Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3414 0 пікір 24 Мамыр, 2013 сағат 09:09

Бiр адамның мың күндiк өмiрi артық

АСТАНА КҮНIН ДҮРКIРЕТIП ТОЙЛАУ, ҚЫРУАР ҚАРЖЫНЫ БОСҚА ШАШУ КIМГЕ КЕРЕК?

Жақында Астананың 15 жылдығына дайындық және оны өткiзу бойынша ұйымдастыру комитетi штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев бұл мерекенiң қалай өтетiнi туралы ақпарат таратты.
 
Сонымен Талғат мырзаның хабарлауынша, Астана күнi – айтулы мереке. Сонымен қатар халықаралық маңызы зор (?). Осыны ескерiп тойлауға қатысушы елдердiң географиясы кеңейтiлген. Түркия, Ресей, Франция және Ұлыбритания сынды елiмiз үшiн аса маңызды (?) мемлекеттер арнайы бағдарламасын ұсынады.

Дәл осы елдердiң эстрада жұлдыздары ерекше мерекелiк көңiл-күй сыйлайды-мыс. Мәселен, “атақты әрi елге танымал композицияларымен өзiнiң ыстық лебiзiн әлемдiк эстрада жұлдызы Патрисия Каас бiлдiредi. Игорь Крутойдың қайталанбас музыкасы мен түрiк және әлем жұлдызы Тарканның әндерi Астана тұрғындары мен қонақтарын бейжай қалдырмайды”.

АСТАНА КҮНIН ДҮРКIРЕТIП ТОЙЛАУ, ҚЫРУАР ҚАРЖЫНЫ БОСҚА ШАШУ КIМГЕ КЕРЕК?

Жақында Астананың 15 жылдығына дайындық және оны өткiзу бойынша ұйымдастыру комитетi штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев бұл мерекенiң қалай өтетiнi туралы ақпарат таратты.
 
Сонымен Талғат мырзаның хабарлауынша, Астана күнi – айтулы мереке. Сонымен қатар халықаралық маңызы зор (?). Осыны ескерiп тойлауға қатысушы елдердiң географиясы кеңейтiлген. Түркия, Ресей, Франция және Ұлыбритания сынды елiмiз үшiн аса маңызды (?) мемлекеттер арнайы бағдарламасын ұсынады.

Дәл осы елдердiң эстрада жұлдыздары ерекше мерекелiк көңiл-күй сыйлайды-мыс. Мәселен, “атақты әрi елге танымал композицияларымен өзiнiң ыстық лебiзiн әлемдiк эстрада жұлдызы Патрисия Каас бiлдiредi. Игорь Крутойдың қайталанбас музыкасы мен түрiк және әлем жұлдызы Тарканның әндерi Астана тұрғындары мен қонақтарын бейжай қалдырмайды”.

Бiр ғана Игорь Крутойдың шығармашылық кешiне Ресей эстрадасының әншiлерi Валерия, Александр Серов, Лайма Вайкуле, Николай Басков, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова қатысады.
Хош делiк. Шетелден шақырылатын әншiлердi тiздiк. Ал олардың келiп-кетуiне, iшiп-жемiне, жү­рiп-тұруына кететiн шығындардан бөлек сыйақысы қанша? Бұл жағын Талғат мырза таратып айтпады. Десе де шамалап таразылап көр­дiк. Опа-далапқа жарнама жасау үшiн 1,5 миллион долларды қалтасына басатын Патрисия ханым қанша қазақтың несiбесiн қалтасына басып кетедi? Сыйақысы 800 мың доллар тұратын Таркан мырзаның ән кешi күнiн әупiрiмдеп көрiп жүрген қанша қазақтың қалтасын жұқартады? Астана әкiмiмен тамыр-таныстығы бар Игорь Крутой бастаған Ресей әншiлерiнiң әрбiрiнiң сыйақысы 20-30 мың доллардан кем түспейдi. Бұл шығын кiмдердiң аузынан жырылып алынады?

Мәселе шетел әншiлерiнiң сыйақысын санауда емес, бұл қаражаттың қайдан, кiмнiң есебiнен өтелуiнде. Сөз жоқ, бұл ақшаны Астана күнi мерекесiнiң үтiр-нүк­те­сiн өзi қоятын Иманғали Тасмағам­бетовтiң қалтасынан шықпайды, сiз бен бiздiң салығымыздан жиналатын ортақ қазынадан қарастырылады немесе кәсiпкер­лер­дiң мойнына жүктеледi. Қазақтың миллиондарын желге шашу кiмге, не үшiн қажет сонда?

Әрине, Астана – әр қазақтың мақтанышы. Бiрақ, қазынаның қаражаты ортайып қалғанын желеу етiп, мәселен, үкiмет балалардың жәр­демақысынан, әйелдердiң зейнетақысынан үнемдеп жатқан дәл қазiргi кезеңде миллиондарды бiр күндiк қызық үшiн шашудың қажетi бар ма? Оның үстiне президент Н.Назарбаев бастап, Б.Байбек қоштап үнемдеудiң озық үлгiсiн насихаттап жүргенде И.Тасмағамбе­товтiң дарқандығына жол болсын.

Мың адамның бiр күндiк қуанышынан, бiр адамның мың күндiк өмiрi артық. Осы уақытқа дейiн Астана күнiне арнап ән шырқаған Ресей мен Батыс жұлдыздарының мерейi бiр тасып қалғаны жасырын емес. Әрине, қолы ашық Қазақстанның қомақты қаржысын қанжығалау қалай қуаныш болмасын. Мәселен, Дима Билан, Тимати, Анита Цой, тағы басқаларды айтамыз. Басқасын тiзбегенде, Ресей­дiң “қара жұлдызы” Тиматидiң ең төменгi сыйақысы 15 мың доллар. Ал елiмiзде омыртқа ауруына шалдыққан балаларға шетелде жасалатын отаның құны, тиынына дейiн айтайық, 2 315 350 теңге. Ресей­дiң “қара жұлдызына” берiлген ақша бiр қарадомалағымыздың өмiрiн сақтап қалады. Бiрақ мұны ойлаған кiм бар?

Астана әкiмшiлiгi кеткен шығынды емес, түскен “пайданы” есептейтiн әдетi бар емес пе. Мәселен, өткен жылы қала күнiнде 20 миллион теңгеден астам қаражат түскенiн, бұл сырқат балалардың ем-домына жұмсалатынын мақтанышпен жеткiзiп жатты. Бұл пайдаңыз шығыныңыздың тесiгiн де жаппайтынын бесiктегi бала да бiледi емес пе? Осындайда сұрақ туады, жалпы, Батыс пен Ресейдiң әншiлерiнсiз қазақ сахнасының сәнi кiрмей ме сонда? Мұндай дарақы тойдан қазаққа не қайыр?

Сондай-ақ, кезiнде дәл осы мерекенiң мәртебесiн тәуелсiздiк күнiмен теңестiру жайы да сөз болған. Тәуелсiздiк пен Астана қаласының ара салмағын кiм өлшегенi белгiсiз бiзге. Бәлкiм, Астана күнi президент Назарбаевтың туған күнiмен бiр күнде болғанымен таразылаған шығар. Десек те, анығы сол, бұл екi мерекенi теңестiруге әсте келмейдi. Тiптi Астананың туған күнi президент Назарбаев­тың туған күнiмен бiр болса да. Өйткенi қазақтың тәуелсiздiгi қайда, бiр адамның туған күнi қайда?
Айтпақшы, соңғы кездеАстанада дәл осы мерекеге орай Елорданың атауын өзгертедi-мыс деген гу-гу әңгiме есiп жүр. Желдiң қайдан тұрғаны әзiрге белгiсiз, әрине. Бiрақ ел не дейдi, қандай пiкiр қосады деген болу керек, Астананы “Нұрсұлтан”, “Ақорда”, “Нұрорда” деп атауды ұсынып жатқандар бар көрiнедi. Жағымпаздар мен табан жалағыштардың күнi оңынан туып тұрған заман ғой. Оның үстiне билiктiң, билiк басындағылардың дегенi жүрiп тұрған кезде Астанаңыз Нұрсұлтан, немесе Назарбаев болып өзгерiп шыға келуi оп-оңай. Бiр кiсiнiң көңiлiн табу үшiн құрдай жорғалайтындар оған әзiр. Бiрақ ондай атаудың көпке бармай-ақ қайта өзгертiлетiнiн өткен тарихымыз сан рет көрсеттi, соны ұмытпайық. Ақмола, Целино­град, қайтадан Ақмола аталып, одан Астанаға ауыс­қан, сан құбылтқан қаланың атауын тағы түрленту тiптi ұят. Ал ұяттан безсе, өздерi бiлсiн!
 
Дилара ИСА,
Мадина Дүйсембаева,
Астана

"Жас Алаш" газеті

0 пікір