Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
1487 1 пікір 6 Маусым, 2023 сағат 16:02

Ресей Херсон облысындағы Каховка гидростанциясын жарып жіберді

Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын тоқтату үшін Херсон облысындағы Новая Каховка қаласында орналасқан Каховка гидростанциясын жарып жіберді. Соның кесірінен елді мекендерді сел басып жатыр, деп хабарлайды halyq-uni.

Осыған байланысты президент Владимир Зеленский шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін шақырды. Отырыстан кейін ол мәлімдеме жасауы мүмкін.

Каховка гидроэлектр станциясындағы апат Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын тоқтатқан жоқ. Жалпы, Ресей әскерінің іс-әрекетіне таңқалатын ештеңе жоқ. Ресей әскері Каховкадағы ГЭС дамбасын жарып, өздері де су астында қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, гидроэлектр станциясын РФ Қарулы күштерінің 205-мотоатқыштар бөлімі жарып жіберген.

«Укргидроэнерго» кәсіпорнының хабарлауынша, Каховка гидроэлектр станциясы толығымен жойылған. Оны қайта салу мүмкін емес. Ал Украина Қауіпсіздік қызметі ГЭС-тегі жарылысқа байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы, яғни соғыстың ережесі мен заңдарын бұзу мен экоцид бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір Каховка гидроэлектр станциясындағы жарылыстан кейін Запорожье атом-электр станциясына да қауіп төніп тұр.

 

Abai.kz

1 пікір