымен бірге, азамат  соғысы, қалыптасқан шаруашылық пен басқару жүйесінің тоқырауы, большевиктердің елдің әлеуметтік, саяси мәселелерін шеше алмағандығынан болғандығы белгілі .

   Сол кездегі 300 мың халқы бар Перовск уезінде оның бес пайызын ғана құрайтын И.Гержод бастаған славян өкілдері  жергілікті халықты адам қатарына қоспай қайтсек билікті өз қолымызға мықты ұстаймыз деген ойда ғана болды. Гержод бастаған большевиктер үшін олардың арқа сүйеген күші, ең басты рольді сол кездегі Перовскіге уақытша қалдырылған 3-і және 4-і Сібір полктері  (4- полк Қазалы стансасында тұрған) атқарды. Солдаттар уақытша үкіметтің соғысты онан әрі жалғастырамыз дегеніне қарсы болып большевиктерді қолдаған. Сонымен бірге Перовскіде австриялық тұтқындар да орналасқан болатын. Олар емін-еркін бос жүретін жағдайда өмір сүрген, Гержодты қолдаған. Гержод өзін қолдайтын 3-і полк (3 мың солдат) пен он бес мың славяндықтарға, милициясына арқа сүйеп тек солардың ғана ішер тамағы, киер киімі, қару-жарағымен қамтамасыз ету жағын ғана ойлаған. Билік қолына оп-оңай түскен, сақадай сай қару-жарағы бар, бір полк әскері бар Гержод ойына келгенін істеген. 15 мың славяндықтар мен бір полк әскеріне тамақ табу мақсатында бай саналатын қазақтарға 3-5 мың сомнан салық салған, малын тәркілеген, халықты үлкен күйзеліске ұшыратқан. Түркістан республикасының басшылығына да бағынбаған. Сібір полкын тарат, австриялық тұтқындарды еліне қайтар деген орталықтың бұйрығын, ақтарға делегация жіберіп тұрып қалған астық вагондарының мәселесін бейбіт шеш деген нұсқауды да орындамаған. Ташкентке өтіп бара жатқан астық вагондарын тоқтатып ағытып алатын болған. 1918 жылдың  маусым айында 12 астық вагонын тоқтатып тәркілеген. Бірақ, бәрібір бұл шаралар көмек бермей Сыр елінде аштық басталған.

   1918-1919 жылдың қысында болған аштықтың салдарынан халықтың «25-н 50 пайызына дейіні аштықтан, суықтан өлген» («Известия ЦИК Туркреспублики», 23 Х1 1918 ж). Сол уақытта шығып тұрған «Новый Туркестан» газетіндегі (19 02 1918 ж) мынадай хабарлар сол кезеңге тән еді:  «Янгикорган селосында бір аптаның ішінде аштықтан 35 адам өлді. Будал селосында бір аптада аштықтан 43 адам өлді. Бәке селосында сол мерзімде аштықтан 37 адам өлді».

   Сонымен бірге тағы бір зұлмат  -  уез халқына холера мен сүзек індеті ойран салды. Уездік комиссар Шухардт 1918 жылдың 15 маусымында мынадай хабар жіберген: «Тартоғайда індеттен қырылғандардың көмілмей жатқандығы жайлы хабарды тексердім, мүрделер екі сағаттан ұзатылмай  терең шұңқырға көміліп жатыр. Бір ғана рет 6 күн бойы көмілмеген жағдай тексерілді, кінәлар жазаланды» деген. Міне, қазақ еліндегі осындай жағдайларды біле отырып большевиктік билік ашаршылыққа ұшыраған  Ресей губернияларына көмек беруді талап етті.  Өздері аштықта отырған қазақтар ресейліктерге аузынан жырып көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, ашаршылық жайлаған Поволжье халқына 14 вагон балық жіберген Арал балықшыларының көмегі жайлы кеңестік заманда талай жыр, әңгіме, дастандар айтылды. Әлі күнге дейін айтылып та келеді. Бірақ сол көмек ресейліктерге сол кезде жетті ме екен?  Жетпеген сияқты.

«...На фронтах паровозы постоянно стояли под парами. Пришлось употребить вместо нефти масло (!), которого в сутки сжигалось до 6000 пудов. На это обратили серьезное внимание, и ныне расход выражается в 370 пудах. На северном железнодорожном участке пришлоь употреблять рыбу в качестве топлива (!!). В громадном количестве была заготовлена рыба из Аральского моря для вывоза в Россию. Но ввиду оренбургского фронта и отутствия транспорта часть испорченной рыбы пришлось сжигать вместо топлива» («Наша газета» 14 март 1919 ж). Осындай деректер толып жатыр. Бұл деректерді Түркістан республикасының басшысы Казаков кеңестердің 7 съезінде оқып берді. (Г.Сафаров, «Колониальная революция»,(Опыт Туркестана), 1921 жылы Госиздатта басылған).

 Талай адамды аштықтан аман алып қалатын май мен балық паровоздың оттығына жағылған!  Не деген сұмдық!

   Ұлы ашаршылық осылай басталған еді. Мұның бәрін кеңестік идеология сол заманда жасырып айтпады. Осы кездерден бастап қазақ елінде аштық, босқыншылық, індет жайлай бастады. Жағдайы тәуірлеу саналатын Түркістан губерниясына қарай адамдар ағыла бастады. Көп ұзамай зорлап отырықшылдандыру, одан кейін байлардың малын кәмпескелеу, одан кейін Голощекиннің «Кіші қазан» төңкерісі ұйымдастырылып, оның аяғы  Ұлы ашаршылыққа, одан кейін жаппай асу мен ату т.с.с. болып жалғаса берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2262
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553